1.1 Кернеуi 6кВ өзiндiк қажеттiлiкке жұмсалатын жүктеменi есептеу
Жүктеменiң есебiн 1.1 кестесiнде жүргiземiз. Жүктеменi сұраныс коэффициентi бойынша есептеймiз.
Кесте 1.1
Есептік жүктеме
№
| Электр қабылдағыштар |
N
|
Рном
|
Кс
|
Pр
|
Qр
|
tgφ
|
cosφ
|
Sр,
|
1
|
Түтiн сорғыш
|
6
|
315
|
0,95
|
299
|
137,4
|
0,6
|
0,85
|
267
|
2
|
Үрлеу желдеткiшi
|
5
|
450
|
0.35
|
157,5
|
94,5
|
0,6
|
0,85
|
184
|
3
|
Диiрмен желдеткiшi
|
4
|
315
|
0.45
|
142
|
85,2
|
0,6
|
0,85
|
165,5
|
4
|
Шары бар диiрмен
|
6
|
500
|
0,95
|
475
|
285
|
0,6
|
0,85
|
554
|
5
|
Сiңiру сорабы
|
2
|
1000
|
0,95
|
950
|
570
|
0,6
|
0,85
|
1108
|
6
|
Конденсат сорабы
|
3
|
250
|
0,95
|
237,5
|
142,6
|
0,6
|
0,85
|
277
|
7
|
Су сорабы
|
1
|
250
|
0,85
|
212,5
|
127,5
|
0,6
|
0,85
|
248
|
8
|
Желiдегi сорап
|
3
|
630
|
0,95
|
598,5
|
359,1
|
0,6
|
0,85
|
698
|
9
|
Резервті қоздырғыш
|
1
|
660
|
0,7
|
462
|
277,2
|
0,6
|
0,85
|
248
|
|
Қорытынды
|
31
|
4370
|
|
|
|
|
|
4040,5
|
Электр қондырғылардың активті есептiк қуаты мына формула арқылы есептеледі, кВт:
Ррасч=Рном ·Кс . (1.1)
Электр қондырғылардың реактивті есептiк қуаты мына формула арқылы есептеледі, кВар:
Qрасч=Ррасч· tgφ. (1.2)
Толық есептiк қуат мына формула арқылы есептеледі, кВА:
Sрасч=√Q2расч+P2расч. (1.3)
Есептелiнген жүктемемен трансфоматор таңдаймыз. Жобамен есептiк жүктемеге қарап ТМ – 6300/10,5/6,3 трасформаторын таңдаймыз. Бұл трансформатор мына шартты қанағаттандыру керек.
Sном.тр ≥ Sесеп / 0,85 (1.4)
мұндағы 0,85 –трансформатордың жүктелу коэффициентi.
(1.4) формуласына сан мәндерін қойып есептесек.
Сонда:
6300 кА ≥ 4040,5 / 0,85;
6300 кА ≥ 4753,5 кА шарт қанағаттандырылады.
1.2 Кернеуi 6кВ желiсiнiң қысқаша тұйықталу
Қысқаша тұйықталу тоғының есептiк сызбасы мен алмастыру сызбалары төменде көрсетiлген.
а) б)
а)Есептiк сызба б) Алмастыру сызбасы
Сурет 1.1 Қысқаша тұйықталу тоғын есептеу
Қысқаша тұйықталу тоқтарын табу үшiн керектi берiлгендер:
Есептi салыстырмалы бiрлiкте жүргiзгендiктен;
Базистi қуат Sб = 100 МВт;
Базистi кернеу номинал кернеудiң ± 5% құрайды.
Трансформатор маркасы мен берiлгендерi: ТМ-6300
Uкз = 6,5 %, ВН = 10,5 кВ, НН = 6,3 кВ.
Реактордың маркасы мен берiлгендерi: РБА 10 – 1600 –0.25
Хнр = 0.25 % - реактордың реактив кедергiсi;
Iнр = 1600 А = 1.6 кА - реактордың номинал тоғы;
Uнр = 10 кВ – реактордың номинал кернеуi.
Базистi тоқты мына түрде табуға болады:
Iб1=Sб/√3∙Uвн; (1.5)
Iб2=Sб/√3·Uнн . (1.6)
(1.5) және (1.6) формуларына сан мәндерін қойып есептейміз:
Iб1 = 100 / √3 ∙ 10,5 = 5,5 кА;
Iб2 = 100 / √3 ∙ 6,3 = 9,16 кА.
Генератордың базистi кедергiсiн (1.1) формуласына қойып есептеймiз:
Хбг = 0,142 · 100 / 63 = 0,225.
Трансформатордың базистi кедергiсiн мына түрде анықтауға болады:
Хб.тр=Uкз/100∙(100 / Sнт). (1.7)
(1.7) формуласына сан мәндерін қойып есептейміз:
Хб.тр=6,5 / 100∙(100 / 6,3) = 1,03
Реактордың базистi кедергiсiн мына формула арқылы табуға болады :
Хб.р=Xр% · Iб2 · U н.р / 100 · I н.р· Uб (1.8)
мұндағы Хр℅ - реактордың реактивтiлiгi мына түрде анықталады;
Xр% = Хн.р · Iн.р · √3 / 10 · Uном. (1.9)
Сан мәндерiн (1.8) және (1.9) формулаларына қойып есептесек:
Xр% = 0,25 ∙ 1600 ∙ √3 / 10 ∙ 6,3 =11℅;
Xб.р = 11· 9,16 · 10,5 / 100 · 1,6 · 6,3 = 1,05.
Кабель желiсiнiң базистi кедергiсiн төменднгі формуласына қойып есептеймiз:
Хб.кж = Х0∙ L∙ Sб / U2б (1.10)
(1.10) формуласына сан мәндерін қойып есептейміз:
Xб.кж = 0,08 · 0,05 · 100 / 6,32 = 0,01
мұндағы Х0= 0,08 Ом/км – кабель желiсiнiң меншiктi кедергiсi;
L = 50 м –кабель желісінің ұзындығы.
Қысқаша тұйықталу нүктелерi үшiн қорытнды кедергiлерi.
К1 нүктесi үшiн қорытынды қосынды кедергi:
Хрез1 =Xбг = 0,225.
К2 нүктесiнiң қорытынды қосынды кедергiсi:
Xрез2=Xрез1+Xб.тр . (1.11)
(1.11) формуласына сан мәндерін қойып есептейміз:
Х рез2 = 0,225 + 1,03 = 1,255.
К3 нүктесiнiң қорытынды қосынды кедергiсi:
Хрез3=Xрез2+Xб.р . (1.12)
(1.12) формуласына сан мәндерән қойып есептейміз:
Хрез3 =1,255 + 1,05 = 22,3.
К4 нүктесiнiң қорытынды қосынды кедергiсi:
Хрез4=Хрез3+Хб.кж. (1.13)
(1.13) формуласына сан мәндерін қойып есептейміз:
Хрез4 = 2,3 + 0,01 = 2,31.
Әр нүктедегі қысқаша тұйықталу тоғын мына формула арқылы есептеймiз.
Iкз=Iбn/Хрезn (1.14)
(1.14) формуласына есептік сан мәндерін қойып қысқаша тұйықталу тоғын есептейміз:
К1 нүктесi үшiн: Iкз1 = 5,5 / 0,225 = 25,3 кА;
К2 нүктесi үшiн: Iкз2 = 9,16 / 1,255 = 7,3 кА;
К3 нүктесi үшiн: Iкз3 = 9,16 / 2,3 = 3,9 кА;
К4 нүктесi үшiн: Iкз4 = 9,16 / 2,31 = 4 кА.
Қысқаша тұйықталу тоғын есептеп болғаннан кейін әр нүктедегі соққы тоғын мына формуламен табамыз:
iу=Ку∙√2∙Iкз n (1.15)
мұндағы Ку-соғылу коэффиценті;
Ку=1,85 - 10,5 кВ кернеуі үшін;
Ку=1,8 - 6,3 кВ кернеуі үшін.
(1.15) формуласына сан мәндерін қойып есептейміз:
К1 нүктесі үшін: iу1 = 1,85 · √2 · 25,3 = 66,2 кА;
К2 нүктесі үшін: iу2 = 1,8 · √2 · 7,3 = 18,6 кА;
К3 нүктесі үшін: iу3 = 1,8 · √2 · 3,9 = 9,9 кА;
К4 нүктесі үшін: iу4 = 1,8 · √2 · 4 = 10,1 кА.
Қуаты ең үлкен қозғалтқышты қосқандағы қысқаша тұйықталу тоғын табу үшiн қозғалтқыштың қосқандағы тоғын табу керек. Ол келесі формуламен анықталады.
Iном Д = Pном∑ / √3 ∙ Uном · cosφ. (1.16)
(1.16) формуласына сан мәндерін қойып есептейміз:
Iном Д = 4370 /√3 · 6,3 · 0,85 = 471,1 А.
Қозғалтқыштағы қысқаша тұйықталу тоғының формуласы:
IкзД=IномД·· 0,9 / 0,2. (1.17)
(1.17) формуласына сан мәндерін қойып есептейміз:
Iкз Д = 0,4711 · 0,9 / 0,2 = 2,12 кА.
Қозғалтқыштың қысқаша тұйықталу тоғын қосқандағы қосынды қысқаша тұйықталу тоғының формуласы мына түрде болады:
Iкз∑Д=Iкз4+Iкз д. (1.18)
(1.18) формуласына сан мәндерін қойып есептейміз:
Iкз∑Д = 4 + 2,12 = 6,12 кА
Қозғалтқышты қосқандағы қосынды соғылу тоғының формуласы келесі түрде анықталады:
iуд=√2∙ ( Ку · Iкз5 + 4,5 · Iном д). (1.19)
(1.19) формуласына санмәндерін қойып есептейміз:
iуд = √2 · ( 1,8 · 4 + 4,5 · 0,4711) = 13,2 кА
Кернеуi 6 кВ есептелген қысқаша тұйықталу тоқтарымен соғылу тоқтарын 1.2 кестесiне енгiземiз.
Кесте 1.2
Қысқаша тұйықталу тоғын есептеу
Uном ,
кВ
|
Iб, кА
|
К1
|
К2
|
К3
|
К4
|
Iкз,
|
iу
|
Iкз
|
iу
|
Iкз
|
iу
|
Iкз
|
iу
|
10,5
|
5,5
|
25,3
|
66,2
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
6,3
|
9,16
|
-
|
-
|
7,3
|
18,6
|
3,9
|
9,9
|
4
|
10,1
|
1.3 Кернеуi 6кВ өзiндiк қажеттiлiкке кабель желiсiн таңдау
Кабельдердi жер астында, су астында жоғары әрi төмен кернеулi электр энергиясын тұтынушыларға беру үшiн қолданылады. Тоқ өткiзгiш талшықты кабельдер мыс пен алюминийден жасалады. Кабельдер 1, 2, 3 және 4 талшықты болады. Кабельдердi таңдау үшiн төмендегi шарттарды қарастыру керек .
Кабель желiсiн таңдау үшiн 6-кВ-тағы тұтынушылардың ең үлкен қуат бар тұтынушыныңқуатын алып номинал есептiк тоқты есептеу керек. Ол келесі формула бойынша есептеледі:
Iесеп=Рном/√3∙Uн ∙ соsφ. (1.20)
(1.20) формуласына сан мәндерін қойып есептейміз:
Iесеп = 1000 / √3 · 6,3 · 0,85 = 107,8 А.
Номинал есептiк тоқ бойынша ААШВ маркалы , қимасы S = 70 мм2, ұзақтық есептiк тоғы Iдл.доп = 135 А болатын кабель желiсiн таңдадық.
Таңдалған кабель желiсiн тексеру шартымен салыстырамыз:
Iдоп ≥ Iрасч ; (1.21)
Iдоп = k · Iдл.доп. (1.22)
(1.22) форуласына сан мәндерін қойып есептейміз:
Iдоп = 0,87 · 135 = 117,45 А.
(1.21) формуласына сан мәнін қойып шартты тексеретін болсақ:
117,45 А ≥ 107,8 А шарт қанағаттандырылады.
Кабель желiсiнiң қимасын қысқаша тұықталу тоғына термиялық ұстамдылығына тексеремiз:
S=α·Iкз∑Д · √tп , (1.23)
мұндағы α - кернеуi 10 кВ- қа дейiнгi кабель желiсiнiң термиялық коэффициентi , алюминий кабель желiсi үшiн α = 12.
t п – күштiк ажыратқыштың әсер ету уақытына байланысты, t=0,5с.
(1.23) формуласына сан мәндерін қойып есептесек мына түрде болады:
S = 12 · 6,12 · √0,5 = 52 мм.
Кабель желiсiн экономикалық қимасын есептеймiз.
qэ=Iесеп/Jý (1.24)
мұндағы Jý – нормальдалған экономикалық тоқ тығыздығы,
Jý= 1,2 А/мм2
(1.24) формуласына сан мәндерін қойып есептесек мына түрде болады:
qэ = 107,8 / 1,2 = 89,8 мм2
Сонымен қорыта келгенде бiз ААШВ (3 х 95) кабель желiсiн таңдадық.
Достарыңызбен бөлісу: |