Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет217/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Құзыреттілік тәсілі
Құзыреттілік тәсілдің мақсаты дәстүрлі емес 
және типтік жағдаяттарда шешім қабылдау және іс-әрекет жасау, өз 
мақсатын анықтай алу дағдыларын меңгеру болып табылады. 
Жүйелі-әрекеттік тәсілі
. Жүйелі-әрекеттік тәсілі білім алу-шының 
оқу әрекеттерін өз бетінше ұйымдастыру негізінде құрылады, оларда 
әмбебап оқу әрекеттері жүйесін қалыптастыру мен дамыту мүмкіндігін 
қамтамасыз етеді. Ол өз бетімен оқу, өздігінен даму, өз-дік ұйымдастыру 
режимінде оқу үдерісін ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жүйелі-әрекеттік тәсіл курстың тарауларын жеке-жеке емес, өзара 
байланыста оқуды ұсынады.
Интегративтік тәсіл.
Білім алушыларды дамытуға арналған 
интегративтік тәсіл барысындағы оқыту үдерістерге әртүрлі құралдар мен 
бірнеше іс-әрекеттерді біріктіру қағидатына сай құрылады. Интегра-тивтік 
тәсілге көптеген белсенді қозғалыс түрлері жатады: сергіту сәт-тері, 
театрландырылған ойындар, қозғалыс үзілістері (кідіріс). Интег-ративтік 
оқыту тәсілі білім алушылардың сөздік қорын кеңейтуге, коммуникативтік 
біліктіліктерін дамытуға, эстетикалық талғамдарын дамытуға, көркемөнер 
туындыларын түсіну және бағалауға мүмкіндік береді. Аталған оқыту тәсілі 
психикалық процестерге әсер етіп қиын-дықтарды жоюға, оқу материалын 
тиімді, қолжетімді, жаңа деңгейде қабылдауға мүмкіндік береді. 
 Ойын арқылы оқыту. 
Оқыту әдісі ретінде ойын түрлерін қол-дану 
білім алушылардың танымдық қызығушылық белсенділігін арт-тыруға 


281 
мүмкіндік береді. Ойын түріндегі оқыту технологиясының басты 
элементтері: ойын алдында нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы 
белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарла-нады, оқыту іс-
әрекеттері ойын ережелеріне бағынады, оқу материал-дары ойын құралы 
болып табылады.Ұжымдық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған 
ойын тәсілдері арқылы білім алушылар басқа шағын топ мүшелерінің 
пікірін сыйлауды, соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай алуды, 
мақсатқа жету әдістерін анық-таудыүйренеді. 
Жобалау тәсілі
Оқу жобасы – білім алушылармен немесе білім 
алушылардың тобымен ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе 
практикалық сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталған оқу-та-нымдық 
іс-әрекеті. Проблемаларды кең тұрғыда шешу әрекетімен жә-не келісілген 
әдістерімен, жалпы ортақ мақсатының болуымен сипат-талады.
Жобалау әдісінің элементтерін қолдану арқылы білім алушылар алға 
қойған проблеманы шешудің өзіндік жолдарын іздеп табады. Жо-балау әдісі 
білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іске асы-рылады. Жобалау 
әдісін қолдану барысында білім алушылардың ұжымдық, топтық жобалар 
дайындау бойынша атқаратын іс-әрекет-терін ұйымдастыру ұсынылады. 
Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру сабақпен ғана шектелмейді, сабақтан 
тыс уақытта да бірлесіп жұмыс жасаулары қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет