Таусоғарова А


Тақырыптары: Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы: шығу арналары, кезеңдері мен міндеттері



бет4/33
Дата21.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#109623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
annotation18047

Тақырыптары: Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы: шығу арналары, кезеңдері мен міндеттері.

  • Когнитивтік лингвистиканың міндеттері және басқа ғылым салаларымен байланысы.

  • Когнитивтік лингвистиканың қайнар көздері.

  • Когнитивтік лингвистиканың қалыптасу кезеңдері. Когнитивтік лингвистика адам санасы қалай ұйымдасқан, адам дүниені қалай таниды, әлем туралы мәліметтің қайсылары білім болып табылады, менталды кеңістік қалай жасалады деген сауалдарға жауап іздестіреді. Когнитивті ғылым термині 70 ж. ортасынан қолданыла бастады. Адамның ақпаратты меңгеру, пайдалану және жинақтау үдерістері механизмдерін зерттеуді міндет етіп өз алдына қойған.

Когнитивтік психологияның көзқарасы тұрғысынан адам ой-санасының ең маңызды қасиеті өмірдегі заттар мен құбылыстарды жіктеуі мен категориялауы болып табылады. 70 ж. адамның интеллектуалдық үдерістері (оны моделдеумен жасанды интеллект айналысады) адам ойының әмбебап заңдары ретінде қарастырылмауы керек, себебі көптеген интеллектуалдық мәселелр бұрыннан бар білімді тірек ету арқылы жүзеге асады. Мысалы, мәтінді түсіну, бейнелерді тану сияқты интеллектуалдық мәселелер бұрыннан бар білімге сүйенілмесе, шешілмейді. Білімді сақтау, таныту (ұсыну), өңдеу, компьютерлік бағдарламаларда қолдану когнитологияда қарастырылады. Сөйтіп, когнитология пәнаралық, сондай-ақ синтетикалық ғылым болып табылады. Ол адамның когнитивтік үдерістерін зерттеуде математика, философия, лингвистика, психология, информатика теорияларына сүйенеді.
Когнитивтік лингвистиканың қайнар көздері: 1) Когнитивтік ғылым –адам білімінің құрылымы мен қызметін зерттейді, ол жасанды интеллекттің инженерлік пәні нәтижесінде пайда болды. Адам миы мен компьютердің ұқсастығы ақпараттық қадамдық әдіспен өңдей алу қабілеттеріне байланысты анықталады. 2) Когнитивтік психология. Когнитивтік лингвистика когнитивтік психологиямен концептуалдық және когнитивтік моделдер туралы түсініктерді бөліседі. Себебі, тіл қызметі психологиялық механизмдерді тірек етеді. Тіл – адамның дүниемен қарым-қатынасы барысында жинаған білімі мен категориялық тәжірибесін жинақтап, сақатудағы басты желі. 3) Лингвистикалық семантика. Кейбір ғалымдар когнитивтік лингвистиканы семантикалық идеялардың табиғи дамуы ретінде қарастырады. Олар тілдік семантика категориясы астарынан ұғымдық категорияларды көреді, оларды адам танымы негізінде әлемді меңгеру, тану нәтижесі деп түсіндіреді. 4) Лингвистикалық типология мен этнолингвистика мәліметтері. Олар тіл құрылымындағы әмбебаптарды түсінуге мүмкіндік береді. 5) Нейролингвистика – тілді адам миының менталды қызметін тану негізі ретінде зерттейді. 6) Психолингвистика – жалпы адамзаттың тілді меңгеруі мен қолдануына байланысты мәселелерді зерттейді, әмбебап стратегияларды, тірек элементтерді қарастырады. Тілдік сана, тілдік тұлға, әлем бейнесі т.б. 7) Мәдениеттану – концептілердің пайда болуы мен қызметіндегі мәдениеттің рөлін анықтауға мүмкіндік береді. 8) Салыстырмалы тарихи тіл білімі сөз мағынасының дамуы туралы мәліметтер береді.
Әдебиеттер:

  1. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. –Уч.пособие. М., 2004.

  2. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов. – М., 1996.

  3. Оразалиева Э.Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Ғылыми монография. – Алматы: Ан Арыс, 2006.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет