Үздіксіз білім беру үдерісі. Білім шексіз, білім алу бір қысқа мерзімді үдеріс емес, керісінше, адам өмір бойы білімін жетілдіріп, танымын тереңдете беруі керек. Ақпараттық заманында білім тез-ақ ескіріп қалатыны айқын байқалуда. Осыған байланысты әр адам жинақтаған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Сондықтан қазіргі кезде «қосымша білім беру», «үздіксіз білім беру», «маманның кәсіби біліктілігін жетілдіру», «өз бетінше білім алу», «қашықтықтан білім беру» ұғымдары психологиялық-педагогикалық, әлеуметтанулық әдебиеттер мен мерзімді педагогикалық басылым-дарда өте жиі талқылануда.
Білім беруді гуманизациялау үдерісі. Білім беруді гуманиза-циялаудың басты идеясы – адам тұлғасының құндылығын жоғарлату, адам – барлық іс-әрекеттер өлшемі, адами фактордың сапасын жақсарту. Педагогикалық сөздікте гуманизм-адам тұл-ғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған және тұлғаның жан-жақты дамуын қарастыратын ілім ретінде түсіндіріледі. Гуманизм–адамның өмірлік ұстанымы, оның қағидалары адамның адами қасиеттерін сақтап, оны тек жағымды, жақсы ізгі істерге бағыттайды. Қазіргі жаһандану заманында білім беру саласының да жетекші идеясы, жоғарғы гуманистік мәні-тұлғаны ең жоғары құндылық ретінде қарастыруында. Сондықтан оқыту-тәрбиелеу үдерісін ізгілендіру мәселесіне басты назар аударылуы қажет
Білім берудегі дарындылықты дамыту идеялары. Әлемдік білім беру тәжірибесінде оқушылардың арасынан дарынды, талантты балалармен жұмыс істеу, олардың дамуына қолдау көрсету мәселелері ерекше назарға ие. Осындай оқушыларды оқытудың өзіндік тұжырымдамасы негізінде арнайы мекемелер жұмыс істейді. Қазақстанда дарынды балаларға арналған мектептер тәжірибесінде барлық балалар бірдей емес, бірақ әр баланың ерекше байқалатын дарыны болуы мүмкін. Сондықтан әр баланың шығармашылығын, дарындылығын одан әрі дамыту жолдары зерттелуде.