«Техникалық механика» пәнінен Лекциялар жинағы Ақсукент 2021ж


МАШИНА ТОРАПТАРЫ МЕН БӨЛШЕКТЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ КОНСТРУКЦИЯСЫН ҚҰРУ



бет63/76
Дата31.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#22919
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
Байланысты:
«Техникалы механика» п нінен Лекциялар жина ы А сукент 2021ж

МАШИНА ТОРАПТАРЫ МЕН БӨЛШЕКТЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ КОНСТРУКЦИЯСЫН ҚҰРУ


  1. ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ КОНСТРУКЦИЯ НЕГІЗДЕРІ.

    1. МАШИНА БӨЛШЕКТЕРІНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Машина бөлшектерінің конструкциясын ойластырғанда, біз ең алдымен оларға қойылатын талаптарды біліп, одан кейін оларды сол талаптарға сәйкес жасауымыз керек. Ол талаптар мынадай:

1. Машина бөлшектері белгілі бip мөлшерде қондыру орнына сәйкес етіп жасалынуы қажет және сол машинаның жұмыс icтеу қабілетін қамтамасыз етуі керек.

2. Машина бөлшектері берік, қатаң, тозуға шыдамды, ыстық пен дірілге төзімді болуы және ұзақ уақыт сынбастан сенімді қызмет атқаруы қажет.

3. Машина бөлшектерін дайындау технологиясы оңай және арзан болуы керек. Дайындау технологиясын ойластырғанда бөлшектердің қажетті мөлшерін еске алу қажет. Егер бірнеше жүздеп, мыңдап жасалатын машина бөлшектерін штамповка арқылы дайындау арзанға түссе, аздаған (ондаған) бөлшектерді пicipy арқылы дайындаған арзанға түседі. Ал бөлшектердің саны одан да көбірек болса (жүздеген), онда оларды құйып дайындаған жөн.

4. Машина бөлшектерінің салмағы жеңіл болуы қажет. Әрине, бөлшектердің салмағы неғұрлым аз болса, машина соғұрлым жеңіл болады, сондықтан ең алдымен жолаушы машиналарының бөлшектеріне мұқият талап қойылады.

Машина бөлшектерінің салмағын жеңілдету үшін біріншіден, оларды жаңа материалдан жасай білу қажет. Мысалы, пластмассалардан және түсті жеңіл металдардың қоспасынан жасаған жөн. Екіншіден, болаттан жасалатын бөлшектерді қыздырып немесе химиялық тәсілмен өңдеу арқылы беріктігін (болатты шынықтыру арқылы, азоттау т. б.) арттыру қажет. Мұнда шыныққан болаттан жасалған тісті дөңгелектердің және болаттардың салмағы 2 - 2,5 есе кемиді.

5. Машина бөлшектері күтуге, майлауға және ауыстыруға икемді болуы шарт. Машина бөлшектерінің конструкциясы мен өлшемдері (оймалары, радиусы т. б.) мемлекеттік немесе халықаралық стандартқа сәйкес жасалуы қажет.



Сонымен қатар машина бөлшектері қауіпсіз жұмыс істеуі қажет, яғни айналмалы, жылжымалы бөлшектерді жабық етіп жасаған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет