Технология изготовления съемных протезов с металлическим базисом



бет1/4
Дата20.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#69457
  1   2   3   4

Мақсаты:

  • Мақсаты:
  • 1. Алмалы-салмалы протез туралы ұғым.
  • 2. Металды базисті алмалы-салмалы протез ерекшеліктері.
  • 3. Дайындау кезеңдері.
  • Пластиналы алмалы салмалы протездердің базисі ауыз қуысының шырышты қабатының көп бөлігін алып жатады, сондықтан рецепторлық алаңның беткейі кішірейеді. Соның салдарынан протездің базисімен жабылған шырышты қабат қажетті сыртқы тітіркенгіштерден толықтай айырылады да, протезді қолдану барысында дәмді, температураны сезу рецепторларының қабылдауы бұзылады.

Протездің базисімен жабылмаған жердегі рецепторлардың белсенді қызметінің арқасында, бұзылыстар біртіндеп жойылады. Егер протез жылуды жақсы өткізетін материалдан жасалса, ыстық пен суықты қабылдауы біршама дәрежеде сақталады. Осындай материалдарға асыл және асыл емес металлдардың құймалары жатады.

  • Протездің базисімен жабылмаған жердегі рецепторлардың белсенді қызметінің арқасында, бұзылыстар біртіндеп жойылады. Егер протез жылуды жақсы өткізетін материалдан жасалса, ыстық пен суықты қабылдауы біршама дәрежеде сақталады. Осындай материалдарға асыл және асыл емес металлдардың құймалары жатады.

Базисті әрлеу үшін металдан жасалған торша

Металлдық базистерді мына жағдайларда қолдану тиімді:

  • 1) пластмассалық базисті қолданған кезде пайда болатын аллергиялық реакциялар кезінде;
  • 2) жоғары жақтағы пластиналы протез жиі сынса (бұл жағдай төменгі жақта табиғи тістер сақталып қалған жағдайда болады); пластмассадан жасалған протездің базисін мықты ету үшін арнайы металл торшаларымен әрлеуге болады; 3) температуралық және сипап-сезу сезімдері бұзылулары кезінде; 4) тіл үзбелерінің жоғары бекуі және клиникалық сауыт төмен болса; 5)дикцияның бұзылуы кезінде. Алмалы-салмалы протезде металлдық базис тістерден толық айырылған кезде ғана емес, жеке тұрған тіс қатарының ақауы кезінде де қолданылады.
  • Протездің металлдық базисі штамптау және құю әдістерімен жасалады. Суппле (1964) мәліметтері бойынша, алтыннан жасалған металлдық штампталған базис 1757 жылдан бастап қолданысқа ие болған. Технологияның жеткілікті дәрежеде дамымауынан кең таралмаған және вулканизацияланған каучук пайда болған соң дайындау тоқтатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет