Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет169/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

4.3.
 
Тәрбиенің түрлері.
Қазақстан
Республикасының Білім жә
-
не 
ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бе
-
кітілген 
«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» анықталған мақ
-
саттар мен 
міндеттерге қол жеткізу үшін тәрбие жұмысының басым 
сегіз
бағытын
ұсынады. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігін өлшеу
-
ші ретінде 
критерийлер ұсынылды.
Бірінші бағыт
– 
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, 
құқықтық тәрбие. 
Бұл бағыттың мақсаты: жаңа демократия
-
лық қоғамда 
өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасты
-
руға, тұлғаның саяси 
мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық 
мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік 
пен зорлық
-
зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Екінші бағыт 
– 
рухани-адамгершілік тәрбие. 
Бұл бағыттың мақ
-
саты: 
Қазақстандық 
қоғам 
өмірінің 
нормалары 
және 
дәстүрлерімен, 
жалпыадамзаттық құндылықтармен келісілген, тұлғаның рухани
-
адам
-
гершілік және этикалық ұстанымдарын, адамгершілік қасиеттерін жә
-
не
көзқарастарын қалыптастыру. 
Үшінші
бағыт 
– 
ұлттық тәрбие.
Бұл бағыттың мақсаты: тұлға
-
ны 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік 
тілге құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасын
-
дағы этностар мен 
этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәр
-
биелеу кеңістігін 
қалыптастыру. 
Төртінші бағыт - отбасы тәрбиесі.
Бұл бағыттың мақсаты:бала 
тұлғасын қалыптастыруда ата
-
аналарды оқыту, олардың рөлін кө
-
теру және 
психологиялық
-
педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру. 
Бесінші бағыт – еңбек, экономикалық және экологиялық тәр-бие.
Бұл 
бағыттың мақсаты: тұлғаның
еңбек дағдыларын, экономика
-
лық пікірі мен 
кәсіби өзін
-
өзі анықтауына саналы қарым
-
қатынасын қалыптастыру. 
Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; табиғатқа 
аялы қарым
-
қатынасын, оның байлығын еселеу ұмтылысын қалыптастыру; 
балалар мен жастарда экологиялық сауат
-
тылықтың «экологиялық 
санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қо
-
ғамның
экоэволюциясын 
қабылдау қабілетін дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуы 
үшін жағдай туғызу. 
Алтыншы бағыт -көпмәдениетті және көркем-эстетикалық 
тәрбие.
Бұл бағыттың мақсаты: білім беру ұйымдарының білім беру 
кеңістігін тұлғаның өзін
-
өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде 
құру

тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез
-
құлық дағдыла
-
рын 
қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық ны
-
сандарды 
қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту. 
Жетінші бағыт - зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет 
тәрбиесі. 
Бұл бағыттың мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкінді
-
гін, 
көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамта
-
масыз 


194 
ететін уәждемелік кеңістік құру; балалар мен жастардың тұлға
-
лық 
ұстанымдарын жандандыру, ақпаратпен жұмыс жасауда функцио
-
налдық 
дағдыларын, ақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық норма
-
лары мен 
құндылықты мақсаттарын қалыптастыру. 
Сегізінші бағыт - дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Бұл 
бағыттың мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психоло
-
гиялық 
денсаулық сақтау дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру, ден
-
саулыққа зиян 
келтіретін факторларды анықтау біліктілігі үшін кеңіс
-
тік орнату. 
Тұжырымдамада көрсетілген тәрбие бағыттары бойынша ғылы
-
ми 

зерттеу жұмыстары
ҚР, алыс және жақын шетел ғалымдары, еліміздегі
зерттеулер, ғылыми
еңбектерінде тәрбиенің негізгі
бағытттарын, тәрбие 
үдерісінің
өзіндік ұстанымдары мен тәрбиенің қоғамда атқара
-
тын қызметіне 
қарай, өзіндік ерекшеліктері жан
-
жақты зерттелген. Көптеген ғалымдардың 
еңбектерінде тәрбиені мәдениет тұрғысынан да қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет