Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет272/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   282
Педагогика әдіснамасы
(методология педагогики) - педагогика теориясына 
лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы 
педагогикалық болмысты, өзгерісті түсіндіру. 
Гуманизм -
адам тұлғасын ең жоғары құндылық ретінде қабылдауға 
негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға 
бағытталған және тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.


345 
Кәсіби құзыреттілік
- тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқарудағы теориялық 
және практикалық даярлығының бірлігі. Маманның жұмыс мақсаттарына
талаптарына сай өзіндік шешім қабылдай алуы, күрделі мәселелер жағдайында тиімді 
жол таба алу іскерлігі, және іс-әрекет нәтижесін бағалауға даярлығы.
 
Мәдениет – 
қоғамның даму тарихының жеткен сатысын сипаттайтын және 
адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесі үдерісінде қалыптасатын материалдық және 
рухани құндылықтар жиынтығы.
 
Өзін-өзі тәрбиелеу
- өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша 
тұлғаның саналы іс-әрекеті, бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі 
қалыптастыруы. 
Педагогикалық парадигма
-нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, 
стандарт, модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер, 
әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі. 
Педагогикалық іс-әрекет
– педагогикалық үдерісте жас ұрпақты оқытып
тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық 
тұрғыдан өздерін таныта алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған 
кәсіби іс-
әрекет

Рефлексия
- адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай 
қабылдайтыны жайлы өзін бағалауы.
 
Эмпатия - 
мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін 
түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет