ҚТӘ – 203 абдырахманова қалия сөйлеу процесі және сөЗ



Дата08.11.2022
өлшемі24,58 Kb.
#48664
Байланысты:
7. docx


ҚТӘ – 203 АБДЫРАХМАНОВА ҚАЛИЯ
СӨЙЛЕУ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ СӨЗ
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысықоғамдық әлеуметтік тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл аткарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жүртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ, адам сана-сезімінің, психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «Мүғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мүғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз.
Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонаңияны қабылдау сойлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонаңиясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келісупеушілік білдіреді. Адамға тон сейлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сейлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі — оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз — адамның сейлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А.С.Макаренко бұл жөнінде:
«Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек»,— дейді.
Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық шараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т. Б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т. Б.) бірлескен қызметін қажет етеді» дейді. Неміс ғалымы Верникс басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындағы самай бөлігінің арт жағында орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.
Сөзді қабылдау, оның мәнісіне тусінуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарыньң төбе, самай, желке беліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялык функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ бөлегі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мүның бірнеше түрі бар. Мәселен, бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынга соғады. Екінші бір түрінде адам өзі сөйлей алғанымен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан кұйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т.б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.
«Сөйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сейлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стено-графиялық жазу, эсперанто т. Б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз «ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-катынастық қызмет атқаратыны белгілі. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, құрбы-құрдастарымен пікірлескенде кісі басқа формада сөйлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, әзіл-қалжың, эмоциялы, иителлект (ақыл —- парасат) түрінде көрініп отырады. «Қарым-қатынас», «сөйлеу» ұғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы карастырады.
«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол, көбінесе, қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, педагогика т. Б.) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа (ауызекі — фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. Ал «сөз», сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдар, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді. Психология тіпті есі кіресілі-шыгасылы адамдардың да сөйлеу ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. Басқа ғылымдар сөйлесудің осы жақтарын қарастырып жатпайды, олар тіл ұғымын адамзат қоғамына ортақ құбылыс ретінде әр қырынан сөз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет