Технология және биоресурстар факультеті


carpalis),  алдыңғы  жіліншік  майтабаны  (torus  metacarpeus)



Pdf көрінісі
бет10/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30

carpalis),  алдыңғы  жіліншік  майтабаны  (torus  metacarpeus)  және  тұяқ  майтабаны 
(torus  digitalis),  артқы  аяқта  –  тілерсек  майтабаны  (torus  tarseus),  артқы  жіліншік 
майтабаны  (torus  metatarseus)  және  тұяқ  майтабаны  (torus  digitalis)  болады.  Итте 
аталған  майтабандар  жақсы  жетілген.  Олар  башпай  майтабандары  деп  аталады. 
Жылқыда  –  тұяқ  майтабаны  жақсы  жетілген,  қалғандары  мүйізді  қалдық  ретінде 
сақталған.  Күйіс  қайтаратын  жануарлар  мен  шошқада  –  тұяқ  майтабаны  ғана 
жетілген.  
Тұяқ (ungula) – теріден дамыған аяқтардың мүйізделген ұшы. Тұяқ төрт бөліктен: 
тұяқ көбесінен, тұяқ жұлығынан, тұяқ қабырғасынан және тұяқ ұлтанынан тұрады. 
Тұяқ көбесі (limbus ungulae) – терінің мүйіз тұяққа бітетін шекарасындағы ені 0,5 
см түксіз аралық. Тұяқ көбесі де тері сияқты үш қабаттан: эпидермистендермадан және 
шел қабатынан тұрады. Тұяқ дермасының емізікше қабатының емізікшелері төмен қарай 
бағытталған.  Сондықтан,  оның  эпидермистен  өсетін  мүйізді  қабаты  төмен  қарай  өседі. 
Тұяқ  көбесі  эпидермисінен  мүйіз  тұяқтың  жылтырауық  жұқа  қабаты  –  жылтыр  мүйіз 
(глазурь) өсіп, мүйіз тұяқты сыртынан қаптап тұрады. 
Тұяқ жұлығы (corona ungulae) – тұяқ көбесінен төменірек орналасады. Ол мүйіз 
тұяқ  ішкі  бетінің  жоғарғы  жағындағы  жартысақинаша  ойыспен  жанасып  жатқан,  ені  1,5 
см тері бөлігі. Тұяқ жұлығы да тері сияқты үш қабаттан:  эпидермистендермадан және 
шел  қабатынан  құралған.  Дерманың  емізікше  қабатының  пішіні  түтік  тәрізді 
емізікшелері  де,  төмен  қарай  бағытталған.  Эпидермистен  түтікше  мүйіз  төмен  қарай 
бағытталып өседі де, мүйіз тұяқ қабырғасының негізін құрайды. 
Тұяқ қабырғасы (paries ungulae) – терінің тек екі қабатынан: эпидермистен және 
дермадан тұратын, тұяқ жұлығынан төмен тұяқ ұлтанына дейінгі тері бөлігі. Шел қабаты 
болмағандықтан,  тұяқ  қабырғасының  дермасы  тұяқ  сүйектің  сүйекқабымен  қосылып, 

байланысып кетеді. Тұяқ қабырғасының эпидермисінен  мүйіз тұяқтың  ішкі жағындағы 
жұмсақ жапырақша ақ мүйіз өсіп шығады. Бұл мүйіз тұяқтың ұлтаны жағынан тұяқтың 
ақ сызығы болып көрінеді. 
Тұяқ  ұлтаны  (solea  ungulae)  –  да  терінің  екі  қабатынан:  эпидермистен  және 
дермадан тұрады. Бұл бөліктің де дерма қабаты тұяқ сүйектің сүйекқабымен байланысып 
кеткен.  Эпидермисінен  мүйіз  тұяқ  ұлтанының  негізін  құрайтын  түтікше  мүйіз  өсіп 
шығады. 
Аяқтар  терісі  ұшындағы  мүйіз  тұяқты:  тұяқ  көбесінің,  тұяқ  жұлығының,  тұық 
қабырғасының,  тұяқ  ұлтанының  және  тұяқ  майтабанының  мүйізді  қабаттары  бірігіп 
құрайды.  
Мүйіз (cornu) – мүйізді жануарларға тән қатты тері ұшы. Ол маңдай сүйектің мүйіз 
өсіндісін  қаптап  жатқан  тері  бөлігі  эпидермисінен  өсіп  шығады.  Мүйіздің  тері  екі 
қабаттан:  эпидермистен  және  дермадан  тұрады.  Тері  дермасы  маңдай  сүйек  өсіндісі 
сүйекқабымен бірігіп кеткен. Мүйізден жылдық сақиналарды байқауға болады.
 
 
Бақылау сұрақтары
1. Тері туындыларының халық шаруашылығындағы маңызы. 
2. Тері түктері, олардың түрлері, бөліктері, құрылысы. 
3. Тері фолликулының құрылысы. 
4. Май және тер бездерінің құрылысы  және маңызы. 
5. Сүт безінің дамуы, құрылысы. Жануарлар түрлеріне байланысты желіннің түрлері. 
6. Майтабанның, тұяқ бөліктерінің және мүйіздің құрылысы.  
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 295 - 304 
беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№13 ДӘРІС. 
 
Тақырыбы: Ішкі мүшелер жүйелеріне кіріспе дәріс. 
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  ішкі  мүшелер  жүйелерінің  мүшелері 
құрылысының жалпы заңдылықтарымен таныстыру. 
Түйінді сөздер: түтікше мүшелер, кілегейлі, етті, сірлі қабықтар, адвентиция,бездер, 
дене қуыстар. 
Иллюстрация:  ішкі мүшелер таблицалары, слайдтар, атлас. 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
1. Ішкі мүшелер жүйелерінің жалпы сипаттамасы.  
2.  Түтікше  және  қомақты  паренхималы  ішкі  мүшелер  құрылысының  жалпы 
заңдылықтары. 
3. Дене қуыстары, сірлі қабықтар, сірлі қабықтар туындылары. 
4. Құрсақ қуысының бөлімдері мен аумақтары. 
Дәрістің мазмұны: 
1  -  сұрақ.
  Ішкі  мүшелер  жүйелерінің  құрылысын  зерттейтін  ілімді 
СПЛАНХНОЛОГИЯ (splanchnologia; грек. Splanchnos – ішкі мүше; logos – ілім; лат. 
viscera) деп атайды. Ішкі мүшелер жүйелеріне: азық қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық 
және аналық көбею мүшелер жүйелері жатады. Бұл жүйелердің ішкі мүшелер аталу себебі 
–  бұлар  негізінен  дененің  көкірек,  құрсақ  және  жамбас  қуыстарында  орналасып, 
организмді  қоршаған  сыртқы  ортамен  дененің  табиғи  тесіктері  (ауыз  саңлауы,  мұрын 
тесіктері,  артқы  тесік  –  анус,  жыныс  саңлауы,  үрпі)  арқылы  қатысады.  Ішкі  мүшелер  -  
жануарлар  организмі  мен  қоршаған  орта  арасында  үздіксіз  жүретін  зат  алмасуды 
(қоректену,  газ  алмасу,  зәр  бөлу)  және  организмнің  көбею  процесін  іс  жүзіне  асырады. 
Азық  қорыту  жүйесі  (apparatus  digestorius)  –  организмді  қоректік  заттар  және  сумен 
қамтамасыз  етіп,  азық  қалдықтарын  сыртқа  шығару;  тыныс  алу  аппараты  (apparatus 
respiratorius) – оттегпен қамтамасыз етіп, көмір қышқыл газын сыртқа шығару; зәр бөлу 
жүйесі  (organa  uropoetica)  –  зат  алмасу  нәтижесінде  түзілген  ыдырау  өнімдерін 
(протеиндік және азоттық алмасу өнімдерін, артық су, тұздар, дәрі-дәрмектер, улы заттар 
т.б.) зәр түрінде сыртқа шығару; аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері (organa 
genitalia masculina et feminina) – жануарлар ұрпақтарының сақталуы мен ұдайы көбеюін 
қамтамасыз ету қызметтерін атқарады. 
2  –  сұрақ. Ішкі  мүшелер жүйелері  – құрылысы әр түрлі, бірақ бір-бірімен тығыз 
байланыста  қызмет  атқаратын  екі  түрлі:  түтік  тәрізді  және  қомақты  (паренхималы) 
мүшелерден тұрады. Іші қуыс түтікше мүшелердің қабырғалары үш қабықтан: ішкі – 
кілегейлі  қабықтан,  ортаңғы  –  етті  (тыныс  алу  мүшелерінде  –  талшықты-шеміршекті) 
қабықтан  және  сыртқы  –  сірлі  қабықтан  (дене  қуыстарындағы  мүшелерде)  тұрады.  Ал 
дене  қуыстарынан  тыс  жатқан  мүшелердің  сыртқы  қабығы  –  дәнекер  ұлпалық  қабық  – 
адвентиция  (жұтқыншақ,  өңештің  мойын  бөлігі,  көмекей,  кеңірдектің  мойын  бөлігі,  тік 
ішектің, қынаптың соңғы бөліктері, қуық мойны, несеп-жыныс кіреберісі). 
Кілегейлі  қабық  (tunica  mucosa)  –  түтікше  мүшелерде  құрылысы  жағынан  екі 
түрлі:  тері  типтес  және  ішек  типтес  болып  келеді.  Тері  типтес  кілегейлі  қабық  –  екі 
қабаттан:  ішкі  –  эпителий  қабатынан  және  оның  астындағы  өзіндік  тақташадан 
(борпылдақ дәнекер ұлпасы) тұрады. Мұндай кілегейлі қабық ауыз және мұрын қуыстары 
мүшелерінде болады. Түтікше мүшелердің көпшілігінде кілегейлі қабықтың екінші түрі  - 
ішек  типтес  кілегейлі  қабық  болады.  Кілегейлі  қабықтың  бұл  түрінде  төрт  қабат 
ажыратылады. Олар кілегейлі қабықтың ішкі бетінен сыртына қарай: 
1. Эпителий қабаты (stratum  epiteliale) – жабын ұлпасы ретінде табиғи тесіктер 
арқылы  сыртқы  ортамен  қатысатын  түтікше  мүшелер  қуысының  ішкі  бетін  астарлайды. 
Эпителий қабаты мүшелердің қызметіне сәйкес құрылысы жағынан әр түрлі болып келеді: 

қорғаныс қызметі басым мүшелерде – көпқабатты жалпақ немесе ауыспалы эпителий, ал зат 
алмасу процесі басым мүшелерде – бірқабатты эпителий. 
2.  Өзіндік  тақташа  (lamina  propria  mucosae)  –  эпителий  қабатының  астында 
орналасады, қан және лимфа тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. 
3. Етті тақташа (stratum muscularis) – бір немесе екі қабатта жатқан бәрыңғай ет 
ұлпасынан құралған. Бұл қабаттың жиырылу күшіне байланысты кілегейлі қабықта түрлі 
деңгейдегі қатпарлар болады. 
4.  Кілегейліасты  негіз  (tela  submucosa)  –  құрамында  ірі  қан  және  лимфа 
тамырлары  мен лимфа түйіншелері  және қабырғалық  (интрамуральды) жүйке тораптары 
болатын борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады.  
Етті қабық (tunica muscularis) – түтікше мүшелердің ортаңғы қабығы. Бұл қабық 
өз  кезегінде:  ішкі  –  сақинаша  қабаттан  және  сыртқы  –  ұзынша  (бойлама)  қабаттан 
тұрады. Қабық негізінен бірыңғай салалы ет ұлпасынан, тек мүшелердің дененің табиғи 
тесіктеріне жақын бөліктерінде  – ерікті жиырылатын көлденең жолақты ет ұлпасынан 
құралған.  Көмекейдің,  кеңірдектің,  бронхтардың  ортаңғы  қабығын  –  талшықты-
шеміршекті қабық құрайды.   
Сірлі қабық (tunica serosa) – дене қуыстарында орналасқан мүшелерді сыртынан 
қаптап тұрады. Ол екі  қабаттан:  ішкі  – борпылдақ дәнекер ұлпалық    сірліасты негізден 
(tela subserosa) және оның сыртындағы мезотелий қабатынан (mesotelium) тұрады. Дене 
қуыстарынан  тыс  жатқан  мүшелерде  сірлі  қабық  орнында  тек  борпылдақ  дәнекер 
ұлпасынан тұатын адвентиция қабығы (tunica adventitia) болады.   
Қомақты  (паренхималы)  мүшелер  –  ішкі  мүшелер  құрамында  жеке  мүшелер 
ретінде болады немесе түтікше мүшелердің қабырғаларында орналасады. Бұлар негізінен 
ішкі мүшелер жүйелеріндегі бездер. 
Без  (glandula)  -  өзінен  арнайы  бөлінді  бөлетін,  құрылысы  қомақты  паренхималы 
мүше  (ірі  жеке  бездер  немесе  қабырғалық  майда  бездер).  Бөлінділерін  (секреттерін
шығару өзектері арқылы сыртқы ортаға бөлетін бездерді экзокринді бездер, бөлінділерін 
(инкреттерін,  гормондарын)  организмнің  сұйық  ішкі  ортасына  (қанға,  лимфаға,  ұлпа 
сұйығына)  бөлетін  бездерді  эндокринді  бездер  деп  атайды.  Ал  организмге  керексіз 
сыртқы  ортаға  шығарылатын  ыдырау  өнімдері  (зәр,  тер)  экскрет  деп  аталады. 
Паренхималы  мүшелер  ретінде  бездер  бәір-бірімен  тығыз  байланыста  қызмет  атқаратын 
екі бөліктен: пваренхимадан және стромадан тұрады.  Паренхима (parenchyma) – бездің 
негізгі  қызметін  атқаратын  жұмысшы  бөлігі.  Көптеген  бездердің  паренхимасын  безді 
эпителий  ұлпасы,  ал  кейбір  эндокринді  бездердің  паренхимасын  –  жүйке  ұлпасы 
құрайды.  Строма  (stroma)  –  без  паренхимасы  бөліктерін  өзара  біріктіріп  
байланыстырып,  безді  біртұтас  ететін  мүшенің  дәнекер  ұлпалық  аралықтары  (тіректік 
арқаулары).  Стромамен  безді  қоректендіретін  қан  және  лимфа  тамырлары  мен  без 
жұмысын реттейтін жүйкелер өтеді.     
Бездер  –  құрылысына  байланысты:  біржасушалы  бездер  және  көпжасушалы 
бездер  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Біржасушалы  бездер  көбіне  төменгі  сатыдағы 
жануарларға тән. Үй жануарлары организмінде біржасушалы бездерден тек құты (бокал) 
тәрізді  бездер  кездеседі  (ішектердің,  тыныс  алу  жолдары  түтікше  мүшелерінің  ішкі 
эпителий қабатында: эндоэпителиальды бездер – кілегей бөледі).  
Көпжасушалы бездер – ірі жеке бездер немесе экстрамуральды бездер (түтікше 
мүшелер қабырғаларынан тыс жатады  – бауыр, ұйқы безі т.б.) және майда  қабырғалық 
бездер  немесе  интрамуральды  бездер  (түтікше  мүшелердің  кілегейлі  қабықтарында, 
эпителий  қабатының  астында  орналасады  –  экзоэпителиальды  бездер)  болып  бөлінеді. 
Ірі бездердің шығару өзектері (ірі сілекей бездері, бауыр, ұйқы безі т.б.) түтікше мүшелер 
қуыстарына ашылады. 
Құрылысына байланысты  бездер: қарапайым бездер  және күрделі бездер  болып 
бөлінеді.  Қарапайым  бездердің  шығару  өзектері  тарамдалмайды,  ал  күрделі  бездердің 
өзектері көптеген тарамдарға ажырайды. 

Бөлінді  бөлетін  соңғы  бөлімдерінің  пішіндеріне  байланысты  экзокринді  бездер: 
көпіршікше  (альвеолалы),  түтікше  және  көпіршікше-түтікше  бездер  болып  бөлінеді. 
Көпіршікше  бездерге:  шықшыт  сілекей  безі,  түтікше  бездерге:  қарын,  жалпыішектік, 
жатыр бездері, көпіршікше-түтікше бездерге: төменгіжақ, тіласты сілекей бездері жатады.     
3 – сұрақ. Ішкі мүшелер негізінен сірлі қабықпен астарланған: көкірек қуысында 
(cavum  thoracis)  және  құрсақ  қуысында  (cavum  abdominis),  сондай-ақ,  сірлі  қабықпен 
жартылай астарланған жамбас қуысында (cavum pelvis) орналасады. 
Сірлі  қабықтар  –  дене  қуыстарының  ішкі  беттерін  астарлаумен  қатар,  дене 
қуыстарында жатқан ішкі мүшелерді сыртынан қаптап, дене қабырғасы мен ішкі мүшелер 
аралықтарындағы 
сірлі 
қуыстарды 
түзеді. 
Сірлі 
қуыстарға: 
плевральды, 
перикардиальды, перитонеальды және қынаптық сірлі қуыстар жатады.   
Көкірек  қуысы  ішкі  жағынан  көкрекіштік  шандырмен  (fascia  endothoracica) 
және  сірлі  қабық  –  плеврамен  (pleura)  астарланған.  Көкірек  қуысының  ішкі  бетін 
астарлайтын  плевраны  қабырғалық  немесе  париетальды  плевра,  ал  қуысындағы  ішкі 
мүшелерді сыртынан қаптап тұратын плевраны іштік немесе висцеральды плевра дейді. 
Париетальды плевра орналасу орындарына қарай: қабыртқалық плевра (pleura 
costalis)  және  диафрагмалық  плевра  (pleura  diaphragmatica)  болып  бөлінеді.  Оң  және 
сол қабыртқалық плевралар көкірек омыртқаларының төменгі бетінде бір-бірімен түйісіп, 
қосқабаттанып, көкірек омыртқаларынан төссүйекке қарай төмен бағытталады да, көкірек 
қуысының  ортасымен  өтіп,  орталық  пердені  (mediastinum)  құрайды.  Орталық  перде 
плеврасының  (pleura  mediastinalis)  жүрекқапты  (перикардты)  қаптаған  бөлігін 
перикардиальды  плевра  (pleura  pericardiaca),  ал  кеңірдек  пен  бронхтарды  сыртынан 
қаптап, оң және сол өкпеге өтіп, өкпелік плевраны (pleura pulmonalis) түзеді. Орталық 
перде, перикардиальды және өкпелік плевралар висцеральды плевраны құрайды.  
Париетальды  және  висцеральды  плевралар  арасындағы  саңлау  тәрізді  қуысты 
плевральды  қуыс  (cavum  pleurae)  деп  атайды.  Оң  және  сол  плевральды  қуыстарда  оң 
өкпе және сол өкпе орналасады. Бұл қуыстар бір-бірімен өзара қатыспайды. Плевральды 
қуыстарда,  сірлі  қабықтардың  ішкі  беттерін  сылап  тұратын  сірлі  сұйық  болады.  Бұл 
сұйықты мезотелиоциттер бөледі.   
Құрсақ  қуысы  мен  жамбас  қуысының  алдыңғы  бөлігінің  ішкі  бетін  астарлайтын 
сірлі  қабықты  ішперде  (peritoneum)  дейді.  Ішперде  де:  қабырғалық  немесе 
париетальды ішперде (peritoneum parietale) және іштік немесе висцеральды ішперде 
(peritoneum viscerale) болып бөлінеді. Бұлардың аралығында перитонеальды сірлі қуыс 
(cavum peritonei), ал оның ішінде сірлі сұйық болады.  
Сірлі  қабық  туындылары.  Париетальды  және  висцеральды  ішперде  бөліктері 
омыртқа  бағанының  төменгі  бетінде  тоғысып  қосқабаттанып,  құрсақ  қуысындағы  ішкі 
мүшелерге  өтеді  де,  оларды  сыртынан  қаптап,  мүшелер  аралықтарында  қайтадан 
қосқабаттанып,  мүшелерді  жалғастырып  байланыстыратын  сірлі  қабық  туындыларын 
құрайды. Қосқабаттанған сірлі қабықтар арасындағы борпылдақ дәнекер ұлпасымен ішкі 
мүшелерді  қоректендіретін  қан  және  лимфа  тамырлары  мен  жүйкелер  өтеді.  Сірлі 
қабықтар  туындыларына:  ішкі  мүшелердің  шажырқайлары  (mesenterium),  үлкен 
шарбы  (omentum  majus)  және  кіші  шарбы  (omentum  minus),  сірлі  байламдар 
(ligamentum), жамбас қуысындағы үңгілер (excavatio) жатады. 
Жамбас  қуысындағы  ішперде  жатыр,  қуық,  жыныс  мүшелерін  белгілі  қалыпта 
ұстап  тұратын  байламдар:  жалпақ  жатыр  байламы  (ligamentum  uteri  latum),  бүйірлік 
қуық  байламы  (ligamentum  vesicae  lateralis),  орталық  қуық  байламы  (ligamentum 
vesicae medianum) түзеді. 
Жамбас қуысындағы ішкі мүшелердің аралықтарындағы сірлі қабық үңгілерітік 
ішекмаңы шұңқыр (fossa pararectalis), тік ішек-жыныс үңгісі (excavatio rectogenitalis), 
қуық-жыныс үңгісі (excavatio vesicogenitalis), шат-қуық үңгісі (excavatio pubovesicflis). 

–  сұрақ.  Құрсақ  қуысындағы  мүшелердің  орналасу  орындарын 
(топографиясын)  дәл  анықтау  үшін,  оны  3  бөлімге  (алдыңғы,  ортаңғы  және  артқы 

бөлімдерге), 10 аумаққа бөледі. 
Құрсақ  қуысының  алдыңғы  бөлімі  (epigastrium)  3  аумақтан  тұрады:  оң 
қабыртқаастылық  аумақ  (rg.  hypochondrica  dextra),  сол  қабыртқаастылық  аумақ 
(rg. hypochondrica sinistra), семсерше шеміршек аумағы (rg. xyphoidea).  
Құрсақ қуысының ортаңғы бөлімі (mesogastrium) 4  аумақтан
 
тұрады: бел немесе 
бүйрек  аумағы  (rg.  lumbalis,  s.  renalis),  оң  бүйірлік  құрсақ  аумағы  (rg.  abdominis 
lateralis  dextra),  сол  бүйірлік  құрсақ  аумағы  (rg.  abdominis  lateralis  sinistra),  кіндік 
аумағы (rg.umbilicalis).   
Құрсақ  қуысының  артқы  бөлімі  (hypogastrium)  3  аумақтан  тұрады:  шат  аумағы 
(rg.  pubica),  оң  шап  аумағы  (rg.  inquialis  dextra),  сол  шап  аумағы  (rg.  inquialis 
sinistra)).
 
 
Бақылау сұрақтары
1. Ішкі мүшелер жүйелері, олардың жануарлар организміндегі маңызы.  
2. Түтікше мүшелер қабырғаларының қабықтары, олардың құрылысы. 
3. Кілегейлі қабықтар, олардың түрлері және құрылысы. 
4. Қомақты паренхималы мүшелердің құрылысы. 
5. Бездер, олардың мөлшеріне, құрылысына, орналасу орындарына байланысты түрлері.  
6. Дене қуыстары, олардың сірлі қабықтары. 
7. Сірлі қабықтар туындылары, сірлі қуыстар. 
8. Құрсақи қуысының бөлімдері мен аумақтары. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 305 - 312 
беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№14 ДӘРІС. 
 
Тақырыбы: Азық қорыту аппаратының морфологиясы. 
 
Дәрістің мақсаты: Студенттерді азық қорыту аппаратының бөлімдерімен, бас және 
алдыңғы  бөлімдері  мүшелерінің  құрылысымен  және  олардың  топографиясымен 
таныстыру. 
Түйінді сөздер: ауыз қуысы, ерін, ұрт, таңдай, тіл, сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, 
қарын. 
Иллюстрация:    бастың  көлденең  кесіндісі,  өңеш  пен  қарынның  таблицалары, 
слайдтар, атлас. 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
1. Азық қорыту аппаратының жалпы сипаттамасы, оның бөлімдері.  
2. Азық қорыту аппараты мүшелерінің дамуы (онтогенезі және филогенезі). 
3. Азық қорыту аппараты бас бөлімі мүшелерінің құрылысы. 
4. Азық қорыту аппараты алдыңғы бөлімі мүшелерінің құрылысы. 
Дәрістің мазмұны: 
1  -  сұрақ.  Азық  қорыту  аппараты
  (
apparatus  digestorius

–  азықты  қабылдау, 
оны  механикалық  өңдеуден  өткізу  (ұсақтау,  жібіту,  араластыру),  түтікше  мүшелер 
қуыстары  арқылы  жылжыту,  биологиялық  (микроорганизмдердің  көмегімен  өңдеу  – 
бактериялардың,  қарапайымдардың,  саңырауқұлақтардың)  және  химиялық  өңдеулерден 
өткізіп, қорытылған қоректік заттарды (күрделі органикалық полимерлерді ферменттердің 
көмегімен,  олардың  мономерлеріне  ыдырату:  амин  қышқылдары,  глицерин  және  май 
қышқылдары,  моносахаридтер  түрінде)  сіңіру,  азық  қалдығын  нәжіс  түрінде  сыртқа 
шығару  қызметтерін  атқаратын  ішкі  мүшелерден  тұрады.  Азық  қорыту  аппараты 
қоршаған  сыртқы  ортамен  жануарлар  денесіндегі  екі  табиғи  тесіктер  (кіреберіс  тесігі  – 
ауыз саңлауы, шығаберіс тесігі – аналь тесігі) арқылы қатысады. Бұл аппарат жүйелі түрде 
кезектесе орналасқан түтікше мүшелерден және олармен өзектер арқылы жалғасқан ірі ас 
қорыту  бездерінен  құралған.  Азық  қорыту  аппаратын  ауыз  саңлауынан  аналь  тесігіне 
дейін  созылатын  организмдегі  ұзын  түтік  тәрізді  мүшелер  жүйесі  ретінде  қарастырып, 
оқырман  қауымға  түсінікті  болу  мақсатында  онтогенездік  және  филогенездік  тұрғыдан 
төрт бөлімге бөледі. Олар: бас бөлім, алдыңғы бөлім, ортаңғы бөлім және артқы бөлім. 
1.  Азық  қорыту  аппаратының  бас  бөліміне:  ауыз  қуысының  мүшелері  мен 
жұтқыншақ жатады. Бұл мүшелер дененің бас аумағында орналасады, оларды біріктіріп, 
ауызжұтқыншақ деп атайды. 
 
  
2. Алдыңғы бөлімге - өңеш пен қарын жатады. 
3. Ортаңғы бөлімге – ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі 
ас қорыту бездері (бауыр, ұйқы безі) жатады. 
4. Артқы бөлімге – жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) жатады. 
2  –  сұрақ.  Онтогенез.  Эмбриондық  дамудың  бастапқы  кезеңінде  энтодермадан 
қалыптасқан  ішек  түтігінің  төменгі  қабырғасы  ұрықтың  сарыуыз  қапшығы  қуысымен 
тесік арқылы өзара қатысып, байланысып жатады. Ішек түтігінің осы тұсы, оның ортаңғы 
бөлімін құрайды. Ішек түтігі ортаңғы бөлімнен краниальды бағытта өсіп, алдыңғы ішек 
бөлімін, ал ішек түтігінің ортаңғы бөлімінен кейінгі ұшы каудальды бағытта өсіп, артқы 
ішек  бөлімін  түзеді.  Алдыңғы  ішек  бөлімінің  тұйықталған  ұшы  бастама  ауыз  қуысына 
жанасып,  одан  жұтқыншақ  жарғағы  арқылы  бөлініп  тұрады.  Ал  артқы  ішектің 
тұйықталған  ұшы  аналь  аумағы  эктодермасымен  бірігіп,  клоака  жарғағын  құрайды. 
Кейіннен бұл екі жарғақ тесіліп, ішек түтігі ауыз саңлауы мен аналь тесігі арқылы сыртқы 
ортамен қатысып жалғасады. Ауыз қуысы онтогенезде ұрықтың бас бөліміндегі маңдай 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет