Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің салмағы - 150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.
Негізгі қызметтері
Тазалау (депурациялық) және экскреторлық (сыртқа шығару): бүйрек қандағы барлық керек емес заттарды ағзадан бөліп шығарады. Бүйректің бұл қызметі зәр түзуге және оны концентрлеуге немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты.
Реттеуші – гомеостатикалық қызметі: бүйрек су мен иондардың концентрациясының, қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің, осмостық қысымның, артериалдық қысымның реттелуіне қатысады.
Метаболикалық.
Антитоксикалық.
Эндокриндік.
Несептің түзілуі
Бүйректегі жұмыс істеу алаңы 50 м2 дейін жетеді. Тәулігіне 180л-ге жуық сұйықтықты сүзгіден өткізіді. Сонымен, тәулігіне бүйректің эпителий түтікшелерінен 179 л Н2О , 1кг NaCL,500г NaHCO3, 250г глюкоза, 100г бос амин қышқылдары өтеді.Бүйрек ультра-сүзгілеу принципімен жұмыс істейді. Клиренсі 125мл/мин.
1. Бірінші реттік несеп, құрамы жөнінен плазмаға жақын , ақуызы жоқ, өйткені ақуыздар коллоидты-дисперсті жүйе болғандықтан, мембраналары өткізбейді.
2. Соңғы несеп немесе екінші реттік несеп. Бұл судың глюкозаның, АҚ,Na,Ca және т.б заттардың қанға қайта оралуы нәтижесінде концентрлеу арқылы түзіледі. Бұл процесс физиологиялық , биохимияық және эндокриндік жүйелер арқылы реттеледі.