Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскерліктерін өздігінен тәр-



Pdf көрінісі
бет71/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскерліктерін өздігінен тәр-
биелеуі.
Мұғалім өз іс-әрекеттерімен қатар оқушылардың да іс-әрекет-терін 
ұйымдастыратын тұлға. Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскер-лігінің мәні - 
оқушыларға жасататын іс-әрекеттердің олар үшін қан-шалықты маңызды 
екендігін түсіндіре алу, сол іс-әрекет түріне ынта-ландыра білу. Оқушыларды 


64 
ынталандыра білу үшін мұғалімнің өзінің ынтасы жоғары болуы керек. 
Ынтаны оятудан кейін сол іс-әрекет маз-мұнын қызықты етіп көрсете алу, 
күрделілгін бағалау, оқушылар үшін жақын арадағы даму аймағын аша білу 
маңызды. Сонымен қатар іс-әрекет нәтижесі бойынша кері байланыс жүргізу, 
барлық оқушыларды ортақ мақсатқа жұмылдыруға үйрену арнайы 
дайындықты қажет етеді. Бұл іскерлікті өздігінен дамыту үшін әріптестерінің 
өткізетін іс-шараларына қатысу, өткізуге көмектесу, тренингтер мен 
коучингтерге қатысу, оқушылардың арасында қызықты ойындар мен 
жарыстар, көр-мелер, дебаттар ұйымдастыру жоспарлап, соларды өткізу 
арқылы мұ-ғалім ұйымдастырушылық іскеріліктерін дамыта алады. 
5.3.
 
Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тәрбиелеу негізі.
Әр 
болашақ маманның кәсіби дамуында оның өзіндік ой-толғаныстары, өмірлік 
мақсаттарын болжай алуы сияқты сапалар маңызды рөл ат-қарады. Адамның 
«Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабыл-дайды?», «Мен өз 
қабілеттерімді толық аша алдым ба?» деген сұрақ-тарға жауап іздеуі 
рефлексиялық үдеріс болып табылады. 
Рефлексия
(лат. сөзінен аударғанда 
reflexio – өткенге сүйену, артқа көз жүгірту) – толғану, өзін-өзі байқау, өзін-
өзі тану, өзін-өзі бағалау. Сондықтан адамның өзін-өзі түсінуі, өзін 
басқалардың қалай қабылдайтыны жай-лы өзін талдап бағалауы 
рефлексия 
деп аталады.
Рефлексия - адамды, оның шеберлігін, ішкі қабілеттерін дамы-тудың 
маңызды шарттарының бірі. Рефлексияның мәні – адамның өзі-нің білімін, 
біліктілігін, қабілеттерін, қарым-қатынас дағдыларын анықтап, бағалай алуы. 
Әр болашақ маманның саналы түрде өзінің кәсіби маңызды қасиеттерін, 
білім, біліктерін қорытындылауы рефлек-сия нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Осының бәрі бір күндік іс-әрекет емес, оған көп уақыт, үздіксіз жүйелі 
ізденіс қажет. Сондықтан қазіргі таңда әр маманның кәсіби тұрғыдан өзін-өзі 
тануында рефлексиялық мәдениеттің қалыптасуы өзектене түсуде.
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан маман өзінің тұлғалық және 
кәсіби қасиеттерін шығармашылықпен өзгерте алады. Рефлексия өзіндік 
сана, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби 
мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық дағдылар адамның өзіндік 
басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (та-нымдық, білімдік, 
қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін 
арттыруға бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет