Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетке және өзі



бет203/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

13.3. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетке және өзі-нің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мотивациялық дайындығын қалыптастыру. Кеңтанымдыққызығушылықтыңкөрсеткіштеріқандай?
1) Кең танымдық қызығушылықтың айқындалған бір көрсеткіші – ізденушілік танымдық міндетті шешуге ұмтылу. Тіпті ол үшін қа-жетті білік болмағанның өзінде оқушылар оған тоқталып, өздерінің көңілін бөліп, ойланып, толғанып, шешімін табуға ынталанып, өзін бұл мәселені тез шеше алмағаны үшін кіналайды («Бұл қалай болды? Мен бұл туралы оқыған едім ғой»! Әлі ойланып көруге тура келеді!»);
2) Кеңтанымдыққызығушылыққаиеоқушыныңқызметүдерісітұлғалыққатынасынанбайқалды. Олкейбіроқушылардансабырлы-лығымен, екіншілерден – зейінділігімен, алүшіншілерден – абыржу-шылығыменерекшеленеді. Бұндайоқушылардыңбарлықәсерленуімынаныкөрсетеді: танымдықүдерісоларүшінбәрібіремес, ондааздаболсаөзбетіншеізденісжасалады (тезшешімінтабу, немесеұзақойлану);
3) Кеңтанымдыққызығушылыққаиежасөспірімдертаңдалғанаймақтабағдарламашегіненшығуғаұмтылады. Олардыңқызығушы-лығы «үлкенғылымға», қазіргізаманғығылымижаңалыққабағыт-талған. Оларқосымшаақпаратпендереккөздерініздейдіжәнеонытабады;
4) Олардыңкөпшілігініңдүниетанымыкең, көпоқидыжәнебосуақытыныңбірбөлігінкезкелгенөзініңсүйіктіпәнінеарнайды; олардыңкейбіріндеқызығушылықоныңикемінесәйкескеледі;
5) танымдықбелсенділік, білугеқұмарлығы – олардыңерекшеқасиеті. Оларсабақтабелсенді, сұрақтарқояды, қойылғанмәселеніталқылауғатезараласады, кейдеқызуталасады (немесеберкөзқа-растардысынайды, немесеөзініңкөзқарасыныңдұрыстығынсенімдітүрдедәлелдейді);
6) бұлтоптағыоқушылардыңарасындатаяз білімділерідеболады. Бұларөздерініңбілімінжетілдіруге, барыншакүрделібіліктердіигеругежеткіліктікүшжұмсамағандар. Бұлтопоқушы-ларыныңарасындаайырмашылық, барыншакеңбілімалуғаұмтылу-шылықпенбұлбілімдердіжеткіліктінегіздемеңгерумүмкіндігіара-сындақарама-қайшылықбайқалады.
Оқушының танымдық белсенділігі сыртқы және ішкі белсен-діліктерге бөлінеді. Сыртқы белсенділік оқушы бойынан байқалатын сыртқы көріністер. Ал ішкі белсенділік – оқушының ойлау қабілетімен тікелей байланысты.
Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралдары:

  1. Оқыту үдерісінде іс-әрекеттік тұрғыдан оқыту бағытын пайдалану қажет;

  2. Тұлғалық-бағдарлық бағыттың ұтымды идеялары;

  3. Оқытудағы ізденістік тұғыры;

  4. Оқытуда ақпараттық-коммуникативті технологиялардың мүмкіндіктерін толық пайдалану;

  5. Оқытудағы саралау;

  6. Ұжымдық-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру;

  7. Жаңашыл-педагогтар тәжірибесіндегі белсенді танымдық іс-әрекет идеясымен, технологиясымен танысу.

Оқушылардың оқу әрекетін белсендіретін әдістердің бірі ре-тінде зерттеушілік әдістің түрлері – белсенді еңбек, зертханалық, эвристикалық, экскурсия ұсынылды. Н.К.Крупская «Балаларды кіші топтан бастап, ересек топқа дейін оқытуда, әр сұраққа зерттеушілік әдісін қолданып, оқылатын тақырыпты бала барлық жағынан терең білуі керек»,- деп жазады. Мұндай пікірді П.П. Блонский, А.Г. Калашников, М.М.Пистрак тақолдады. Сонымен, 20-шы жылдары кеңестік педагогикада зерттеушілік әдіс берік орын алды.
Осы кезеңдегі кеңестік педагогикаға тән терминологиялық көпмәнділік түрлі анықтамалар, мысалы, зерттеушілік ізденіс, тәжіри-белік-зерттеушілік, белсенділік-зерттеушілік, зертханалық-зерттеуші-лік, зертханалық және т.б. орын алды. Терминдердің көптігі әдіс-тердің де алуан түрлілігін білдіреді.
Инновациялық іс-әрекет мәселесін түрлі тұғырлардан қарастыру 80-жылдардың соңында жүзеге асты. Ең алдымен оның мәні, өл-шемдері және тәжірибесі қарастырылды (В.И. Бондарь, В.А.Кан-Калик, Т.В.Кудрявцев, Ю.Н. Кулюткин, В.П.Пархоменко, Н.В.Кухарев, Я.С.Турбовской, Ф.Ш. Терегулов, Л.М. Фридман, Н.Р. Юсудбекова және т.б.). Оның түрлері анықталды:

  • өнертапқыштық тәжірибесі (білім алушылармен жұмыс істеудің формалары мен әдістерін біріктіру және толықтыру);

  • жаңашылдар тәжірибесі (педагогикалық еңбектің тиімділігін айтарлықтай арттыратын жаңа жұмыс түрлері мен әдістерін құру);

  • инновациялық тәжірибе ғылымдағы жаңа идеялар, жаңа мазмұн, жаңа формалар мен әдістер байланысын жүзеге асыру.

Инновациялық іс-әрекет – қазіргі мектептің даму жолы. Иннова-циялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық жағдай тудырған басқа білім беру саласынан белгілі бір стандарттың межесінен ауытқу мен балама жүйе енгізу шараларын атқарады. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзін-де пайдалану сияқты үдерістермен сипатталады.
Болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруды әр оқушыға қатысты дербес бағдарламамен жүзеге асыру қажет. Нақты мұғалімге, шығармашылықпен жұмыс істейтін инноватор мұғалімге жасаған дербес жеке бағдарламадан көпшілікке, педагогикалық ұжым-ға арналған бағдарламаны жасауға көшуге болады, яғни, жалқыдан жалпыға өту ұстанымын басшылыққа алған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет