Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет118/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Сауалнама жүргізу
ма-териал жинауда 


128 
көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттел-ген мәселелер 
аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі.
Эмпирикалық танымда байқаудан бөлек 
экспериментті 
қол-данады. 
Эксперименттің мақсаты, пәні, анықталған шарттары, құрал-дары, әдістері 
және т.б. нақты болғанда ғана толыққанды ұйымдас-тырылады. 
Педагогикалық эксперименттің мақсаты - заңдылықтарды орнату, 
фактілерді табу. 
Педагогикалық эксперимент жүргізу күрделі және біршама
еңбектенуді талап етеді. Көбінесе экспериментті дайындау оны өткізуден 
күрделі рәсім.
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдісіне сондай-ақ, сұ-рақ–
жауап (сұхбат, тест); қызметтің нәтижесін зерттеу мен бағалау (тәуелсіз 
эксперт немесе құзырлы сот әдісі) және т. б. жатады. 
Педа-гогикалық 
консилиум әдісі.
Оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағ-дарлама арқылы 
және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау, 
қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулары себептерін табу 
немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге 
талқылауды қамтиды. 
Диагности-калық бақылау жұмыстары әдісі.
Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы 
мүмкін. 
Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері.
Тестілеу – бұл 
жеке тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданыла-тын 
стандартты әдіс. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатын кә-сіби 
психологтар мен педагогтар жасайды. Педагогикалық тестілеу – мақсатқа 
бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған 
тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті бағалауға
көмектеседі. Көптеген педагогикалық тесттер белгілі талаптарға сай лайықты 
құрастырылып, компьпютердің көмегі-мен тестілеудің нәтижесі шығарылды. 
Үлгерім тестісі, қарапайым бі-ліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін 
диагностикалау тестісі қолданы-лады. Қазіргі уақытта психометриялық 
тесттердің ішінен 
жобалау тестері
кеңінен таралған. Олар адамның 
әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін /қабылдау мен ұсынуда/ алғы 
шарттарға не-гізделген. Бұл тесттер өзінің сипаттаушылық түсінігін беру, 
өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі 
бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін бе-руді 
ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары /Роршах тесті/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет