Есте сақтау, жаттап алу, ажырату, қайта жаңғыртып айтып беру.
Төменгі
2
Түсіну
Өз сөзімен айтып беру, түйіндеу, ережелер мен анықтамаларды мысалдармен дәлелдей алу.
Орташа
3
Қолдану
Алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдана алу, мәселелерді шешуде ең оңтайлы тиімді жолдарды таңдай алу, таныс емес жағдайда білімдерді пайдалана алу.
Орташа
4
Талдау
(Анализ)
Зерттеу нысанын түрлі бөліктерге бөлу, әр бөліктің мән-мағынасын саналы түрде түсінуі, Терминдерді, сөздерді топтастыру,
Жоғарғы
5
Біріктіру
(Синтез)
Нәтижелерді шығармашылық тұрғыдан біріктіру. Тақырып құрылымы бойынша модель құрастыра білу, барлық білімдерді біріктіріп барлығын қамтитын бір тұжырым жасау.
Жоғарғы
6
Бағалау
Шешім қабылдай алу, түрлі пікірлердегі қарама-қайшылықтарды жою, өз пікірін қорғай алу, жүйелі тұжырым жасай алу.
Жоғарғы
Осы кестедегі көрсетілген таным деңгейлерін салыстыра оты-рып, жалпы білім беретін мектептеріндегі дәстүрлі қалыптасып қалған оқыту жүйесінің қаншалықты жетілдіруді қажет ететінін айқын бай-қауға болады. Орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы толығымен осы теориялардың тұжырымдамаларына негізделіп жаса-луда. Яғни, сабақты жоспарлауда мұғалім оқушыларға берілетін тап-сырмаларды Блум таксономиясының оқу мақсаттарына сай ойлас-тырып дайындауы қажет.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының көптегенстратегиялық тәсілдері бар және олар жылдан жылға көбею үстінде: «Білемін, білгім келеді, білдім», «INSERT (interaktiv notig system for reading and thinking)», «Синквейн», «Кластер», «Сенесіз бе?», «Зигзаг», «Рефлексиялық сұрақтарға жауап», «Жолақтағы белгілер (+,-,!, ?), «Паузамен оқу», «Сұхбат», «Эссе», «Джигсо (jigsaw-пазл)», «Аралас мәтіндер», «Берілген мәтін бойынша сұрақтар құрастырып өзара тек-серу», «Мұғалімнің жасырын қателері», «Жарнама», «Тақта алдын-дағы топтық жауап», «Тарау бойынша блиц-турнир», «Ассоциация», «Болжау», «Венн диаграммасы», «Балықшылар сайысы», т.б. көптеген стратегиялары бар. Тек әр мұғалім осы стратегияларды әр ситуацияда ұтымды пайдалана алуы оның жеке құзырында.