Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


  Педагогика тарихындағы дидактикалық теориялардың дамуы



Pdf көрінісі
бет202/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

7.2. 
Педагогика тарихындағы дидактикалық теориялардың дамуы. 
Дидактиканың бірнеше ғасырлық бай тарихы бар және қазір де қарқынды 
даму үстінде, оның даму тарихы отандық және ғаламдық ғылым 
жетістіктерімен қатар
әлемдік көрнекті педагогтардың еңбек
-
терімен тығыз 
байланысты.
 
Педагогика ғылымының дамуы барысында дидактика білім беру мен 
оқытуға көңіл аудара бастайды. Әлемдік дидактиканың дамуына Иоганн 


244 
Фридрих Гербарт (1776
-
1841 жж.), И.Г. Песталоцци (1746
-182
7 жж.), А. 
Дистерверг (1790
-
1816 жж.), К.Д.Ушинский (1824
-
1870 жж.), Д.Дьюи (1859
-
1952 жж.), Г.Кершенштейнер (1854
-
1932 жж.), В.Лай (1862
-
1926 жж.) және 
т.б. үлкен еңбек сіңірді.
Швейцария педагогы 
И.Г. Песталоцци
бастауыш білім беру ди
-
дактикасының негізін қалаушы. Ол оқытудың мақсаты баланың ақыл
-
ойын 
белсенділікке бағыттау, танымдық қабілетін дамыту, логикалық ойлауын 
және түсінгенінің мәнін қысқаша айтып беруге дағдыландыру деп есептеді.
Белгілі неміс педагогы және философы 
И.Ф. Гербарт
(1776-1841
) Я.А. 
Коменскийден кейін дидактиканың тәрбиелей отырып оқытудың біртұтас 
теориясы ретінде теориялық негізін салып, педаго
-
гиканың бөлімі ретінде 
қарастырды. Бұл көзқарас көптеген отандық және шетелдік педагогтардың 
еңбектерінде көрініс тапты. И.Ф. Гербарттың дидактикаға қосқан басты үлесі 

оқытуды сатылау. Оның құрылымы: айқындық 
– 
ассоциация 
– 
жүйе 
әдіс. 
Оқу үдерісі елесте
-
туден ұғымға және ұғымнан теориялық білікке өтеді. Бұл 
құрылымда практика болмайды. Бұл формальдық деңгейлер оқытудың 
мазмұнына тәуелді емес, барлық пән үшін барлық сабақта оқу үдерісінің 
жүрісін анықтайды. Гербарттың ізбасарлары (В. Рейн, Т.Ц иллер, Ф. 
Дерпфельд) бұл теорияны оның біржақтылығынан және формальды
-
лығынан 
құтылуға ұмтылып

дамытып, жаңартты. 
XIX-
XX ғғ. аралығында дидактиканың дамуына 
П.Ф. Каптерев, С.Т. 
Шацкий, П.П. Блонский, А.К. Гастев, А.П. Пинкевич, М.М. Пистрак және 
т.б. үлес ққосты. Әсіресе КСРО кезінде отандық дидактикада П.Н. Груздев, 
М.А. Данилов, Ш.И. Ганелин, Е.Я. Голант, Л.В. Занков, Б.П. Есипов, М.Н. 
Скаткин
және т.б. табысты жұмыс істеді. Оқытудың ғылыми негіздемесін 
жасауға, дидактиканың нысаны мен пәнін анықтауға, педагогикалық 
ғылымдармен, сондай
-
ақ басқа ғылымдармен байланысын табуға, 
дидактикалық зерттеудің әдіснама
-
сын нақтылауға, оқыту әдістерін 
жетілдіруге
В.С. Ильин, В.И. Загвязинский, В.В. Краевский, И.Я. Лернер, 
М.М. Махмутов, П.И. Пидкасистый
және т.б. зор үлес қосты. Аталмыш 
ғалымдардың дидак
-
тикаға үлесі қазіргі уақыттағы педагогикада туындайтын 
өзекті мәсе
-
лелерді шешуде іргелі негіз болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет