Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 22 тәжірибелік сабақ 
 
 
Тақырыбы: Үй жануарларының бүйрегінің түрлері,  
олардың құрылысы және орналасу орны. 
 
 
Сабақтың  мақсаты:  Бүйректің  гистофункциональдық  өлшемі  –  нефронның 
құрылысын білу. Сыртқы қыртысты және ішкі боз заттарда орналасқан нефрон бөліктерін, 
несеп  жинағыш  түтіктерді  және  қан  тамырларын  ажырату,  несеп  түзілу  кезінде  жүретін 
сүзілу және қайта сіңіру процестеріне қатысатын нефрон бөліктерін бір-бірінен ажырату. 
Бүйректің  эндокриндік  қызметтері  және  бұл  қызметтерді  атқаратын  оның  бөліктері. 
Нефронның негізгі бөліктерінде жүретін несеп түзілу процесі туралы жалпы түсінік.  
 
 
Бақылау сұрақтары 
1.Несеп түзілу процесі. 
2.Бүйрек денешіктерінің құрылысы. 
3.Ирек  түтікшелердің  құрылысы.  
4.Боз заттың  құрылысы. 
5.Бүйректің қан тамырлары. 
6.Несеп жүретін жолдар, олардың құрылысы. 
 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 383-398 б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных». 
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 23 тәжірибелік сабақ 
 
Тақырыбы: Еркек жануарлар көбею жүйесі мүшелерінің морфологиясы:  
еннің құрылысы. 
 
 
Сабақтың  мақсаты:  Аталық    жыныс  мүшелерін  құраушы  ұлпаларды 
микроскопиялық  деңгейде  ажырыту.  Еннің(аталық  жыныс  безі)    жасушалық  құрамы. 
Жасушаларды  микроскопиялық  деңгейде  айыру.    Сперматогенездің  кезеңдері  және 
олардың  мәні.  Еннің  секреттік    және  эндокриндік  қызметтерін  түсіндіре  білу.    Аталық 
жыныс мүшелерінің эмбриональдік дамуындағы ерекшеліктері. 
 
Бақылау сұрақтары 
1.Аталық жыныс жүйесіне жататын мүшелерді атаңыздар. 
2.Еннің құрылысы және атқаратын қызметтері. 
3.Еннің жалпы құрылысы схемасы. 
4.Сперматогенез, оның кезеңдері, одан  түзілетін жасушалар. 
5.Сертоли жасушаларының құрылысы және атқаратын қызметтері. 
6.Жыныс гармонының түзілуі, организмге тигізетін әсерлері. 
7.Аталық жыныс мүшелерінің эмбриональдық дамуы. 
 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 399-415 б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных». 
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№24 тәжірибелік сабақ 
 
Тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің морфологиясы: гипофиз,  
қалқанша безі, бүйрек үсті безі. 
 
 
Сабақтың  мақсаты:    Ішкі  секреция    мүшелерін  микроскопиялық    және 
ультрамикроскопиялық деңгейде  айыра білу.  Эндокринді   мүшелердің құрылысындағы 
жалпы  заңдылықтар  және  олардың  эмбриональдік  дамуы.  Эндокринді  мүшелер  безді 
жасушаларының  гормондарды    түзудегі    қызметі,  ішкі  секреция  мүшелерінің 
микроскопиялық,  ультрамикроскопиялық  құрылысы  туралы  мәліметті  және    олардың 
гистохимиялық    талдауын  қызметтерімен  байланыстыру.  Гипоталамустың  ішкі  секреция 
бездерімен байланысы және оның нейрогуморальдік реттеуге қатысы. Гипофиз, қалқанша 
без  және  бүйрек  үсті    бездері  гистологиялық  құрылысының  атқаратын  қызметтерімен 
байланысы.  
 
Бақылау сұрақтары 
 
   
1.Ішкі секреция бездерінің түрлері, оларға тән қасиеттер. 
2.Ішкі секреция бездерінің  атқаратын қызметі. 
3.Гипофиздің құрылысы. 
4.Гипофиздің алдыңғы бөлігінің құрылысы және қызметі. 
5.Гипофиздің ортаңғы бөлігінің құрылысы мен қызметі. 
6.Гипофиздің артқы бөлігінің құрылысы мен қызметі. 
7.Қалқанша бездің құрылысы және қызметі. 
8.Бүйрек үсті безінің құрылысы және қызметі. 
 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 425-436 б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных». 
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№25 тәжірибелік сабақ 
 
Тақырыбы: Үй жануарлар жүрегінің анатомо-гистологиялық құрылысы  
және топографиясы 
 
Сабақтың  мақсаты:  Жүректің  орналасу  орны  мен  анатомо-гистологиялық 
құрылысы.Жүрек  қақпақшаларының  орналасуын  білу.  Қан  айналу  шеңберлерін  білу. 
Сарыуыздық  және  ұрықжолдастық  қан  айналу  шеңберлерінің  ерекшеліктерін  зерттеу. 
Қолқаның  басқа  қан  тамырларынан  айырмашылықтарын  білу.  Артериялар  түрлерін  бір-
бірінен  ажырату.  Артериялар  қабықтарын  түзетін  ұлпаларды  білу.  Артериола,  капилляр, 
венулаларды  бір-бірінен  айыру.  Артерияның  құрылысы  мен  гемодинамиканың 
байланысын анықтау. Веналардың түрлерін, эндокардты, миокардты, эпикардты ажырату. 
Оларды құрайтын ұлпалардың  құрылысын, ерекшеліктерін толық білу.  
 
Бақылау сұрақтары 
1.
 
Қан тамырларының түрлері. 
2.
 
Қан тамырларының шығу тегі. 
3.
 
Артерияның құрылысы және қызметі. 
4.
 
Артерия және веналардың  түрлері. 
5.
 
Венаның құрылысы және қызметі. 
6.
 
Капиллярлардың құрылысы және қызметі. 
7.
 
Капиллярлардың түрлері, кездесетін жерлері. 
8.
 
Артериола, венула. 
9.
 
Жүректің құрылысы және қызметі. 
 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 439-457 б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных». 
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№26 тәжірибелік сабақ 
 
Тақырыбы: Бас қан тамырлары 
 
Сабақтың мақсаты: Бас қан тамырларының құрылысы мен орналасу орындарын 
зерттеу. Өлекселік препараттан әртүрлі жануарлардың жалпы  ұйқы артериясының, жалпы 
ұйқы  бағанының  тарамдалуы  мен  тармақталуын  тауып,  салыстырмалы  ерекшеліктерін 
анықтау.  Бас  артерияларының  анатомиялық  және  гистологиялық  құрылысын 
микроскопиялық ажырата білу. 
 
Бақылау сұрақтары 
1. Ұйқы артерияларының бағаны қандай артерияларға бөлінеді? 
2. Жалпы ұйқы артериясынан қандай артериялар ажырайды? 
3. Ішкі ұйқы артериясы қандай жануарларда жақсы жетілген, қандай жануарларда 
нашар жетілген? Олардың тамырландыру аумақтарын атаңыз. 
4. Сыртқы ұйқы артериясының негізгі тармақтарын атап, олар тамырландыратын 
дене аумақтары мен мүшелерін еске түсіріңіз. 
5.  Тақырып  мәтініндегі  қазақша-латынша  терминдерді  сөздікке  көшіріп  алып, 
оларды жаттаңыз. 
 
 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 465-473 б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных». 
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№27 тәжірибелік сабақ 
 
 
Тақырыбы: Артқы аяқ қан тамырлары. 
 
 
Сабақтың мақсаты:  Артқы аяқ артерияларын білу. Артқы аяқ қан тамырларының 
әртүрлі  жануарлардағы  орналасу  ерекшеліктері  бойынша  зерттеу.  Ішкі  мықын 
артериясының париетальды және висцеральды негізгі тармақтарын өлекселік препараттан 
тауып, атласпен, муляждармен салыстыра отырып анықтау. Сыртқы мықын артериясының 
тармақтарын анықтау.   
 
Бақылау сұрақтары 
1.  Ішкі  мықын  артериясының  жамбас  қуысы  қабырғасын  тамырландыратын  қандай 
париетальды артерия тармақтарын білесіз? 
2.  Жамбас  қуысындағы  ішкі  мүшелерді  ішкі  мықын  артериясының  қандай  артериялары 
қоректендіреді? 
3.  Сыртқы  мықын  артериясының  қандай  артерия  тармақтары  жамбас-ортан  жілік  буыны 
аумағын тамырландырады? 
4.  Терең  сан  артериясының  артерия  тармақтары  қандай  дене  аумақтарын 
тамырландырады? 
5. Сан артериясының қандай артерия тармақтары сирақ аумағын қоректендіреді? 
6. Тобықасты артериясы қандай негізгі артерия тармақтарына ажырайды? 
7.  асықты  жіліктің  алдыңғы  және  артқы  артерияларының  негізгі  артерияларын  атап, 
олардың тамырландыру аумақтарын еске түсіріңіз? 
8.  Сафена  артериясының  артерия  тармақтары  артқы  аяқтың  қандай  аумақтарын 
тамырландырады? 
9.  Тақырып  бойынша  қазақша-латынша  терминдерді  сөздікке  көшіріп  алып,  оларды 
жаттаңыз.  
 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 489-495 б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных». 
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 28 тәжірибелік сабақ 
 
Тақырыбы: Жамбас қуысы мүшелерінің және жамбас аумағының қан тамырлары. 
 
 
Сабақтың мақсаты: Артқы аяқ артерияларын білу. Артқы аяқ қан тамырларының 
әртүрлі  жануарлардағы  орналасу  ерекшеліктері  бойынша  зерттеу.  Артқы  аяқ  қан 
тамырларын париетальды және висцеральды  тармақтары бойынша өлекселік препараттан 
тауып, құрлысы  мен әртүрлі жануарлардағы ерекшеліктерін атласпен салыстыра отырып 
зерттеу. Алдыңғы аяқ қан тамырлары мен артқы аяқ артерияларының айырмашылықтарын 
білу. 
 
Бақылау сұрақтары 
1.  Ішкі  мықын  артериясының  жамбас  қуысы  қабырғасын  тамырландыратын  қандай 
париетальды артерия тармақтарын білесіз? 
2.  Жамбас  қуысындағы  ішкі  мүшелерді  ішкі  мықын  артериясының  қандай  артериялары 
қоректендіреді? 
3.  Сыртқы  мықын  артериясының  қандай  артерия  тармақтары  жамбас-ортан  жілік  буыны 
аумағын тамырландырады? 
4.  Терең  сан  артериясының  артерия  тармақтары  қандай  дене  аумақтарын 
тамырландырады? 
5. Сан артериясының қандай артерия тармақтары сирақ аумағын қоректендіреді? 
6. Тобықасты артериясы қандай негізгі артерия тармақтарына ажырайды? 
7.  асықты  жіліктің  алдыңғы  және  артқы  артерияларының  негізгі  артерияларын  атап, 
олардың тамырландыру аумақтарын еске түсіріңіз? 
8.  Сафена  артериясының  артерия  тармақтары  артқы  аяқтың  қандай  аумақтарын 
тамырландырады? 
9.  Тақырып  бойынша  қазақша-латынша  терминдерді  сөздікке  көшіріп  алып,  оларды 
жаттаңыз.  
 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 489-495 б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных». 
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 29 тәжірибелік сабақ 
 
 
Тақырыбы: Мидың морфоқұрылымы және оның қабықтары. 
Ми жүйке талшықтары және құрылуы. 
 
 
Сабақтың  мақсаты:  Ми  қуысын  құрайтын  бас  сүйектерін    еске  түсіру.  Мидың 
дамуы  мен  жұлынның  дамуын  білу.  Мидың  түрлері  мен  құрылысын,  үлкен  ми 
жабынының  цитоархитектоникасы  мен  миелоархитектоникасының  айырмашылықтарын 
зерттеу. Ми жүйкелерін атқаратын қызметтері бойынша жіктеп, жаттау. Мидың анатомо-
гистологиялық  құрылысын  анықтау.  Микроскопиялық  тұрғыдан  жасушалардың  түрлерін 
ажырата білу.  
 
Бақылау сұрақтары 
1. Көлденең саңылау арқылы ми қандай бөлімдерге бөлінеді? 
2. Ромб тәрізді ми қандай бөлімдерге бөлінеді? 
3. Артқы ми қандай ми бөлімдерінен тұрады? 
4.  Сопақша  мидың  орналасу  орны  мен  құрылысына  тоқталып,  тіршілікке  тым 
қажет вегетативті орталықтарды атаңыз. 
5. Мишық пен ми көпірінің макро және микроморфологиялық құрылысы. 
6. Ортаңғы, аралық, соңғы ми бөлімдері. Атқаратын қызметтері. 
7.Ми жабынының гистологиялық құрылысына толығырақ тоқталыңыз. 
 
 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 545-559 б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных». 
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 30 тәжірибелік сабақ 
 
 
Тақырыбы: Көру және есту анализаторлар 
 
 
Сабақтың  мақсаты:  Сезім  мүшелерінің  түрлерін  білу.  Барлық  талдағыштардың  
макро  және  микроморфологиялық  құрылысын  анықтау.    Көздің  анатомо-гистологиялық 
құрылысы мен қызметін білу. Көздің қасаң қабығы мен торлы қабығының нейроциттерін 
микроскопиялық  деңгейде  ажырата  анықтау.  Есту  талдағыштарының  құрылысын  білу 
және  әртүрлі  жануарлардағы  ерекшеліктерін  зерттеу.  Дәм  сезу  мүшелерін  еске  түсіру. 
Татым  бүртіктерінің  құрылысы  мен  түрлерін  білу.  Татым  бүртіктерінің  атқаратын 
қызметтерін  зерттеу.  Иіс  сезімі  және  тері  сезімі  мүшелерін  еске  түсіру  және  олардың 
организмдегі маңызына тоқталу. 
 
 
Бақылау сұрақтары 
1. Талдағыштар деген не және олар қандай бөлімдерден тұрады? 
2.Рецепторлардың  қандай  түрлерін  білесіз?  Олар  тітіркеністерді  дененің  қандай 
бөліктерінен қабылдайды? 
3.Қандай әкстерорецепторларды білесіз? 
4.Көру мүшесінің құрылысы және орталықтары. 
5.Есту-тепетеңдік мүшесінің құрылысы және орталықтары. 
6. Иіс, дәм, тері сезімі мүшелерінің құрысы және орталықтары. 
7.Тақырып  бойынша  қазақша-латынша  терминдерді  сөздікке  көшіріп  алып,  оларды 
жаттаңыз.  
 
 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 570-585 б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных». 
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

5В120100 – «Ветеринарлық медицина» 
мамандығының студенттеріне 
 «Жануарлар морфологиясы» пәнінен
   
оқытушылардың қатысуымен өзіндік жұмысын (ОӨЖ) орындауға арналған 
ТАПСЫРМАЛАР 
(барлығы 60 сағат) 
СОӨЖ бойынша жұмыстар (тақырыптар) 
Биологиялық  жарғақтар.  Протоплазманың  химиялық  құрамы  және 
физикалық қасиеттері. 
Консультация: 
 -    студенттердің  ғы-
лыми 
конферен-
циясына  әдебиеттер 
таңдау;  
   -  аралық  бақылау 
және  аттестация  сұ-
рақтары; 
-  іс ойындары дайын-
дау және өткізу; 
-  терминдерге  арнал-
ған сөздіктерді  құрас-
тыру. 
 
Эмбриональдық дамудың негізгі кезеңдері.Сүтқоректілер мен құстардың 
эмбриогенезі. 
Безді эпителий. Регенерацияның түрлері. 
Май, пигменті және торлы дәнекер ұлпалар. 
Бірыңғай салалы ет ұлпасы. 
Жүрек ет ұлпасы. 
Жүйке ұштарының түрлері. Рефлекторлық доға. 
Макроглия және микроглия. 
Иық  белдеуінің  қаңқасының  құрылысы  және  алдыңғы  аяқтың 
стилоподий.  Зейгоподий  қаңқасының  құрылысы  және  алдыңғы  аяқтың 
автоподий.  
Жамбас белдеуі қаңқасының құрылысы және артқы аяқтың стилоподий. 
Жамбас белдеуінің зейгоподий мен автоподий. 
Тұтаса байланыстың түрлері. Буындар. 
Мүше ретінде алынған еттің  құрылысы. Еттің анатомиялық бөлімдері. 
Қаңқа  бұлшық  еттерінің  пішініне,  ішкі  құрылысына  және  қызметіне 
байланысты түрлері. 
Бұлшық еттерге көмекші мүшелер. 
Тері  және  оның  туындылары.  Терінің  қатты  өсінділері.  Желін.  Май 
табан түрі мен морфологиялық сипаттамасы. 
Әр түрлі жануарлардың тістеріне арналған формулалар. 
Бронхы тармақтарының ерекшеліктері. 
Альвеола тармақтарының құрылыс ерекшеліктері. 
Нефрон бөлімдерінің құрылыс ерекшеліктері. 
Үй жануарлары жатырының типтері және ұрық жолдасының түрлері. 
Сірлі қабықтар және олардың туындылары. 
Төлдің және ересек жануарлардың қан айналу жүйесі. 
Қан  тамырлар  тарамдарының,  анастомоздардың,  коллатеральдардың, 
тамырлар доғасының,  тораптардың және ғажап тордың негізгі құрылыс 
заңдылықтары, таралуы және орналасу орны. 
Иммунды қорғаныс және гемопоэз мүшелерінің (сүйектің қызыл кемігі, 
талақ, лимфа түйіндері) құрылыс ерекшеліктері. 
Ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, қалқанша маңы безі, бүйрек үсті 
безі, гипофиз, эпифиз) құрылыс ерекшеліктері мен топографиясы. 
Лимфа 
түйіндерінің, 
тамырларының, 
өзектерінің 
орналасу 
ерекшеліктері. 
Орталық жүйке жүйесінің құрылысы мен топографиясы. 
Шеткі жүйке жүйесінің құрылысы мен топографиясы. 
Вегетативті жүйке жүйесі: симпатикалық және парасимпатикалық бөлім.  
Сезім  мүшелерінің  (көру  мүшелері,  есіту  мүшелері,  иіс  сезу  мүшелері) 
морфологиясы. 
 

5В120100 – «Ветеринарлық медицина» 
мамандығының студенттеріне 
 «Жануарлар морфологиясы» пәнінен
   
студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындауға арналған 
ТАПСЫРМАЛАР 
(барлығы 120 сағат) 
 
 
№ 
 
Өзіндік жұмыстарға 
арналған тапсырмалар 
(тақырыптар) 
 
Сағ 
 
 
Ұсынылған әдебиеттер 
және басқа да әдеби 
көздер 
 
Есеп беру формасы  






Гистология – 6 б. 
20 
1. Жаңабеков К., Жаңабе-
кова  Г.  К.  Жануарлар 
морфологиясы  және  ла-
тын 
терминологиясы. 
Оқулық.  Алматы,  «Сөз-
дік-Словарь», 2005 ж. 
2. 
Жаңабеков 
К., 
Жаңабекова 
Г.К. 
Цитология, 
гистология 
және  эмбриология  негіз-
дері. Оқулық 2004 ж.  
3. 
Жаңабеков 
К., 
Махашов  Е.    Жануарлар 
анатомиясы. 
Оқулық. 
Алматы, «Білім», 1996. 
4. 
П.Попеско 
«Атлас 
топографической 
анатомии 
сельскохо-
зяйственных  животных». 
Словацкое  издательство 
сельхоз  литературы  в 
Братиславе, 1962. 
5. 
Жаңабеков 
К. 
Жануарлар 
морфоло-
гиясы 
және 
латын 
терминологиясы 
– 
Дәрістер курсы. 
 
Микроскоп 
арқылы 
гистопрепараттардан 
салынған 
сүреттердің 
альбомы 

Бас 
және 
мойын 
аумақтары  мүшелерінің 
морфологиясы – 6 б.  
20 
Микроскоп 
арқылы 
гистопрепараттардан 
салынған 
сүреттердің 
альбомы  және  латын 
терминдерінің сөздігі. 

Алдыңғы 
аяқ 
мүшелерінің 
морфологиясы – 6 б. 
20 
Микроскоп 
арқылы 
гистопрепараттардан 
салынған 
сүреттердің 
альбомы  және  латын 
терминдерінің сөздігі. 

Көкірек  керегесі  және 
көкірек 
қуысы 
мүшелерінің 
морфо-
логиясы – 6 б. 
20 
Микроскоп 
арқылы 
гистопрепараттардан 
салынған 
сүреттердің 
альбомы  және  латын 
терминдерінің сөздігі. 

Құрсақ 
қабырғасы, 
құрсақ  және  жамбас 
қуысындағы 
мүшелерінің 
морфо-
логиясы – 6 б. 
20 
Микроскоп 
арқылы 
гистопрепараттардан 
салынған 
сүреттердің 
альбомы  және  латын 
терминдерінің сөздігі. 

Артқы  аяқ  мүшелерінің 
морфологиясы – 6 б. 
20 
Микроскоп 
арқылы 
гистопрепараттардан 
салынған 
сүреттердің 
альбомы  және  латын 
терминдерінің сөздігі. 
 
               
 
 
             Құрастырған:    профессор                                  Жаңабеков К.                    
 
                                                                                   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет