«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша №1 жиынтық бағалау тапсырмалары
Тақырыбы: «Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты: 5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Бағалау критерийі:Білім алушы
Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын
анықтайды;
Шығармадан тілдік бейнелеу, сурет құралдарының
мағынасын ажыратады.
Ойлау дағдыларыныңҚолдану
деңгейі:
Орындау уақыты: 15-20 минут
1-тапсырма. «Қобыланды батыр» жырына байланысты кестені толтырыңыз.
Тапсырмалар
«Қобыланды батыр» жыры
Тақырыбы
Идеясы
Тақырыпқа сай қандай мақал-мәтел немесе нақыл сөз келтіре аласыз?
Өз көзқарасыңыз. Жырдан қандай тұжырым шығаруға болады?
2-тапсырма. Жырдан бейнелеу құралын анықтап, мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
Күнде киік аулайды,
Кездессе жауын жаулайды,
Жылқыда жатып Қобыланды,
Екпіні оттай қаулайды.
Сырты күміс ақ отау
Келістіріп түзеген,
Арттыруға сайланды.
3-тапсырма. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. Анықтаған тақырыбыңыз бен идеяңызды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңіз.
• Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, «Қобыланды батыр» жырының басты тақырыбы мен идеясы - ...».
• Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...».
• Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...».
• Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...».
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.
1
Жырдың тақырыбын анықтайды;
1
жырдың идеясын анықтайды;
1
жырдың тақырыбына байланысты мақал-мәтел не нақыл сөз жазады;
1
өз көзқарасын жазады.
1
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады.