Жобалау технологиясы мына талаптарға сай жүргізілуі тиіс:
берілген тапсырманың шығармашылық тұрғыдан қызықты болуы, жан-жақты ізденіс әрекетін талап етуі;
күтілетін нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық құндылығының жоғары болуы;
жоба (жеке, жұптық, топтық) міндетті түрде өзіндік орындалатын іс-әрекет болуы керек;
жобаның мазмұнының нәтижелерге жету кезеңдері бойынша құрылымдануы;
зерттеу әдістерінің қолданылуы: зерттеу проблемасын, мін-деттерін, болжамын анықтау, жинақталған мәліметтерді талдау, ста-тистикалық әдістерді қолдану;
жоба тапсырмасын орындауда пәнаралық байланыс негізінде білім интеграциясының болуы ;
орындалған жоба нәтижесінің қорытынды формасының мате-риалдық сипатта өткізілуі: бейнефильм, альбом, презентация,сайт, мақала, т.с.с.;
жобаның көпшілік алдында талқылануы, қорғалуы, құнды-лығының дәлелденуі.
Жобалау технологиясының оқушы үшін тиімділігі:
жоба мәселесін шешу барысында оқушы түрлі әдебиет көз-дерін өзі іздестіріп, өз білімін оқулықтан тыс материалдармен толық-тырады;
теориялық білімнің практикалық қолданысын іздестіруге машықтанады;
жұптық немесе топтық ізденіс жұмыс барысында комму-никативтік іскерліктерін дамытады;
мектеп жасынан ғылыми-ізденушілік іс-әрекет дағдыларын қалыптастырады;
сыни ойлау, жүйелі ойлау, логикалық ойлауын дамытады;
белгіленген мерзімге дейін жобаны орындау кезеңдеріне қажетті уақытты өздері белгілеп, тайм-менеджмент негіздерімен танысады.
Оқытудың ақпараттық және коммуникативтік техно-логиялары.Қазіргі ақпараттық қоғамда оқыту үдерісін ақпараттық-коммуниткативтік технологияларынсыз көз алдына елестету мүмкін емес. Интернет желісі пайда болғаннан бастап ақпараттық-коммуника-тивтік технологиялар тек оқыту құралы емес, сонымен қатар әлемдік масштабтағы қарым-қатынас алаңына айналып, олардың тұлға сана-сына, оның дүниетанымына және жалпы тәрбиесіне әсері ерекше сезі-ле бастады. Кез келген ақпараттың қолжетімділігі әр тұлғаның әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануына зор ықпал тигізуде.