Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігінің тәсілі



Pdf көрінісі
бет231/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

9.3.
Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігінің тәсілі. 
«Форма» ұғымына С.И.Ожегов «белгілі мазмұны бар бір нәр
-
сенің 
түрі, құрылымы, құбылысы, құрастырылымы, типі»,

деп анық
-
тама 
береді. Оқушылар мұғаліммен бірге танымдық әрекетте немесе қарым
-
қатынас кезінде тәртіптің мәдени формаларын игереді. 
Оқыту әдістері оқушылардың білім алудағы мақсаты, үлкен 
нәтижелерге жету жолдары болып табылады. Мұғалім нақты түрде 
жаттықтырушының
рөлін атқарады, ол өзінің жұмысын жақсы біледі және 
оқушыларды жақсы нәтижеге жеткізеді. 
Оқыту индукциялық пен дедукциялық әдістер арқылы құры
-
лады. 
Индукция 

ой тұжырымының жекеден жалпыга өтуін білдіреді. Оның үш 
түрі бар: индуктивтік қорыту; аналогия
(ұқсастыру); тәуелділік себебі туралы 
пайымдау. 
Дедуктивті пайымдаудың үш түрі бар: ақиқаттылығы дәлелді керек 
етпейтін 

аксиома, логикалық түжырым, қорытынды. Дедук
-
цияның үш түрі 
бар: жалпыдан жекеге өту, жалпыдан жалпыға өту, бірліктен жекеге және 
жалпыға өту. Дедукцияның ережелері түсінуге күрделі және қиын, 
сондықтан ол білім деңгейі жоғары, дайындығы бар оқушыларды оқытқанда 
пайдаланылады. Дедукция және индукция оқытудың басқа да құралдарымен 
қатар қолданылады. 
Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың фор
-
малары: сабақ, экскурсия, практикумдар мен семинарлар, оқушылар
-
дың оқу 


278 
үй жұмыстары, сынақтар, консультация, емтихан, факуль
-
татитвті сабақтар 
және т.б. Сыныптан тыс оқу жұмысының форма
-
лары: пәндік үйірмелер, 
ғылыми қоғам, олимпиадалар, байқаулар және т.б.
Мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ бо
-
лып қала 
береді. Жекелеген сабақ аясында түрлері, әдістері мен тәсіл
-
дері саралау 
және даралауға бағытталғандығы және әртүрлілігімен ерекшеленуі тиіс. 
Оқушыларды өзіндік танымдық әрекеттерге, пікірта
-
лас, диалогтерге 
тартудың алуан түрлері, түрлі шығармашылық тап
-
сырмалар, топтық жұмыс 
түрлері кеңінен таратылуы керек. Аталған жұмыс түрлері мен іс
-
әрекеттер 
түрлі практикумдарда, зерттеу сабақ
-
тарын жүргізуде және бейінді пәндерді 
оқу кезінде сыныпты шағын топтарға бөлу жағдайында зертханалық 
сабақтар өткізуде, семинар түріндегі жұмыстар 
Сабақтан тыс жұмыс түрлері мен әдістері арасында оқушылар
-
дың 
сабақтан тыс зерттеушілік жұмыс жүйесі, оқушыларды түрлі олимпиадаларға 
және конкурстарға қатысуға тарту, интеллектуалды марафон, сайыстар, 
мектептік ғылыми қоғамдар, кіші ғылым акаде
-
миясы, үйірмелер, түрлі 
факультативтер дарынды оқушыларды анық
-
тау және дамытуда кең 
мүмкіндіктерге ие. 
Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, оқыту құралдары
жүйесін 
ұйымдастырудың ең оңтайлы түрі 

кабинеттік жүйе. Бұл кабинеттері жүйеде 
арнайы бір пәннің барлық құралдары (немесе бі: мұғалім қол
-
данатын) тек 
бір кабинетте орналасуы тиіс қажет жағдайда басқа да орындар: 
лаборанттық, зертханалық, жөндеу} шеберханасы қосылады. Оқу 
кабинеттері теориялық білім мен жаттығулар (семинарлар, есеп шығару, 
бақылау жұмыстары, тәжірибелік сабақтар) өткізуге арнал
-
ған. Оқу 
зертханалық дәрісханаларда тәжірибе жұмыстары жүргізілуі нәтижесінде 
оқушыларда түрлі техникалық, кәсіптік, еңбек, зерттеу және басқа дағдылар 
қалыптасады. Кабинеттің жанында қосалқы бөл
-
мелер болуы керек. 
Зертханада тәжірибелер және басқа көрсетілімдер даярланады, көрнекі 
құралдар, үлестірмелі материал, зертханалық жұмыс құралдары сақталады. 
Кейде зертханаға басқа да бөлмелерді қосып, құралдар қоятын, жөндеу 
жұмысына қажет үстел, оқытушылар үшін үстелдер қояды. Бір бөлменің өзі
мұғалімдердің барлық жұмыс
-
тарына қажет болады, сабақтарға даярланатын 
уақыттың жалпы көле
-
мін азайтады. 
Тақырыптарға түрлі оқыту құралдары арналуы мүмкін: баспа 
құралдары, кинофильмдер және т.б. Көрсету жабдықтары мен баспа 
құралдары бір бірін алмастырмағанымен, түрлі дидактикалық мақсатта олар 
бірін бірі толықтыра алады. 
Көрнекі құралдар келесі қызметтерді атқарады: 1) мектептен тыс 
үдерістермен, құбылыстармен таныстыру; 2) объектінің қазіргі түрімен, 
тарихи дамуының сыртқы келбетімен таныстыру; 3) объектінің іс
-
әрекет 
ұстанымдары, құрылымы, оны басқару, техника кауіпсіздігі туралы 
көрнекілік келтіру; 4) үдеріс
немесе құбылыс сипаттамаларын өлшеу немесе 


279 
салыстыру туралы көрнекі бейнелеу; 5) қолдану, затты жобалау немесе 
дайындау кезендерін белгімен бейнелеу; 6)
ғылым тарихымен және оның 
даму болашағымен танысу. 
Көрнекі құралдар үш топқа бөлінеді: 1) көлемді құралдар
(аппараттар, 
коллекциялар, құралдар және т.б.); 2) баспа құралдары (суреттер, плакаттар, 
портреттер, сызбалар, кестелер және т.б.); 3) көрсетілетін материалдар, 
видеофильмдер, слайдтар және т.б.). 
Техникалық оқыту құралдары 

бұл мұғалімге оқушыларды оқу 
мағлұматтарымен қамтамасыз етуге, еске сақтауға, білімді түсінуге және 
қолдануға, оқыту нәтижелерін бақылауға алуға комектесетін қон
-
дырғылар. 
Оларда арнайы ақпаратпен қамтамасыз ететін бағдарла
-
малар құруға және 
сақтауға болады. ТОҚ
-
тың келесі түрлері
бар: ақ
-
параттық, 
бағдарламаландырылған, ТОҚ
оқыту, білімді қадағалау, жаттықтырушылар 
мен аралас құралдар түрлері. Оларға кинопроек
-
торлар, диапроекторлар, 
эпипроекторлар, графопроекторлар, бейнефильмдер, дидарлық кешендер, 
дербес компьютерлер және
компьютер жүйелері (сыныптар) жатады. Олар 
әрдайым жетілдіріліп отырады, мектептегі белгілі бір уақытта жаңа, ТОҚ
-
ты 
жалпы қолдануға арналған, сонымен қатар мамандандырылған: шет тілін 
үйренуге арналған лингафон кабинеттері, физика, математика және басқа 
пәндерді оқуға арналған кешендер тұрады. 
Қазіргі
заманғы дербес компьютерлер қосымша қондырғылар
-
мен 
жарақталып, мәтінді сызба, мультипликация, дыбыспен (сөз және музыка) 
үйлестіріп, жабдықтауды мультимедиа деп атайды. ТОҚ пай
-
даланбас бұрын 
оқушыларға оларды қалай қолдануын үйрету керек. Бұл жерде оқыту 
құралдары игеру пәнінің рөлін атқарады. 
Жаңа стандарттар құзыреттілік тәсіліне негізделген, соған сәй
-
кес оқу 
бағдарламаларының құрылымы өзгерді: міндетті меңгерілуі тиіс белгіленген 
оқу материалынан емес, күтілетін нәтижеге қарай әрекет жасалынады. Бұл 
білім алушының қабылдауы өзгергенін, яғни басым авторитарлықтан 
ынтымақтастық оқытуға көшуді білдіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет