Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Қазіргі білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке



Pdf көрінісі
бет12/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   282
1.3.Қазіргі білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке 
тұлғаға бағдарлануы.
Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән 
заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялық, әдіснамалық 
тұғырнамалары болады. Бұл жалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған 
даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде 
парадигма
деп аталады. Парадигма 
ұғымын ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін 
зерттеген американдық тарихшы Т.Кун болған. Оның пайымдауынша әр 
ғылымның дамуында мынандай кезеңдер бар: парадигманың орнығуына дейінгі 
кезең, парадигманың қалыптасуы, орнығуы; ғылым саласындағы дағдарыс, 
ғылыми революция парадигмалардың ауысуы. 
Заманның өзгеруіне байланысты парадигмалардың ауысып отыруы заңды 
құбылыс. Оны философиялық заңдар да дәлелдейді. Ал 
педагогикалық 
парадигма
дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, 


12 
өлшемдер, модель ретінде ұстанатын, қалыптасып қалған негізгі ғылыми 
жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі. Жаңа парадигмалар 
келешектегі ғылыми зерттеулердің бағыттарын анықтайды, оларға негіз болады. 
Мысалы, қазіргі отандық педагогикада мынандай парадигмалардың ауысуы 
байқалады: 
«білімді адам»
парадигмасының орнына 
«өмірге бейімделген, 
белсенді, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, 
ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам»
парадигмасына ауысуы айқын 
көрінеді. Яғни, бұрынғы көзқарастар бойынша адамға білім, білік, дағдылар 
жүйесін меңгерту жеткілікті деп есептелінген болса, қазір ол жеткіліксіз. Себебі 
адам тек дайын білімдерді меңгерген болса, бірақ оны шығармашылықпен 
практикада қолдана алмаса, өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейімделмеген болса, 
онда бұндай адам қоғам талабына жауап бере алмайды.
Сондықтан қазіргі білім беру саласында жаңа педагогикалық парадигма 
қалыптасуда. Білім беру жүйесі педагогикалық жаңашыл идеяларды енгізуге 
дайын, ашық салаға айналып келеді. Осыған байланысты білім беру 
парадигмасы 
да өзгереді: 
адамның еркіндігін шектейтін білім берудің 
қатаң жүйесінің
орнына 
өзінің қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкес 
жеке білім алу жолын (траекториясын) саналы түрде таңдай алатын адам
парадигмасы дүниеге келді. 
Білім беру саласындағы дағдарыстық жағдайлардан шығудың басты 
тетіктерінің бірі – педагогикалық парадигманың өзгеруін талап етіп отырған 
білім берудің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет