Ньютонның үшінші заңы (әсер және қарсы әсер заңы). Материялық екі нүкте бір–біріне оларды қосатын түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған, модульдері тең күштерімен әсер етеді.
Екі планетаның өзара тартылу күштерін алсақ, олардың да бір біріне тең болып, бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталатынын көреміз. Мысалға Ай мен Жердің өзара тартылысын алайық (3.1-сурет).
3.1-сурет
Ай А-ны өзіне тартатын жердің күші мен Жер В–ны өзіне тартатын Айдың күші мынадай шартты қанағаттандырады:
.
Егер бір күшті әсер деп, ал екіншісін қарсы әсер деп атасақ, онда үшінші заңды басқаша былай да айтуға болады.
Әрбір әсерге тең және қарама-қарсы бағытталған қарсы әсер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |