4.6.ҚИҒАШ ЖӘНЕ ШЕВРОНДЫ ЦИЛИНДР TICTIБЕРІЛІСТЕРДІ ЕСЕПТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Техникада тік тістi цилиндр дөңгелектермен қатар қиғаш және шевронды тістi цилиндр дөңгелектер де жиі қолданылады.
Егер тic бағыты дөңгелектің өсімен белгілі бip бұрыш жасайтын болса, онда ол қисық тісті дөңгелектер деп аталады. Бұл дөңгелектерді әзірлеу үшін де тік тicтi цилиндрлі дөнгелектерді әзірлейтін құралдар қолданылады. Бірақ құрал белгілі бip бұрышына қарай бұрылады. Бұл дөңгелектердің нормаль бойынша көлденең қимасы тік тістің қимасымен бірдей
Қиғаш тicтi дөңгелек өлшемдері бұрышына байланысты өзгереді. Қисық тісті берілістерде екі түрлі модуль кездеседі: