Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет55/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

4.3.
 
Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қа-рым-
қатынастың ерекшеліктері.
Мұғалімдер тәжірибесінде әр жастағы 
оқушылармен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Сонымен қатар 
мұғалімдердің өзімен бірге істейтін әр жастағы әріптестері, оқу-шылардың 
ата-аналары, ата-әжелері педагогтың коммуникативтік қабілеттеріне деген 
талапты күрделендіре түседі. Жас мұғалімдер үшін аталып отырған адамдар 
санатында әсіресе оқушылармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық-
педагогикалық негіздерін, қарым-қатынас қызметтерін және сан-алуан 
тәсілдерін жан-жақты меңгерудің маңызы зор.
Педагогикалық қарым-қатынастың тұлға дамуындағы маңыздылығын 
атай 
отырып, 
оның 
атқаратын 
қызметтеріне 
мынандай 
негізгі 
(функцияларына) тоқталып өтейік: 
1.
Қарым-қатынастың 
коммуникативті 
қызметі
арқылы
ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәр-биелеу, 
оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор.
2.
Қарым-қатынастың бел қызметі
арқылы оқушылардың өзара 
бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйым-дастыру, реттеу, басқару 
жүзеге асырылады. 


52 
3.
Қарым-қатынастың перцептивтік қызметі
арқылы оқу-
шылардыңпсихикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу 
мүмкін болады.
 
Қарастырылып отырған қарым-қатынас қызметтері нақты педа-
гогикалық іс-әрекетте өзара бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Мұғалім 
әр жастағы оқушылармен жұмыс жасауда педагогикалық қарым-қатынасқа 
қойылатын талаптар да өзгеріп отырады. Негізгі талаптардың бірі – 
педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтарының бірі болып табылатын 
оқушылардың 
жас ерекшлеліктеріне сай қарым-қатынас 
орната білу.
Мектеп оқушылары үш буынға бөлініп білім алатыны белгілі: 
бастауыш, орта (жеткіншек шақтағы оқушылар) және жоғары. Енді осы 
буындарға сәйкес педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктерін 
қарастырып көрейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет