Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Ақпараттық-коммуникациялық



Pdf көрінісі
бет218/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

 Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану құзы-
реттілігі базалық АКТ дағдылар негізінде құрылады және жұмысқа, қарым-
қатынасқа, бос уақытқа арналған технологияларды дұрыс шы-
ғармашылықпен қолданудан тұрады. Білім алушылар өздерінің АКТ 
бойынша дағдыларын білім алу үдерісіндегі барлық оқу пәндері ар-қылы 
дамытады, яғни ақпаратты табу, құру, мәліметтермен, идеялар-мен алмаса 
отырып, кең спектрлі жабдықтар мен қосымшаларды пай-далану арқылы 
бірлесіп қызмет жасау барысында өзінің жұмысын бағалайды және 
жетілдіреді.
Орта мектепте АКТ-ні БАҚ және мультимедиялық құралдарды 
пайдалануға қойылатын талаптар: дерекқордан және интернеттен ақпа-ратты 
іздеу, табу; сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпарат-тарды өңдеу 
және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын баға-лай алу; сандық, 
мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерек-қор-мен, оның ішінде 
гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графи-калық және басқа да 
қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; 
заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану 
мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы 
бейнелерді, 
дыбыстарды 
және 
мә-тіндерді 
мультимедиалық 
таныстырылымдар құру үшін біріктіру, бас-қа нұсқаларды зерделеуде, 
нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін 
толығымен пайдалану; электронды байланыс арқылы басқа білім 


282 
алушылармен және оқытушылармен ын-тымақтаса онлайн форумдарға, 
виртуалдық оқыту орталарына қаты-сып, қарым-қатынас жасау және ақпарат 
алмасу; интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету 
мақсатында қолдану; аяқталған жұмыс бойынша мектептің шеңберінде 
немесе одан тыс жерде мультимедиялық таныстырылым жасау. 
Кейс-стади
Кейс-стади - бұл нақты оқиға мен жағдаятты тал-дауға 
арналған іскерлік ойын. Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылар 
топтық сұрақ-жауап кезінде шығарылған мәселенің маңы-зын түсіндіріп, 
жағдайды бағалайды, оқиға немесе процеске талдау жасайды, өзіндік шешу 
жолдарын көрсетеді.
Кейс-стадиді қолдану
: жүйелі, корреляциялық, 
факторлық, статистикалық және тағы басқа талдау біліктіліктерін шыңдауға 
мүмкіндік береді; - білім алушылар-мен қосымша тапсырмалар жасау 
нұсқаларын жобалайды; «ми шабуы-лы» пікірталасын өткізу, ғылыми 
дауласу, негізгі және әр жақты ше-шім бойынша дебаттар дайындалып 
өткізіледі деп жобалайды. Кейс-стадиді қолдану барысында білім 
алушылардың дайын білімді мең-геруі емес оны өндіруге, яғни теориялық 
білімін практикалық міндет-терді шешуге қолдану дағдыларын дамыту және 
мұғаліммен білім алу-шылардың ынтымақтаса шығармашылықпен жұмыс 
жасауына басты назар аударылады. 
Дербес оқыту тәсілі
. Дербес оқу – оқу-тәрбие үдерісін дара-
ландыруға, білім алушылардың жеке ерекшелігін ескеріп оқыту мен 
тәрбиелеуге, өзіндік танымдық іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруға, 
өзіндік білімін көтеруге дайын болуы мен қажетсінуіне, білім алушы-лардың 
ұйымшылдығын, дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Кластер
− белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік болып сана-латын, 
бірнеше біртектес даналарды бір топқа графикалық түрде бірік-тіру. Ол оқу 
материалдарын жүйелеп, қорытуға ықпал ететін бейнені білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет