Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет110/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Педагогикалық үдеріс ұғымының мәнін ашыңыз.

  2. Мұғалімнің іс-әрекет объектісі дегеніміз не?

  3. Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттеріне тоқталыңыз.

  4. Білім беру парадигмасы дегеніміз не?

  5. Педагогикалық үдерістің субъект-субъектілі қатынас ұғымының мәнін ашыңыз.

2-тақырып. ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫДАН НЕГІЗДЕЛУІ


2.1. Тәрбиенің мақсаты. Мақсат дегеніміз алға қойылған биік мұратқа ұмтылу, оны іске асыруға әрекет ету. Мақсат жас ұрпақтың болашағын алдын-ала ойластырып, оларды өмірге әзірлеу барысында жүргізілетін тәрбие жұмысының нәтижесінде, жеке басына тән сапа-лық қасиеттерінің дамуын қамтамасыз ету. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі қоғамның дамуына тәуелді.
Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің жал-пы мақсаты барлық азаматтардың бойында сапалық құндылықтардың, ал жеке мақсаты - жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Тәрбиенің мақсатына обьективті себептер ықпал етеді, олар: адамның физиоло-гиялық жетілуі мен психикалық дамуы, философия мен педагогика ғылымның жетістіктері, әлеуметтік ортаның қоғам мүддесіне қарай, үнемі өзгеріп отыруы. Қоғамның мәдени деңгейі тәрбие мақсатының жалпы бағытын анықтап, қоғамның нақты тарихи сипатына қарай өзгеріп отырады.
«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» тәрбиенің мақ-саты: ата-анасын қадірлеп, қастерлейтін, туған жерін, Отаны Қазақстанды сүйетін, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын меңгерген және ардақтайтын, толерантты, халықтар достығын, ел бірлігін сақтайтын, дені сау, жан дүниесі бай, еңбекке бейім, ана тілін және шетел тілдерін еркін менгерген, сапалы білім алған, құзыретті, дарынды, өзінің бола-шақ кәсібін таңдай алатын азамат тәрбиелеу.
Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның обьективті даму заңдылықтарына сүйену керек.
Тәрбиенің обьектісі - тұлға болса, ұстаз оларды дамыту үшін оларға тәрбие субьектісі ретінде қарап, олардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастырып, басшылық жасауы қажет. Тәрбиенің барлық түрі бір-тұтас педагогикалық үдеріс шеңберінде қарастырылады.
Тәрбиенің мақсаты - жастардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың жоғары адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу.
Осыған байланысты тәрбиенің қойылатын негізгі мақсаттары мынадай:
- жеке тұлғаның дүниеге ғылыми көзқарасын дұрыс қалып-тастыру;
- жеке тұлғаның даралық және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие мынадай кешенді міндет-терді шешуді алға қояды: дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жеке тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тәрізді әлеумет-тік қызметтерді өз мәнінде қабылдап, оларды пайдалана білуге даяр-лау, кәсіп таңдау; өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқу-шылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызу.
Тәрбие - педагогикалық үдерістің жетекші компоненті ретінде тәрбие мақсатын жүзеге асыру, оның құрамды бөліктерінің байланыс-тарын шешуді талап етеді. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін оның мазмұны, тәрбие әдістері мен құралдары, формалары бірімен-бірі тығыз байланыста қарастырылуы тиіс.
Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудыңөзара байланысы тәрбие үдерісінің мақсаттылығы нақты өмір талабына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін береді. Оны тәрбиешілер өз қалауымен анықтай ал-майды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның саяси-экономикалық, мәдени даму деңгейімен тығыз байланысты.
Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұл-ғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Тәрбие дегеніміз тұлғаның ал-дыңа мақсат қою арқылы іске асатын іс-әрекеті. Тұлғаның тәрбиелі-гінің іс-әрекет, қарым қатынасы, мінез-құлқы және тұлғаның өзіне де-ген қатынасы, яғни өзін-өзі бағалауы арқылы айқындауға болады. Іс-әрекет – тұлғаныңқызығушылығы, сезім-санасына, жауапкершілігіне-гізіндесыртқыортаменәсерлесуарқылыдамуүдерісі.
Қазіргі таңда тәрбиені мәдениет, қарым-қатынас, құндылық тұр-ғысынан қарастырады. Қазақ педагогикасының негізін қалаушы М.Жұмабаев тәрбиені екі тұрғыдан қарастырады – дене тәрбиесі және жан тәрбиесі.
В.С.Безрукова“Тәрбиедегеніміз- адамзат қоғамының өмір сү-руіне сай ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан, дәйекті түрде үздіксіз бері-летін мәдениет»,- деп тұжырым жасайды.
И.П.Подласый тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастыра келе, адамгершілік мәдениет, ақыл-ой мәдениеті, эстетикалық мәдениет, дене мәдениеті тұрғысынан жіктейді.
С.Әбенбаев “Тәрбие - халықтық ғасырлар бойы жинақтап, ірік-теп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым - қатынасын, өмірге көзқарасын жә-не соған сай мінез - құлқын қалыптастыру құралы”,- деп түсіндіреді.
Қазақстан Республикасы бүкіләлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат етуіне орай, қазіргі заман оқушыларын тәрбиелеу мақсаты із-гілікті, білікті, мәдениетті, өзіндік өмірлік ұстанымы бар, қарым-қаты-нас мәдениеті жетілген, өз өмірін құруға, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға бейім жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
Тәрбиенің мәдени құбылыс ретіндегі міндеттеріне мәдениетті кешенді түрде қалыптастыруды жүзеге асыру, жеке тұлғаның сапалық қасиетін арттыру болып табылады. Тәрбиенің мазмұнына бүкіл мәде-ниет жетістіктері қамтылады. Тәрбие мазмұны тәрбие міндеттерін толықтай жүзеге асыруды қарастырады.
Тәрбиенің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, өзіндік ерекше-ліктері болады. Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Адам қоғамнан тысқары өмір сүре алмайды. Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты, тәрбие-нің мақсаты толығып отырады. Тәрбиенің қоғамдық мәні жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қа-лыптасуына әсер ете отырып, рухани жағынан үнемі жетілу және баюуда көпсалалы үдеріс тұрғысынан қамтылады. Халықтар бойына білімге негізделген этникалық ізгіліктер мен өнерлерді дамытуды т.б. қамтиды. Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі ұрпақтан - ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез - құлық нормаларына қатысты білім, білік, дағдыларды беру, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қа-лыптастыру, баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру бо-лып табылады.
Тәрбие - біртұтас үдеріс. Тұлғаның кісілік қасиеттерін қалып-тастыру бірыңғай жағдайда, бір уақытта іске асырылады. Тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді.
Тәрбие - ұзақ, әрі күрделі үдеріс. Адам туып, есею барысында тәрбиенің ықпалында болады. Онан кейінгі уақытта өзін-өзі тәрбиелеу үдерісімен жетіледі. Тәрбие мақсатының нәтижесіне дереу қол жеткі-зуге болмайды. Мектепте әр оқу сатысындағы оқушылардың тәрбиелік деңгейіне талаптар қойылып, соған қол жеткізу көзделеді. Тәрбиеге іштей және сырттай ықпал жасалады.
Тәрбие - көпжақты үдеріс. Мектеп оқушыларын тұлға етіп тәр-биелеу, дамыту,қалыптастыру, оларды қоғамдық өмірге даярлау бар-лық қоғам азаматтарының міндеті. Қоғамның тәрбиелік әрекетін бі-рыңғай бағытта ұйымдастырып, оқушының тұлғалық қасиетін қалып-тастыруды жүзеге асыратын мектептегі ұстаздар ұжымы мен отбасы.
Тәрбие көп факторлы, екі жақты және белсенді үдеріс. Тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Тұқым қуалаушы-лық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуымен қалыптасуының не-гізгі обьективті факторлары болып табылады. Биологиялық фактор, тұ-қым қуалаушылық пен адамға тән қасиеттер: іс-әрекеттің кез-келген түріне бейімділігі жатады. Адамның биологиялық жетілуі мен өзгеру үдерісі оның мінез-құлқына әсер етеді.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуына сөйлеу, ойлау секілді адамға тән бейімділіктердің дамуы үшін қоғам мен орта қажет. Адамның мейілінше дамуына әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе, қазіргі уақыттағы экономиканың өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық және демографиялық үдерістер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмірінің ұзақтығындағы өзгерістер т.с.с. жатады.
Тәрбие - жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі. Ол білім беру орындарында жүргізіледі. Мектепте педагогикалық үдерісті сауатты ұйымдастырумен бірге, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін тиімді ұйымдастыру, жеке тұлға дамуының шарты болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет