Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет97/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Теория к
өбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту 
мен қалыптастырудың жинақталған тә-жірибесін шығармашылықпен қайта 
құрумен 
байланысты. 
Осылайша, 
ол 
педагогикалық 
тәжірибені 
қорытындылап, жеке тұлғаның болашақ-та қалыптасуы мен дамуының 
жоспарын анықтайды. 
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, соны-мен 
қатар, ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы тү-рінде 
құралуының тетігі. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле 
алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне 
бағытталады. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – бол-мыстың 
практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең 
және күрделі.
Педагогикалық теория
дегеніміз-педагогикалық сан алуан құ-
былыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйе-сі.
Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек прак-тикаға 
ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-
ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педаго-гикалық теория мұғалімнің 
педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.
Тұлға теориясы. 
Адам – жер бетіндегі тірі ағзаның жоғары сатысы, 
қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. 
Демек, оның іс-әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған 


97 
қоғамдық-тарихи жағдайға да тәуелді. Осыған байла-нысты тәрбие беру 
мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдасты-рудың нақты мазмұны мен 
әдістерін белгілеу – тұлғаның қалыптасуындағы маңызды мәселе.
Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологияда басты категорияның 
бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың да-муы деп түсіндірсе, 
педагогтарадамның дамуына мақсатты түрде бас-шылық жасау деген 
теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі фактор-лардың әсерінен тұлғаның 
дамуы сапалық және сандық өзгеріске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның 
жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп 
қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне 
байланысты. Оның басты са-лалары мыналар: денесінің өсуі – бұлшық 
еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы 
дамиды. Психикалық дамуы – ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б.; әлеуметтік 
жағынан дамуы – адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну, 
әлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу т.б. 
Есте сақталған пәндер мен құбылыстар, тану барысында жүзеге асқан 
белгілі бір іс-әрекеттің бейнесі негізінде түсінік қалыптасады. Бұл құбылыс 
пәндер мен құбылыстардың жалпылама белгілерінің бөлінуі мен жүйеленуін 
білдіреді. 
Педагогикалық сөздіктерде: «Тұлғаға бағдарлану тұғыры – қа-зіргі 
педагогиканың 
теориялық-әдіснамалық 
негіздері, 
баланың 
дара, 
шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу» деп анықтама берілген. 
Тұлғаға бағдарлану тұғыры әлемдік деңгейдегі практикада қолданылып, 
тұлғаның рухани және зияткерлік сапаларының қалыптасуына бағытталады. 
Тұлғаға бағдар-лану тұғыры – баланың субъектілі тәжірибесіне, өмірлік жеке 
тәжі-рибесіне сүйену арқылы даралығын, шығармашылығын дамыту және 
тұлға ретінде өзін-өзі дамытуға жағдай жасауды білдіреді. Бүгінгі таңда 
педаго-гикада оқытудың түрлі үлгілері мен технологиялары жасалуда, олар-
дың әрқайсысы «тұлғаның дамуы», «оқыту тұғыры», «тұлғаға бағдар-лы
білім беру» ұғымдарын өздігінше түсіндіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет