Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет108/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

үдерісінің екінші 
кезеңі 1980-1990 жылдар
педагогикалық зерттеулердің әдісна-малық 
мәселелерінің кеңею үдерісі ретінде оның түрлі бағыттарда да-муымен 
сипатталады. 


113 
Педагогиканың әдіснамалық дәстүрлер генезисін талдау, оның бүкіл 
кезеңде де екі бағыт бойынша дамып отырғанын көрсетеді, олар кейде біріне 
бірі қарама-қайшы болып та келген: 
философиялық-педагогикалық
(М.А. 
Данилов және т.б.) педагогикалық шынайылық-тың философиялық 
рефлексия түріне бағытталуы (тұжырымдамалық кеңістік пен уақыт, оқыту, 
тәрбиелеу және дамыту динамикасы; педа-гогиканың пәндік емес аймағында 
жатқан бұл үдерістердің интегралды негіздерін іздеу; әдіснамалық мәселені 
адамзат тұрмысының тұтас мазмұнында қарастыру және т.б.) және 
іс-
әрекеттік-педагогикалық
(В.В. Краевский) педагогика нысандарының мәндік 
құрамы мен ғы-лыми-танымдық, тәжірибелік және педагогикалық іс-әрекет 
байланыс-тарын ашу. 
Әдіснамалық талдаудың аталған түрлерін педагогикаға біріктіру үрдісі 
Н.Д. Никандров, В.С. Шубинский және басқа да авторлардың еңбегінде 
сипатталды, олар зерттеу нысанының онтологиясын жүйелі-лік тұғырмен 
және іс-әрекет теориясымен синтездеу жолымен алуға талпынды. Дәл осы 
әдіснамалық мақсат ХХ асырдың 90-жылдары педагогика үшін өзекті болып 
табылды. 
Үшінші кезеңде (ХХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басы)
педагогика ғылымы мен тәжірибесін дамыту үдерісін талдауда ғалым-дар 
әдіснамалық сипаттағы мәселелерге қайта көңіл бөле бастады. Бұл бірнеше 
себептерге байланысты: 
-
«жаңа педагогика», «тәуекел педагогикасы» және «жазалаусыз 
педагогика» қалыптасуының әдіснамалық негіздерін табу және мәнін ашу 
қажеттілігі; 
-
ғылыми ізденісте қолданылып жүрген ғылымда пайда болған жаңа 
тұғырлар, ұстанымдар мен әдістердің эвристикалық әлеуетін нақ-тылауға 
талпыну және ХХ ғасырдың соңында педагогикалық тәжі-рибеде пайда 
болған білім беру инновациясы барысында педагогика-лық шындықтың 
қайта құрылу жолдарын түсіндіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет