Технология және биоресурстар факультеті


перилимфаға  толған  сүйектік  ұлуды,  оның    ішіндегі  үшбұрышты  жарғақтық  ұлу  (қуысында  эндолимфа



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

перилимфаға  толған  сүйектік  ұлуды,  оның    ішіндегі  үшбұрышты  жарғақтық  ұлу 
(қуысында  эндолимфа  болады)  екі  баспалдаққа:  кіреберістік  баспалдаққа  және 
дабылдық  баспалдаққа  бөледі.  Бұл  баспалдақтар  қуысындағы  перилимфа  сүйектік 
ұлудың төбесіндегі тар тесік – геликотрема арқылы қатысады. Кіреберістік баспалдақ – 
сопақ  тереземен  жанасатын  сүйектік  шытырман  қуысынан  басталады,  ал  дабылдық 
баспалдақ  –  дөңгелек  терезеге  барып  аяқталады.  Сүйектік  ұлудың  білігі  бойындағы 
иірілімді  сайда  рецепторлары  есту  тітіркенгіштері  әсерлерін  қабылдайтын  сезімтал 
нейроциттерінің  денелері  (перикариондары)  жинақталған  иірілімді  (спиральды) 
ганглий орналасады. Пішіні үшбұрышты жарғақтық ұлудың қабырғаларын: кіреберістік 
(вестибулалық  -  Рейснер)  жарғақ,  негіздік  (базальдық)  жарғақ  және  сүйектік  ұлу 
қабырғасының  ішкі  жағындағы  тамырлы  жолақ  құрайды.  Кіреберістік  жарғақ 
(жарғақтың  сыртында  эндолимфаға  толған  кіреберістік  баспалдақ  болады)  пен  негіздік 
жарғақтың  (жарғақтың  сыртында  эндолимфаға  толған  дабылдық  баспалдақ  болады) 
баспалдақтар  жағындағы  беттері  эндотелиймен  қапталған.  Негіздік  жарғақтың 
эндолимфа  жағындағы  ішкі  бетінде  есту  рецепторлы  аппараты  –  иірілімді  мүшесі 
(Корти мүшесі) орналасады. Иірілімді мүшенің негіздік жарғақпен жанасқан бетін сезгіш 
түкті  эпителиоциттер  (орналасу  орындарына  байланысты  ішкі  сезгіш  түкті 
эпителиоциттер  және  сыртқы  сезгіш  түкті  эпителиоциттер  болады,  олардың 
аралығында  бір-біріне  қисая  орналасып,  өзек  (тунель)  жасайтын  ішкі  бағанды 
жасушалар және сыртқы бағанды жасушалар болады, сезгіш түкті эпителиоциттердің 
төменгі  жағында  саусақша  эпителиоциттер,  иірілімді  мүшенің  шеткі  жағында 
шекаралық  эпителиоциттер  орналасады)  мен  тіректік  эпителиоциттер  құрайды. 
Аталмыш  эпителиоциттердің  жоғарғы  жағында,  эндолимфаға  толған  жарғақтық  өзектің 
ішінде  кіреберістік  ернеумен  жалғасып  бос  жатқан  іркілдек  жабынды  жарғақ 
орналасады.  Сыртқы  құлақтың  дабыл  жарғағынан,  ортаңғы  құлақтағы  есту  сүйекшелері, 
кіреберістік  баспалдақтағы  перилимфа,  дабылдық  жарғақтағы  перилимфа,  жарғақтық 
өзектегі  эндолимфа  тербелістері  нәтижесінде  енгіздік  жарғақта  орналасқан  сезгіш  түкті 
эпителиоциттер  түктері  мен  іркілдек  жабынды  жарғақ  жанасып,  нәтижесінде 
тітіркеніс  пайда  болады.  Тітіркеністі  денелері  иірілімді  ганглийде  топтасқан  сезімтал 
нейроциттер  дендриттері  қабылдап, олардың аксондарынан түзілген жүйке талшықтары 
есту-тепетеңдік  жүйкесі  (ми  жүйкелерінің  VIII-  жұбы)  құрамында  сопақша  ми  арқылы 
ми қыртысындағы есту талдағышының орталығына жеткізеді. 
Тепетеңдік талдағышы (ТТ)  – жануарлар денесінің кеңістіктегі  тепетеңдігін және 
жағдайларды  бағдарлау  қызметін  қамтамасыз  етеді.  ТТ-ның  рецепторлары  -  тепетеңдік 
мүшесі.  Тепетеңдік  мүшесі  бір-бірінің  пішінін  қайталайтын  сыртқы  –  сүйектік 
шытырманнан  және  ішкі  –  жарғақтық  шытырманнан  тұрады.  Жарғақтық 
шытырманды  сопақ  жарғақтық  қапшық,  дөңгелек  жарғақтық  қапшық  және  үш 
жартыдөңгелекше  жарғақтық  өзектер  құрайды.  Өзектердің  ампула  тәрізді  кеңейген 
ұштары  сопақ  қапшықпен  жалғасады.  ТТ-ның  рецепторлары  жарғақтық  қапшықтардың 
ішкі бетіндегі «дақ» (макула) деп аталатын дөңесінде және жарғақтық жартыдөңгелекше 
ампулаларының ішкі бетіндегі «қырша» деп аталатын  дөңестеу жерінде орналасады. ТТ 
эпителиосенсорлы  талдағышқа  жатады.  Рецепторлар  орналасқан  жарғақтық  қапшықтар 
мен  жартыдөңгелекше  ампулаларының  ішкі  бетіндегі  дақтар  мен  қыршалар 
тітіркеністерді  қабылдауғаарнайы  маманданған  эпителий  қабатымен  астарланған. 
Эпителий  қабатын  қызметі  әр  түрлі  сезгіш  түкті  эпителиоциттер  және  тіректік 
эпителиоциттер  құрайды.  Пішіні  призма  тәрізді  биік  келген  тіректік  эпителиоциттер 
негіздік жарғақпен жанасып жатады. Олардың апикальды ұшында микробүрлер болады. 

Сезгіш  түкті  эпителиоциттер  тіректік  эпителиоциттердің  аралықтарында,  негіздік 
жарғақтан жоғары орналасып, онымен жанаспайды. Сезгіш эпителиоциттердің базальды 
бөлігімен  денелері  вестибулалы  ганглийде  топтасқан  сезімтал  нейроциттер 
дендриттерінің  жүйке  ұштары  жанасады.  Жарғақтық  қапшықтар  дақтары  дөңестерін 
астарлайтын  эпителий  қабатының  апикальды  беті  желатин  тәрізді  іркілдек  эатпен 
қапталған. Іркілдек заттың жоғарғы жағында пішіні алтықырлы фосфорлы көмірқышқыл 
кальций  кристалдары  –  отолиттер  орналасады.  Желатин  тәрізді  іркілдек  затты 
кристалдарымен бірге отолиттік жарғақ деп атайды. Жарғақтық қапшықтар дақтарынғы 
рецепторлар  дененің  кеңістіктегі  сызықтық  қозғалыстарына  жауапты.  Жарғақтық 
жартыдөңгелекше  ампулаларының  ішкі  бетіндегі  қыршалар  дөңестерін  астарлайтын 
эпителий қабатының апикальды беті қалыңдығы 1 мм, пішіні күмбезге ұқсаған  желатин 
тәрізді  іркілдек  эатпен  қапталған.  Жарғақтық  жартыдөңгелекше  ампулаларының  ішкі 
бетіндегі  қыршалар  рецепторлары  бастың,  дененің  кеңістіктегі  бұрыштық 
қозғалыстарына  жауапты.  Вестибулалы  ганглий  нейроциттерінің  аксондарынан 
түзілген  жүйке  талшықтары  есту-тепетеңдік  жүйкесі  (ми  жүйкесінің  VIII-жұбы
құрамында  тітіркеністерді  көру  төмпегі  мен  мишықтағы  қыртысасты  орталықтарға 
жеткізеді.  Тепетеңдік  талдағышының  қыртыстық  орталығы  ми  қыртысының  самай 
аймағында орналасады.   
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Көру талдағышының бөлімдері. 
2. Көз алмасының құрылысы. 
3. Көздің көмекші мүшелері. 
4. Көздің қасаң қабығының және торлы қабығының құрылысы. 
5. Есту-тепетеңдік талдағышының бөлімдері. Құлақтың құрылысы. 
6. Есту талдағышының құрылысы. 
7. Тепетеңдік талдағышының құрылысы. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
 
 «Жануарлар  морфологиясы  және  латын терминологиясы»  оқулығы,  2005,  570  – 
583 беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР 
 
№1 зертханалық сабақ 
Тақырыбы:  Микроскоптың  құрылысы.  Гистологиялық  техника  негіздері. 
Гистологиялық құрылымдар (жасуша, бейжасушалық құрылымдар: симпласт, синцитий). 
Сабақтың  мақсаты:
 
Микроскоптың  құрылысымен  танысу  және  гистологиялық 
препараттар  дайындау  техникасын  үйрену.    Физика  және  биология  пәндерінен    бұрын 
өткен оптикалық приборлар  туралы  жалпы түсінікті еске түсіру. 
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.
 
Микроскоп, гистопрепараттар 
2.
 
Түрлі –түсті кестелер 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
1-препарат- Жасушаның құрылысы, кестеден  суретін альбомға салу. Жануарлар 
және  өсімдіктер  организмдерінің  ұлпалары  мен  жасушаларының  жай  көзге  көрінбейтін 
құрылымдарын  үлкейткіш  линзалардан   құрастырылған  қарапайым    аспаптың  (лупаның) 
көмегімен  көріп  байқау    XVII  ғасырда-ақ  (Стеллутти,  1625  ж)  басталған  болатын.  Бірақ, 
тірі  материяны  (өсімдік  қабығының  ұлпасын)  бірінші  рет  ағылшынның  өнертапқыш 
ғалымы,  физик  және  математик  Роберт  Гук  зерттеп,  өсімдік  қабығының  майда 
жасушалардан  (клеткалардан)  тұратындығын  көрді.  Қазіргі  кезде    гистологиялық 
нысандарды  микроскоппен  зерттеудің  бірнеше  әдістері  қолданылып  жүр.
 
Олар:     
1.Оптикалық микроскопия 
2.Фазалық контрасттық  микроскопия 
3.Ультракүлгіндік микроскопия 
4.Флуоресценттік (люминесценттік) микроскопия 
Микроскоптың құрылысы. Микроскоппен  жұмыс істеу ережелері 
Оптикалық  микроскоптың  тетіктері  үш  бөліктен:  оптикалық,  механикалық    және 
жарықты қабылдайтын  бөліктерден құралған.  
Гистологиялық техника туралы жалпы түсінік. 
Кесінділерді бояу тәртібі: 
1) Клетка ядросын гематоксилинмен бояу (3-5 мин). 
2) Бояуды сумен жуу. 
3) Клетка цитоплазмасын эозинмен бояу (3-5 мин). 
4)  Бояуды сумен  жуу. 
5) Бальзам  орнына боялған  кесдіге глицерин  тамшысын тамызу. 
6) Жапқыш  жұқа  шынымен  жабу. 
7) Микроскоппен қарап боялған  кесіндіні зерттеу.  
Бақылау сұрақтары: 
1. Оптикалық микроскоптың бөліктерін атап, олардың маңызына тоқталыңдар.  
2.  Гистологиялық  препаратты  дайындаудың  кезеңдеріне  тоқталып,  олардың    мазмұнын  
түсіндіріңіз 
3. Гистологиялық материалды  бекітудің мақсаты, осы мақсатта қолданылатын  бекіткіш 
заттар. 
4. Гистологиялық препараттарды дайындауда қолданылатын  бояулар, бояғыш заттардың 
түрлері.  Олар  ұлпалар  мен  жасушалардың    қандай  құрылымдарын    және  қай    түске 
бояйды? 
5. Гистологиялық препараттарды бояудың мақсаты қандай ? 
6. Гистологиялық құрылымдар: жасуша, симпласт, синцитий, жасушааралық зат. 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 3-48 б 
2.  Волкова  О.В.,Елецкий  Ю.К.  «Основы  гистологии  с  гистологической  техникой»  М., 
«Медицина», 1982, 5-17с 

№ 2 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Жасуша бөлінуінің түрлері. Митоз. 
Сабақтың  мақсаты:  Жасуша  бөлінуінің  түрлерін  еске  түсіру.  Клетка 
айналымының 
кезеңдері. 
Митоз 
фазаларындағы 
хроматиндердің 
өзгеруі, 
хромосомалардың  цитоплазмада  орналасуы.  Митоз  фазаларының  бір  -  бірінен 
құрылымдық айырмашылығы. Митоз фазаларының суретін альбомға салу.
  
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1. Микроскоп, гистопрепараттар 
2.Түрлі –түсті кестелер 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
2-препарат  –  Кариокинез.  Препаратты  микроскоптың  кіші  нысандығымен  шолу  жасап, 
таза әрі  жақсы боялған тұсын үлкен нысандықпен зерттеп, интерфазадағы клетканы таубу 
керек.  Интерфазадағы  жасуша  –  көлемі  жағынан  ірі  келеді.  Оның  көк  түске  боялған  
ядросында, клетка ядросына тән жасушаның барлық  тетіктері: ядро  қабықшасы, ядрошық, 
хроматин  түйіршіктері  және  ядро  сөлі    анық  көрінеді.  Интерфазадағы  клетканы  сурет 
дәптерге  салып,  жасуша  қабықшасы,  цитоплазмасы,  клетка  ядросы  –  деп  анықтап,  ядроға 
тән  тетіктерді  (ядро    қабықшасы,  ядрошық,  хроматин  түйіршіктері  және  ядро  сөлі) 
белгілеңіздер.  
Митоз.  Дене  жасушалары  негізінен  митоздық  бөліну  арқылы  көбейеді  Осы  кариокинез 
препаратынан    өсімдік    жасушаларында    жүретін  митоздың    фазаларын  ажыратып  талдау 
керек.    Препарат  пияз  түбірінің    ұшынан  дайындалып,  гемотоксилинмен  боялған.  Митоз 
кезінде  жасуша  ядроларында    анық  көрінетін  хромосомалар  қалыптасады.  Алдымен  кіші 
обьективпен қараңыздар. Олардың  ішінен тіршілік циклінің барлық фазаларын (интерфаза, 
профаза, метафаза, анафаза, телофаза) байқауға  болады. Аталған  фазалар препараттың әр 
жерінде  жатады.  Сондықтан    оны  жылжытып    отырып,  әртүрлі  фазаларды  табу    керек. 
Препаратты  үлкен    нысандықпен  (обьективпен)  қараңыздар.  Таблицадағы,  атластағы 
суреттермен  салыстырып  отырып,  жеке  фазалардағы  жасушаларды  тауып  ондағы 
өзгерістерді  талдап,  әр  фазадан  бір-бір  жасушаның    суретін  салып,  суреттердегі  клетка 
тетіктерін белгілеңіздер. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Жасушаның тіршілік айналымы (циклі).  
2. Интерфаза, оның кезеңдері.  
3. Жасуша бөлінуінің түрлері. 
4. Митоз, оның фазалары (профаза, метафаза, анафаза, телофаза).  
5. Редупликацияға анықтама беріңіздер. 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 67 -71
 
б 
2.  Волкова  О.В.,Елецкий  Ю.К.  «Основы  гистологии  с  гистологической  техникой»  М., 
«Медицина», 1982, 18-41с 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 3 зертханалық сабақ 
 
Тақырыбы: Жабынды эпителий. Бірқабатты эпителийдің түрлері. 
Сабақтың  мақсаты:   Микроскопиялық  деңгейде  эпителийді  және оның  түрлерін 
ажырата  білу.  Эпителийдің  морфофункциональдық    және  гистогенетикалық 
ерекшеліктері.  Эпителийдің  әртүрлі  түрлерінің  микроскопиялық,  ультрамикроскопиялық 
және    гистохимиялық  ерекшеліктерін,  олардың  атқаратын  қызметтерімен  салыстыру. 
Эпителийдің  организмде кездесетін жерлерін білу.
 
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Микроскоп, гистопрепараттар 
2.
 
Түрлі –түсті кестелер 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
№ 1 препарат. Бір қабатты жалпақ эпителий (мезотелий) . 
Бұл  препарат  шажырқайдан  жасалған.  Осы  жұқа  қабықшаның  ортасында 
борпылдақ  дәнекер  ұлпа,  оның  бетінде  қоңыр  түске  боялған  тығыз  орналасқан  жалпақ 
мезотелиоциттерді көруге болады. Мезотелиоциттердің цитоплазмасы ашық қоңыр түске, 
ал дөңгелек не сопақ пішінді ядросы көк түске боялған. Кейде екі ядролы жасушаларды да 
байқауға  болады.  Шындап  келгенде  ондай  ядролардың  біреуі  шажырқайдың  төменгі 
бетіндегі жатқан жасушалық ядро. 
Препаратты алдымен кіші обьективпен қарап шығыңыздар. Тексергеннен соң үлкен 
обьективпен зерттеп, 5-6 мезотелиоциттердің суретін салыңыздар. Суреттерде көрсетілген 
атаулар: ядро, цитоплазма, плазмолемма (жасушалық қабық).  
№ 2 препарат. Бір қабатты текше ( куб) тәрізді эпителий. 
Бұл  препарат  бүйректен  жасалған.  Кіші  обьективпен  қараған  уақытта,  көлденең 
кесілген  жұмыр  немесе  сопақша  келген  көптеген  бүйректік  түтікшелерді  көруге  болады. 
Олардың  ішіндегі  диаметрі  кіші  түтікшелерді  тауып,  үлкен  обьективпен  қараңыздар. 
Бүйректің  препаратынан  2-3  бүйрек  түтікшелерінің  суретін  салыңыздар.  Жеке 
түтікшелердің  қабырғасы  бір  қабатты  куб  тәрізді  эпителиоциттерден  тұрады.  Ядросы 
жұмыр, көк түсті, ал цитоплазмасы сәл оксифильді боялған. Екі-үш бүйрек түтікшелерінің 
суретін  салыңыздар.  Суреттерде  барлық  атауларды  көрсетіңіздер:  бүйрек  түтікшелері, 
негіздік  мембрана,  текше  тәрізді  эпителиоциттер,  плазмолемма,  борпылдақ  дәнекер 
ұлпасы, қан тамырлар қабырғасы. 
№ 3 препарат. Бір қабатты призма тәрізді көбелі (каемкалы) эпителий. 
Бұл  бүйректің  қыртысты  затынан  немесе  ішектен  жасалған  препарат.  Бүйректен 
жасалған  препаратты  кіші  обьективпен  қарағанда  диаметрі  үлкен,  көлденең  кесілген 
түтікшелер  көрінеді.  Олардың  қабырғасы  негіздік  мембранаға  (жарғаққа)  орналасқан  бір 
қабатты  призма  тәрізді  эпителиоциттерден  тұрады.  Үлкен    обьективпен    қарағанда 
жасушаның биіктігі енінен бірнеше есе үлкен екендігі  көрінеді. Жасушаның  екі полюсін 
ажыратады.    Жоғарғы  апикальдік  полюсі  сыртқы    ортамен  (несеппен)  жанасады,  ал 
төменгі –базальдік полюсі негіздік жарғаққа бекінеді. 2-3 бүйрек  түтікшелерінің суретін 
салыңыздар.  Суреттерде    мынадай  атауларды  белгілеңіздер:  бүйректік  түтікшелер, 
негіздік  жарғақ,  борпылдақ  дәнекер  ұлпа,  қан  тамырлар  қабырғасы,  призма  тәрізді 
эпителиоциттер,  ядро,  цитоплазма,  кебе,  түтікшелердің  қуысы.  Ішектің  қабырғасынан 
жасалған препаратты кіші обьективпен қарағанда көптеген ішек бүрлерін  көруге болады. 
Бірқалыпты  боялған,  көлденең  немесе  ұзыннан  кесілген  бүрлерді  тауып,  үлкен 
обьективпен  қараңыздар.  Бүрлердің  ішінде  борпылдақ  дәнекерлік  ұлпа,  оның  үстінде  
негіздік  жарғақ  жатады.  Негіздік  жарғаққа  бір  қатарлы  призма  тәрізді  көбелі 
эпителиоциттер  бекінген.  Эпителиоциттердің  екі  полюсін  ажыратады.  Базальдік 
полюсінің  маңында  сопақша,  көк  түсті  ядро  жатады.  Эпителиоциттердің  апикальдік 
полюсінде 
жасуша 
көбесі 
көрінеді. 
Электронды 
микроскоппен 
зерттегенде 
эпителиоциттердің  көбесі  көптеген  микробүрлерден  құралған.  Олар  жасушалардың  
сорылу  процесіне  қатысатын  апикальдік  беттерін  кеңейтеді.  Бір  қатарлы  призма  тәрізді 
эпителиоциттердің арасында, ірі бокал тәрізді, көкшіл түске боялған жасушалар кездеседі. 

Олар  кілегейлі  секрет  бөліп  шығарады.  1-2  ішек  бүрлерінің  суреттерін  салыңыздар. 
Суретке  мынадай  белгілер  қойыңыздар:  Ішек  бүрлері,  призма  тәрізді  эпителиоциттер, 
жасушалардың  базальдік  және  апикальдік  полюстері,  ядро,  цитоплазма,  көбе,  бокал 
тәрізді жасушалар, негіздік жарғақ, борпылдақ дәнекер ұлпасы. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Ұлпаның анықтамасы. 
2. Организмдегі ұлпалардың түрлері және олардың кездесетін орны. 
3. Эпителийдің жалпы сипаттамасы, шығу тегі. 
4. Эпителий түрлері. 
5.Бір қабатты эпителий түрлері, олардың құрылысындағы жалпы ұқсастықтар. 
6. Мезотелий, оның құрылысы мен маңызы. 
7. Бір қабатты куб тәрізді эпителий, құрылысы мен қызметі. 
8. Бір қабатты призма тәрізді  көбелі эпителий, оның құрылысы, қызметі. 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 110-118
 
б 
2.  Волкова  О.В.,  Елецкий  Ю.К.  «Основы  гистологии  с  гистологической  техникой»  М., 
«Медицина», 1982, 42-53 с 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 4 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Борпылдақ және тығыз дәнекер ұлпалары. 
Сабақтың  мақсаты:  Дәнекерлік  ұлпаның  препараттарын  микроскоппен  қараған  
уақытта  оларды  айыра  білу.  Дәнекерлік  ұлпаның  әртүрлі  түрлерін  микроскопиялық  
деңгейде бір-бірінен ажырату. Жасушалардың және жасушааралық заттардың құрылысын                                   
микроскопиялық, ультрамикроскопиялық деңгейде ажырату. Борпылдақ дәнекер ұлпаның  
организмнің  ішкі  ортасын  құруға  қатысатындығын  түсіндіру.    Оның  құрылымдарының 
борпылдақ  дәнекер ұлпасының атқаратын қызметтеріне қатысуы. Ультрамикроскопиялық 
құрылысына  және  гистологиялық    сипатына    сейкес  жасушалардың  атқаратын 
қызметтерін түсіндіру. 
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Микроскоп, гистопрепараттар 
2.Түрлі –түсті кестелер 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
№ 1 препарат. Борпылдақ дәнекерлік ұлпа. 
Бұл  препарат  терінің  шел  қабатынан  жасалған.  Жасушалары  жасушааралық 
заттардан  басым  болады.  Сондықтан  ол  борпылдақ  деп  аталады.  Бұл  ұлпа  әрқашан 
эпителийдің  астында қан  тамырлары мен жүйке төңірегінде орналасады. Алдымен  кіші 
обьективпен  қараңыздар.  Препараттың    ашық    түске    боялған  жерлерін  тауып,  үлкен 
обьективке  көшіңіздер.    Көк  түске  аморфты  затта  көптеген  жасушалар  және  талшықтар 
көрінеді. Әртүрлі бағытта жатқан сәл иілген,  жуан көк түскі коллаген талшықтарын, түзу, 
жіңішке,  тарамдалған  эластин  талшықтарын  ажыратуға    болады.  Борпылдақ  дәнекер 
ұлпаның  көп  тараған  жасушаларына:  фибробласт,  гистиоцит,  плазмоцит,  ұлпалық 
базофильдер  жатады.  Ал  май  жасушалары  (адипоциттер),  камбиальды  жасушалар,  қан 
жасушалары  сирек  кездеседі.  Препараттан  фибробласты,  гистиоцитті,  плазмоцитті, 
ұлпалық  базофильдерді  бір-бірінен  ажыратыңыздар.  Фибробласттар  ашық  боялған  сопақ 
ядросы  бар,  көптеген  өсінділері  бар  ірі  жасушалар.  Олардың  цитоплазмасы  базофильді 
түске  боялған.  Плазмолеммасы  нашар  байқалады,  сондықтан  фибробластардың 
шекаралары нашар көрінеді. Фибробластардың негізгі  қызметі  - жасушааралық  заттарды 
түзу.  Гистиоциттер  (макрофагтар)  фибробластармен  салыстырғанда  мөлшері  кішірек 
сопақ  пішінді  жасушалар.  Сопақтау  келген  ядросы    күңгірт  көк  түске    боялған.  Бұл 
жасушалардың    шекаралары  анық    байқалады.  Макрофагтар  фагоцитоз  процесіне 
қатысады. Қан капиллярларының  сыртында дөңгелек не сопақша келген мөлшері ірі ұлпа 
базофильдері  кездеседі.  Бұл  жасушалардың  цитоплазмасында  түйіршіктер  -  гранулалар 
көрінеді.  Препаратта  лейкоциттер,  көбінесе  лимфоциттер  кейде  нейтрофилдер  де 
кездеседі. 
Таблицадағы,  атластағы  суреттермен  салыстыра  отырып,  борпылдақ  дәнекер 
ұлпаның  суретін  салыңыздар.  Суретте  мына  атауларды  белгілеңіздер:  фибробласт, 
гистиоцит, лейкоцит, коллаген талшықтары, эластин талшықтары, аморфты заттар. 
№ 2 препарат. Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпа.  
Сіңірдің ұзынша кесілген кесіндісі. Жасушааралық заттарды жақсы дамыған, тығыз 
орналасқан.  Талшықтары  белгілі  бір  бағытта  жатыр.  Сондықтан  тығыз  қалыптасқан 
дәнекер  ұлпасы  деп  атайды.  Микроскоптың  кішк  обьективімен  қараған  уақытта,  белгілі 
бір  бағытта  орналасқан    көптеген  талшықтарды  көруге  болады.    Сонан  кейін    үлкен 
обьективке  көшіңіздер.  Өте  тығыз  орналасқан  коллаген  талшықтары  және  эластин 
талшықтары  бірінші,  екінші,  үшінші  реттік  будаларды  құрайды.  Бірінші  реттік 
будалардың араларынды сіңірлік  жасушалар - фиброциттер орналасады. Бірнеше бірінші 
реттік  будалар екінші реттік будаларды түзеді.  Екінші реттік будалардан үшінші реттік 
будалар  тұрады.    Екінші  реттік  будалардың  араларында    борпылдақ  дәнекер  ұлпа  - 
перитеноний  орналасады.  Сіңірдің  бірнеше  будаларының  суретін  салыңыздар.  Суретте 
мына  атауларды  белгілеңіздер:  бірінші  реттік  будалар,  фиброциттер,  екінші  реттік 
будалар, эндотеноний, үшінші реттік будалар перитеноний. 

№ 3 препарат. Тығыз қалыптаспаған борпылдақ  дәнекер  ұлпасы.  
Тері дермасындағы торлы қабаттан жасалған препарат. Терінің торлы қабаты тығыз 
қалыптаспаған борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Будалар  әртүрлі бағытта орналасады 
да,  айқасып  тор  түзеді.  Жасушалардың  саны  аз  болады.  Будаларда  фиброциттер,  ал 
будалардың араларында борпылдақ дәнекер ұлпасы кездеседі.  Алдымен кіші обьективпен 
қарап, түктің түбірлерін табыңыздар. Түк түбірінің  баданасының төменгі жағында қалың 
коллаген талшықты будалар бір-бірімен айқасып әртүрлі бағытта жатыр.Үлкен обьективке 
көшіріп  қарап,  талдап  суретін  салыңыздар.  Суретте  мына  атауларды    белгілеңіздер: 
коллаген талшықтарының будалары, фиброциттер, борпылдақ дәнекер ұлпасы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет