Таза талант



Pdf көрінісі
Дата30.01.2017
өлшемі101,28 Kb.
#3021

ТАБИҒАТТЫҢ

 ӨЗІНДЕИ 

ТАЗА ТАЛАНТ 



Аса көрнекті жазушы С. Бегалиннің бір ғасырлық тойы Абыралыда дүркіреп өтті 

Тегінде қай опер саласында 

болмасын - МЕЙЛІ (ол күллі 

әлемді жанарына үйірген, жа-

ныңды әлдилеген қаламгер-

жазушы болсын, мейлі барша 

тіршіліктің үн-мақамын бойына 

сіңірген сезімтал сазгер бол-

сын, гупін табиғатқа басқа 

жандардан гөрі әлдеқайда 

жақынырақ тұрса керек.Сон-

дай тұла бойы тұмса табиғат-

тың өзінен туа қалғандай, таза 

да тәкәппар, тас бұлақтай 

мөлдір, емендей еңселі, ақ 

қайындай сындарлы, жан-

дүниесі күннің сәулесінен, 

айдың нұрынан нәр алғандай 

ғажайып тұлғалардың бірі -

жерлесіміз, аса корнекті жазу-

шы Сапарғали Бегалин. 

Әдебиет сардары Бегалиннің 

шығармашылық әлеміне тоқ-

талмастан бұрын, оның артын-

да қалдырған ең шоқтықты 

туындысы "Замана белестері" 

романын алдымен тілге тиек 

етеміз. Өйткепі, бұл роман 

Сапарғали Бегалинге де, бізге 

де ортақ - Қарқаралы туралы, 

бұл өлкенің елдік, ерлік 

шежіресі, әншілік, өнерпаздық 

дастүр-салты туралы шығарма. 

Сонымен бірге бұл роман жа-

зушының өзі туралы да кітап. 

Бегалиннің өз басынан өткен 

жайлардан құрылған бұл ғұ-

мырнаманың тарихи негізі 

1910 жыл мен 1928 жылдар 

аралығын қамтиды. Ал, нақ 

осы дәуір тек Қарқаралы 

емес, күллі қазақ тарихындағы 

өте бір шиеленісті де шытыр-

ман оқиғаларға толы қиын ке-

зең, соқтықпалы соқпақсыз 

жолдармен ерекшеленетін. 

Кітапта қазақ даласындағы 

алғашқы сауда орындарының 

бірі де бірегейі саналған 

Қоянды жәрмеңкесіне байла-

нысты тұтас бір тарауға орын 

берілген. Автордың өз атынан 

баяндалатын осы Қояндыға са-

парында оның алғашқы қазақ 

басылымдарының бірі "Айқап" 

журналына арнайы түрде жа-

зылғанын оқисыз. Кітапта ре-

волюциядан бұрынғы Қоянды 

жәрмеңкесінің әлеуметтік-эко-

номикалық ахуалы өмірге 

жаңа араласқан жас бозбала 

жігіт көзімен суреттеледі. 

Романның көп беттері авто-

номия тойының Қарқаралыда 

өтуі жайына арналған. Тарих-

тан мәлім, Қазақстанның авто-

номия алған тойы бүкіл ре-

спублика көлемінде тек 

Қарқаралыда өтті. "Арқаның 

асқар белесі Қарқаралы уезіне 

қараған елдің халқынан Семей 

губерниясына автономияға ар-

нап той өткізуге рұхсат сұрал-

ды", - деп жазған жазушы С. 

Бегалин. Осы тұңғыш тойға 

басшылық етуге губерния аты-

нан баратын уәкілдер той бас-

шылары болып белгіленеді. Гу-

берниялық атқару комитетінің 

мүшесі Жақсылық Төленов, 

атқару комитетінің хатшысы, 

кейіннен ұлы жазушы атанған 

Мұхтар Әуезов бастаған бір 

топ басшы азаматтар 

Қарқаралыға жол тартады. 

Осы арада айта кеткен жөн, 

Қарқаралыда тойды өткізуге 

келе жатқан Жаксылық 

Төленов Абыралының кедей 

табының шыққан аса сауатты, 

еті тірі ел басшыларының бірі 

болған. Романда автономия 

тойының дүрілдеп өткенін, 

оған Мұхтар Әуезов, Мұха-

метқали Тәтімов, Ғариф Му-

син қалай басшылық жа-

сағанын, онда атақты әнші-

өнерпаздар Жүнісбек, Ғаббас, 

Қалибек сынды өнер 

дүлдүлдерінің ғажайып өнер 

көрсеткенін сүйсіне оқимыз. 

Иә, С. Бегалин еліміздің не-

шеме ғасырлар бойы ауызша 

тараған әңгіме-жырларын, ше-

шендік толғамдарын жатқа 

білетін және оны қадала зерт-

теген энтограф әрі тарихшы 

Сапарғали Бегалин қазақ 

әдебиетінің поэзия, проза жан-

рларында шоқтықты шығарма-

лар тудырған белгілі суреткер. 

Ол өзінің ұзақ шығармашылық 

сапарында жиырманың үстінде 

поэма, оннан астам повесть, 

жүздеген әңгіме, тоғыз пьесса, 

бір роман, көптеген естеліктер, 

зерттеу мақалалар жазды. Са-

пекеңнің қаламынан туған Нұр-

кен Әбдіров туралы "Қанатты 

қазақ", Төлеген Тоқтаров тура-

лы "Алтай аңызы" поэмалары 

ерлік эпосқа толы. 

С. Бегалин елуге жуық 

өлендер текстіне ән жазған. 

Ол халық ақындары Иса, 

Шашубай, Төлеу, Доскей 

шығармаларын бастыртып, 

Тәттімбет, Әміре, Естай тұл-

ғаларын кейінгі ұрпаққа та-

нытуға көп еңбек сіңірді. Са-

пекеңнің есімін туған ел-жұр-

ты қадірлеп еске ұстауда. 

Оның есімі Абыралы ауданын-

дағы бір кеңшарға, бір мек-

тепке, Қайнардағы бір көшеге 

берілген. 

С. Бегалиннің бір ғасырлық 

тойына бір кездегі ол туған 

уезд орталығы Қарқаралыдан 

арнайы делегация шақырылып, 

осыған орай құрамымызда 

аудаңдық мәслихаттың хатшы-

сы Серік Торыбаев, аудандық 

- Сапарғали Бегалин қағаз-

дай таза, бұлақтай мөлдір жан 

еді... 

- Сапекең шын мәннісіндегі 

қаһарман, елін сүйген ержүрек 

азамат. Сталиндік репрессия 

кесірінен жазықсыз атылып 

кеткен ақиық ақын Ілияс 

Жансүгіровтың "Құлагер" поэ-

масын ол ақталған соң жер 

көкті іздеп таба алмай жүрдік. 

Әміре, бүгінгі қазақ бұлбұлы 

атанған Бибігүл Төлегенова, 

ерте сонген поэзия жұлдызы 

Төлеужан Ысмайлов, Медеу 

Сәрсекеев, Рымғали Нұрғалиев 

сынды атақты ақын-жазушы-

лар, ішкі істер әскерлерінің 

қазақтан шыққан бірінші гене-

рал-лейтенанты Шырақбек 

Қабылбаев, әскери гвардия 

полковнигі Төлеуғазы Жылты-

мәслихаттың депутаты, "Бүр-

кітті" шаруашылығы директо-

рының міндетін атқарушы 

Темірғали Райымбеков және 

осы жазбаның авторы бар де-

легация жерлес жазушымыз-

дың тойына аттандық. 

Жүз жылдық той мерекесі 

казанның жиырмасы күні бас-

талды. Тойға Алматы, Семей-

ден және осы облыстағы Абай, 

Аягөз сияқты көптеген аудан-

дардан, Қарағанды облысынан 

Қарқаралы, Қазыбек би аудан-

дарынан делегациялар келді. 

Осы тойға әдейі арнап Алма-

тыдан қазақ энциклопедиясы-

ның бас редакторы, атақты 

ғалым-профессор, өзі де 

қайнарлық Рымғали Нұрғали-

ев, профессор, әдебиет сын-

шысы Нығымет Ғабдуллин, 

Қазақстан Жазушылар ода-

ғының екінші хатшысы Ғаббас 

Қабышев, өзіміздің Қарқара-

лыдан қанаттанған белгілі 

ақынымыз Жаппар Өмірбеков, 

Қазақстанның халық әртісі 

Кәукен Кенжетаев және Сапе-

кеңнің екі баласының қатысуы 

мерекенің ажарын ашып, сал-

мағын арттыра түскендей бол-

ды. 

Той мерекесі Қайнар ауылы-

ның орталығында жазушыға 

арналған ескерткіш пен 

өлкетану мұражайын ашудан 

басталды. Бір атан айтарлық 

жай, жанадан ашылған мұра-

жай іші осы өлкенің тарихы 

мен табиғатын, елдігі мен 

ерлігін көзге елестететін экспо-

наттарға бай екен. 

Салтанатты жиналысты 

аудан әкімі Дүйсенбай 

Қошқарбеков ашты. Мұнан 

соң Алматыдан келген ақын-

жазушылар, ауыл азаматтары 

атақты жерлестері туралы 

жүрекжарды лебіздерін ат-

қарды. 

Солардың бір парасы 

төмендегідей: 

Сөйтсек, Сапекең ол поэманы 

жастығының ішіне 27 жыл 

сарғайтпай сақтап кетіпті. 

Әлдеқалай табыла қалса, өзі 

де "халық жауын" жақтаушы 

ретінде жазаланып кететінін 

біле тұра, осылай істеуі 

қандай азаматтық десеңізші! 

- Сапекенді кезінде қазақ 

әдебиетінің алыптары Мұхтар 

мен Сәбит, Ғабит пен Ғабиден 

ақылшы аға тұтып, алдынан 

кесіп өтпеген... 

Иә, Бегалин туралы 

айтылған лебіздер көл-көсір. 

Айтпақшы, жиналыс үстінде 

профессор Рымғали Нұрғалиев 

Бегалин тойын дүркіретіп 

өткізіп жатқан Абыралы ауда-

нының халқына туған перзенті 

ретінде рахметін айта келіп, 

осы үлкен мерекеде бір кешті 

өткізуге жарамаған Семей 

қаласы әкімдері атына ащы 

сын айтты. Осыған орай, сол 

жиналыс үстінде Семей облы-

сы әкімі орынбасарының "Се-

мей де Сапекең тойынан құр 

қалмас, өкпемізді өршітпейік, 

ағайын" деген мағынада 

қолма-қол шығарып айтқан 

алты ауыз өлеңі, одан соң 

профессор екеуінің ежелгі 

қазақ дәстурімен төс қағысты-

рып, бір-бірін арқадан қаққаны 

да - білгірлік пен мә-

дениеттіліктің жарасымды 

көріністеріндей көрініп, ел-жұ 

ртты риза етті. 

Иә, Сапекең бақытты жазу-

шы. Оны көзі тірісінде елі 

сыйлап, АСПАНҒА көтерді, ол 

ескінің сарқытындай, алтын-

ның сынығындай зиялы ел 

ағаларының бірі еді. Сөйтсек 

те, әрбір тұлғалы суреткердің 

бақыты да, қайғысы да ел-жұ-

ртымен бірге екендігіне Сапе-

кең тағдыры айғақ... 

Иә, Сапекең туған жер Абы-

ралы өңірі елдігі мен ерлігі 

жарасқан өрісті өлке. Бұл 

өңірден әлемге әйгілі әнші 

ров, қазақтың тұңғыш демог-

раф-ғалымы Мақаш Тәтімов, 

тәуелсіз Қазақстан Республика-

сының тұңғыш сыртқы істер 

министрі Төлеутай Сүлейменов 

қанат қағып, биіктерге ұшкан. 

Әріден алсақ, Абыралы елінің 

пір тұтар әруақты бабасы Қаз 

дауысты Қазыбек, ұлы күйші 

Тәттімбет, одан бергідегі күре-

скер әнші-сазгер Мәди, дауыл-

паз ақын Қасым осы 

Қарқаралы, Қазыбек би, Абы-

ралы жұртына ортақ ұлы тұл 

ғалар. (Таяуда Абыралы 

ауданының әкімі Дүйсенбай 

Қошқарбеков, "Абыралы асула-

ры" атты кітап жазды. Бұл 

кітапқа Қарқаралыда қазір 

қызмет істеп жүрген бірқатар 

азаматтарымыздың есімі де 

кіріпті). 

Тәрізі 80 жылдығында болуы 

керек, Сапекең қоярда-қоймай 

жүріп, кіндік қаны тамған Де-

гелеңге барған екен. Сонда 

сан жылғы алапат атом жа-

рылыстарынан күл-талқаны 

шыққан Дегелең тауын көріп 

тұрып: "Е, жігіттер, мені Деге-

леңге неге әкелмей жүр де-

сем, себебі осы екен ғой, 

қайран таудан түк қалмапты 

ғой... Туған жерінен, арыстан 

жалды тауынан тірідей 

айырылған менен сорлы кім 

бар екен", - деп өзінен-өзі 

егілген екен. Әулие қарияның 

осынау жан тебіренісі күллі 

Абыралы азаматтарының 

қабырғасын қайыстырса ке-

рек... 

Салтанатты жиыннан соң 

Абыралы ауданы өнерпазда-

рының тамаша концертті күллі 

жұртшылықты тәнті етті. 

• * * 

Қасиетті жердің қадірлі аза-

маттары ел атына сай мәрттік 

көрсетті. 

Алыстан ат арытып келген 

қонақтардың әркайсына ат 

мінгізіп, шапан жапты. Тағы 

басқа да сый-сияпаттарын жа-

сады. Осы арада тойға барған 

қонақтардың да, басқа аудан 

делегаңияларының да, қар-

қаралылықтардың да қарап 

қалмағанын айта кеткен жөн. 

Салтанатты жиында Қарқа-

ралы атынан сөйлеген аудан-

дық мәслихаттың хатшысы 

Серік Торыбаев: 

- Қарқаралы мен Абыралы 

бірегей атаның бір ұрпағы, ба-

уырлас, қанттас, қабырғалас 

жұрт. Сапекең де біздің өз 

тумамыз, - дей келіп, 

қарқаралылықтар атынан жа-

зушының аты-жөні ойып 

түсірілген комплектіні және 

"Ақтайлақ" кәсіпорнының ди-

ректоры Б. Шахмерденовтың 

атынан 50 мың теңгені той 

шашуы деп табыс ететіндігін 

мәлімдеді. 

Ертеңінде кең жазыққа 

жағалай ақ жұмыртқадай киіз 

үйлер тігілген алқапта той 

қызығы әрі қарай жалғасты. 

Алуан түрлі ұлттық ойындар 

көрсетідді. 25 шақырымдық 

аламан бәйгеден біздің Бағдат 

Шахмерденов қосқан жүйірік 

көмбеге бірінші келіп, бас 

бәйгені жеңіп адды. 

Қазір "той көбейіп кетті" де-

ушілер де бар. Олардың 

уәждері де бір есептен өзінше 

қисынды шығар. Бірақ, қанша 

қиналып жүрсе де абыралы-

лықтар өздерінің әулиедей 

ақсақалы Сапекеңің 100 жыл-

дығын қалай атап өтпей отыра 

алады?! 

Осыған орай Бегалиннің 

тойы аңыз етіп айтарлықтай 

дәрежеде өтті. Осы тойдың 

басынан-аяғына дейін сонша-

лық жарасымды өтуіне бар 

күш-жігерлерін жұмсаған Абы-

ралы ауданының халқына, ел 

басыларына шын жүректен 

алғыс айтқымыз келеді. 

Ақыны мен абызын, жазушы 

мен жампозын көкке көтере 

білген ел мәртебесі биіктей 

бермек, әлбетте. Ең бастысы: 

ел рухының түспегенін, ел 

үмітінің түлегенін көріп 

қуандық. Халық ертеңгі 

жақсылық үшін бүгінгі күні 

өзінің асыл перзентін ардақтап 

жатса, бұған қалай 

қуанбассың. Өйткені, Са-

парғали Бегалин сынды ақиық 

жазушының, бүкіл әдеби мұра-

сы қазіргі де, ертеңгі де ұрпақ 

үшін игі қызмет етері ақиқат. 

Мақсым ОМАРБЕКҰЛЫ, 

"Қарқаралы" газетінің 

арнаулы тілшісі. 

Қарқаралы-Абыралы-

Қарқаралы. 

Қарқаралы.-1995.- 18 қараша 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет