1) Идеал тегіс жазықтық, бет немесе қисық. Олар 1.5 (а,б), 1.6 (а,б)-суреттерінде бейнеленген. Бірінші жуықтауда, үйкелісін елемеуге болатын тіреу рөліндегі В денесінің бетін идеал тегіс (жылтыр) бет дейміз. Мұндай идеал тегіс беттің немесе жазық-тықтың, сызықтың, нүктенің реакциясы , екі дененің түйіскен нүктесіндегі ортақ жанамаға нормаль бағытталады.
2) Иілгіш байланыс (жіп, арқан, шынжыр). Бұл түрдегі байланыстардың реакциялары байланыстардың бойымен олардың бекітіліген нүктесіне қарай бағытталады (1.7, 1.8- суреттер).