Бақылау сұрақтары:
1.
Борпылдақ дәнекер ұлпансына жалпы сипаттама, шығу тегі.
2.
Борпылдақ дәнекерлік ұлпаның құрылысы, органнизмдегі кездесетін орны.
3.
Фибробластар, олардың қызметі.
4.
Гистиоциттер, олардың қызметі.
5.
Коллаген және эластин талшықтары, олардың құрылысы, қызметі.
6.
Аморфты заттар, химиялық құрамы, қызметі.
7.
Борпылдақ дәнекер ұлпаның басқа жасушалары: плазмоциттер, ұлпалық
базофильдер, пигментоциттер.
8.
Тығыз дәнекер ұлпасы, олардың түрлері, құрылысындағы айырмашылықтары,
қызметі.
9.
Сіңірдің будалары, олардың құрылысы.
10.
Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасы, құрылысы, организмдегі кездесетін орны.
11.
Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы, құрылысы, организмдегі кездесетін орны.
12.
Тығыз
қалыптаспаған
дәнекерлік
ұлпаның
будаларының
орналасуындағы
ерекшеліктер.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 142-152
б
2. Волкова О.В., Елецкий Ю.К. «Основы гистологии с гистологической техникой» М.,
«Медицина», 1982, 61-66 с
№ 9 зертханалық сабақ
Тақырыбы: бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы.
Сабақтың мақсаты:
Жасушааралық заттар құрылымының ерекшеліктеріне
сәйкес, ет ұлпасының түрлерін ажырату. Олардың қызметіне байланысты гистологиялық
ерекшеліктері. Ет ұлпаларды бір-бірінен ажырату. Олардың қызметіне сәйкес
гистологиялық ерекшеліктері. Ет ұлпалар гистогенезінің және регенерацияның негізгі
даму кезеңдерін білу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Микроскоп, гистопрепараттар
2.Түрлі –түсті кестелер
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
1 - препарат. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы.
Бұл препарат тілден жасалған. Микроскоппен қарағанда миофибрилла көлденең
жолақты болып көрінеді. Екі түрге бөлінеді: көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы және
көлденең жолақты жүрек ет ұлпасы. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы тілде, өңеште
және қаңқа бұлшық еттерінде кездеседі. Бұл ұлпа ет талшықтарынан тұрады. Кіші
обьективпен қарап, ет талшықтарының ұзыннан және көлденең кесілген кесінділерін
қараңыздар. Сосын үлкен обьективке көшіріңіздер. Әрбір ет талшығы жұқа қабықпен -
сарколеммамен
қапталған.
Талшықтың
цитоплазмасында
(саркоплазмасында)
сарколеммамен жанаса көптеген сопақ пішінді ядролар орналасқан. Саркоплазмада
ұзыннан орналасқан арнайы органелла - миофибрилла көрінеді. Миофибрилла ет
талшығында көлденең жолақты жолдар түрінде анық көрінеді. Көлденең жолақтың болуы
миофибрилланың құрамына кіретін ашық түсті - изотропты және күңгірт түсті -
анизотропты дискілерге байланысты. Талшықтардың кесіндісінде саркоплазмада
миофибрилла нүктелер түрінде көрінеді. Ет талшықтарының арасында борпылдақ
дәнекер ұлпасы - эндомизий орналасады. Ет талшықтарының ұзыннан және көлденең
кесілген түрлерінің суретін салыңыздар. Суретте мына атауларды белгілеңіздер: ет
талшықтары, сарколемма, саркоплазма, ядро, миофибрилла, эндомизий.
1- препарат. Бірыңғай салалы ет ұлпасы.
Бұл аш ішектің қабырғасынан алынған кесінді. Ішкі мүшелердің және қан, лимфа
тамырларының қабырғаларында кездеседі. Микроскоппен қарағанда ұршық тәрізді
торшалардан, яғни миоциттерден тұрады. Кіші обьективпен қарап, ішектің етті қабығын
табыңыздар. Осы етті қабықтың көлденең, ұзынан кесілген кесінділерін көруге болады.
Алдымен ұзыннан кесілген кесінділерін қараңыздар. Содан соң үлкен обьективпен
миоциттердің жақсы көрінетін жерлерін табыңыздар. Миоциттің екі жағы үшкір, ортаңғы
жуандаған тұсында сопақ ядросы орналасады. Миоциттердің араларында борпылдақ
дәнекер ұлпасы - эндомезий жатады. Көлденең кесілген миоциттердің пішіні, олардың
ядролары дөңгелек болып келеді. Миоциттердің ұзыннан, көлденең кесінділерінің суретін
салыңыздар. Суретте төмендегідей атауларды белгілеңіздер: миоциттер, ядро, цитоплазма,
плазмолемма, эндомезий, миофибрилла.
Бақылау сұрақтары
1.
Ет ұлпаның шығу тегі.
2.
Ет ұлпаның түрлері, кездесетін жерлері.
3.
Жасушааралық заттар, олардың құрылысы, қызметі.
4.
Көлденең жолақты ет ұлпасының құрлысы, қызметі, орналасу орны.
5.
Біріңғай салалы ет ұлпасы құрылысы, қызметі, орналасу орны.
6.
Анастомоздар.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 162-168
б
2. Волкова О.В., Елецкий Ю.К. «Основы гистологии с гистологической техникой» М.,
«Медицина», 1982, 70-73 с
№ 10 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Мультиполярлы нейроциттер. Рефлекторлық доға
Сабақтың мақсаты:
Нейроциттердің және глиоциттердің түрлерін бір-бірінен
айыра білу. Нейроциттердің және жүйке талшықтарының микроскопиялық және
ультрамикроскопиялық цитология лық ерекшеліктерін білу. Нейроциттердің құрылысы
туралы мәліметтерді, олардың қызметтері белсенділігімен байланыстыру.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Микроскоп, гистопрепараттар
2.Түрлі –түсті кестелер
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
1 - препарат. Мультиполярлы (көп өсінділі) нейрон.
Жұлынның көлденең кесіндісі. Алдымен кіші обьективпен қарап, жұлынның қоңыр -
күңгірт түске боялған жерлерін табыңыздар. Бұл жұлынның орналасқан сұр заты. Содан
соң үлкен обьективке көшіңіздер. Күңгірт түске боялған мультиполярлы нейрондарды
табыңыздар. Бұл нейрондар көбінесе топ-тобымен орналасады. Нейрондардың ашық түсті
ядросы, ядрошығы, нейроплазмасы және өсінділері көрінеді. Екі-үш нейронның
суреттерін салыңыздар. Суретте мына атауларды белгілеңіздер: ядро, нейроплазма,
нейролемма, дендрит, нейрит.
2-Препарат-Рефлекторлық доғаның схемасы. Жүйкелік тітіркеністің денедегі
пайда болған жерден бастап, нейрондар тізбегі арқылы жауап беру мүшесі аумағына
дейінгі жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды. Рефлекторлық доғаның құрамына
рецепторлық (сезгіш) нейрон, ассоциативтік (аралық, жалғастыратын) нейрон кіреді.
Екі өсінділі рецепторлық нейронның денесі жұлын түйінінде жатады. Осы торшаның
дендриті созылып, терінің эпидермисінде сезгіш жүйке ұшымен аяқталады. Бұл торшаның
нейриті созылып, жұлын сұр затының жоғарғы мүйізіне еніп, ондағы аралық
нейрондардың бетінде тармақталып, оның дендриттерімен синаптикалық байланыс түзеді.
Аралық нейронның дендриттері импульсты қабылдап, денесі арқылы нейритке өткізеді.
Бұл нейрит жұлынның эффекторлық нейронының бетінде тармақталып, оның
дендриттерімен синаптикалық түрде байланысады. Эффекторлық нейронның дендриттері
тітіркеністі қабылдап, денесі арқылы нейритке өткізеді. Ол жүйке талшығының
құрамында созылып, жұлыннан шығып, белгілі бір мүшеде (мысалы: бұлшық етте, безде)
эффекторлық жүйке ұшымен аяқталады. Сонымен нейрондардың мамандандырылған
түрлері жүйке импульстерін бір бағытта синаптикалық байланыс арқылы, дендриттен
нейрон денесі арқылы нейритке өткізеді.
Таблицадан рефлекторлық доғаның суретін салыңыздар. Суретте төмендегідей
атауларды белгілеңіздер: сезгіш жүйке ұштары, рецепторлық нейрон, ассоциативтік
нейрон, эффекторлық нейрон, эффекторлық жүйке ұштары, аралас жүйке (құрамында
сезгіш және эффекторлық жүйке ұштары болады).
Бақылау сұрақтары
1.
Жүйке ұлпасының организмде кездесетін орны мен қызметі.
2.
Нейронның құрылысы, өсінділер санына және қызметіне байланысты жіктелуі.
3.
Дендрит және нейрит, олардың бір-бірінен айырмашылықтары.
4.
Нейроглия, оның құрылысы, қызметі, түрлері.
5.
Рефлекторлық доға, оның анықтамасы, ондағы нейрондардың түрлері мен қызметі.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 162-179 б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных». Словацкое
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
№1-2тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Жануарлар жасушасының ультрақұрылымы. Органеллалар және
қосындылар.
Сабақтың мақсаты: Жасушаның жалпы құрылысын талдап, олардың қызметін
қайталау. Гиалоплазма. Органеллалар, олардың түрлері, маңызы. Құрылысына, боялу
түріне байланысты органеллаларды, қосындыларды бір-бірінен айыра білу.
Органеллалар
мен
қосындылардың
құрылысы
және
химиялық
құрамы туралы мәліметтерді жасушадағы зат алмасуға сипаттама беру үшін пайдалану.
Бақылау сұрақтары
1. Жасушаның жалпы құрылысы.
2. Гиалоплазма.
3. Органеллалар, олардың анықтамасы, түрлері. Жалпы және арнайы органеллалар,
олардың ерекшеліктері.
4. Органеллалардың құрылысы, қызметі.
5. Қосындылар, олардың анықтамасы, түрлері, қызметі.
6. Гликоген және май қосындылары қандай бояулармен боялады?
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 48-66 б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных».
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
№3 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Гаметогенез. Жыныс жасушалары.
Сабақтың мақсаты: Гаметогенез. Аталық және аналық жыныс жасушаларының
құрылысы және қызметімен танысу. Микроскоппен жыныс жасушаларын зерттеу. Аналық
жыныс жасушаларының сарыуыз мөлшеріне байланысты жіктелуін білу.
Бақылау сұрақтары
8.
Гаметогенез, олардың түрлері.
9.
Сперматогенез, овогенез, олардың кезеңдері.
10.
Жыныс жасушалары, олардың дене жасушаларынан айырмашылығы.
11.
Сперматозоидтың құрылысы.
12.
Сарыуыз мөлшеріне байланысты аналық жыныс жасушаларының жіктелуі.
13.
Сүтқоректілер аналық жыныс жасушасының құрылысы.
14.
Құс жұмыртқа жасушасының құрылысы.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 72-83 б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных».
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962
№ 4 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Жабынды эпителий.
Сабақтың мақсаты: Микроскопиялық деңгейде эпителийді және оның түрлерін
ажырата білу. Эпителийдің морфофункциональдық және гистогенетикалық
ерекшеліктері. Эпителийдің әртүрлі түрлерінің микроскопиялық, ультрамикроскопиялық
және гистохимиялық ерекшеліктерін, олардың атқаратын қызметтерімен салыстыру.
Эпителийдің организмде кездесетін жерлерін білу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
.Микроскоп, гистопрепараттар
Түрлі –түсті кестелер
Бақылау сұрақтары:
1. Ұлпаның анықтамасы.
2. Организмдегі ұлпалардың түрлері және олардың кездесетін орны.
3. Эпителийдің жалпы сипаттамасы, шығу тегі.
4. Эпителий түрлері.
5.Бір қабатты эпителий түрлері, олардың құрылысындағы жалпы ұқсастықтар.
6. Мезотелий, оның құрылысы мен маңызы.
7. Бір қабатты куб тәрізді эпителий, құрылысы мен қызметі.
8. Бір қабатты призма тәрізді көбелі эпителий, оның құрылысы, қызметі.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 72-83 б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия
домашних животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных
животных». Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962
№ 5 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Безді эпителий.
Сабақтың мақсаты: Микроскопиялық деңгейде безді эпителийді және оның
түрлерін ажырата білу. Олардың морфофункциональдық және гистогенетикалық
ерекшеліктері. Әртүрлі түрлерінің микроскопиялық, ультрамикроскопиялық және
гистохимиялық ерекшеліктерін, олардың атқаратын қызметтерімен салыстыру. Безді
эпителийдің организмде кездесетін жерлерін білу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.
Микроскоп, гистопрепараттар
2.
Түрлі –түсті кестелер
Бақылау сұрақтары:
1. Ұлпаның анықтамасы.
2. Организмдегі ұлпалардың түрлері және олардың кездесетін орны.
3. Безді эпителийдің түрлері
4. Безді эпителийдің орналасу орны, қызметі
5. Құрлысына байланысты ажырату
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 110-118
б
2. Волкова О.В., Елецкий Ю.К. «Основы гистологии с гистологической техникой» М.,
«Медицина», 1982, 42-53 с
№6 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Шеміршек ұлпасы
Сабақтың мақсаты: Жасушааралық заттар құрылымының ерекшеліктеріне
сәйкес, шеміршек ұлпасының түрлерін ажырату. Олардың қызметіне байланысты
гистологиялық ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары
1.Шеміршек ұлпаның шығу тегі.
2.Шеміршектік ұлпаның түрлері, кездесетін жерлері.
3.Шеміршек қабы-перихондрий, оның құрылысы мен қызметі.
4.Жасушааралық заттар, олардың құрылысы, қызметі.
5.Шеміршекті жасушалардың түрлері, олардың құрылысы, қызметі.
Шеміршектік ұлпаның қоректенуі және регенерациясы
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 72-83 б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных».
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962
№7 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Пластинкалы сүйек ұлпасы.
Сабақтың мақсаты:
Пластинкалы және өрескел талшықты сүйектік ұлпаларды
бір-бірінен ажырату. Олардың қызметіне сәйкес гистологиялық ерекшеліктері.
Шеміршектік және сүйектік ұлпалар гистогенезінің және регенерацияның негізгі даму
кезеңдерін білу. Сүйектің қаттылық және серпімділік қасиеттері.
Бақылау сұрақтары
1, Сүйектік ұлпаның жалпы сипаттамасы, оның түрлері, қызметі, химиялық құрамы.
2, Сүйек ұлпасының шығу тегі, кездесетін жерлері.
3, Пластинкалы сүйек ұлпасының құрылысы, қызметі, жасушалары және жасушааралық
заттары.
4, Остеон, оның құрылысы және қызметі.
5, Сүйектік жасушалардың-остеоциттердің түрлері, құрылысы, қызметі.
6, Остеоцит, остеобласт, остеокласт жасушаларының ерекшеліктері, кездесетін жерлері.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 119-123 б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных».
Словацкое издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962
№8 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Көлденең жолақты жүрек ет ұлпасы.
Сабақтың мақсаты:
Жасушааралық заттар құрылымының ерекшеліктеріне
сәйкес, ет ұлпасының түрлерін ажырату. Олардың қызметіне байланысты гистологиялық
ерекшеліктері. Ет ұлпаларды бір-бірінен ажырату. Олардың қызметіне сәйкес
гистологиялық ерекшеліктері. Ет ұлпалар гистогенезінің және регенерацияның негізгі
даму кезеңдерін білу.
Бақылау сұрақтары
1, Ет ұлпаның шығу тегі.
2, Ет ұлпаның түрлері, кездесетін жерлері.
3, Жасушааралық заттар, олардың құрылысы, қызметі.
4, Көлденең жолақты ет ұлпасының құрлысы, қызметі, орналасу орны.
5, Біріңғай салалы ет ұлпасы құрылысы, қызметі, орналасу орны.
6, Анастомоздар.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 119-123 б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
№ 9 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Нейроциттердің түрлері.Нейроглия
Сабақтың мақсаты: Нейроциттердің және глиоциттердің түрлерін бір-бірінен
айыра білу. Нейроциттердің және жүйке талшықтарының микроскопиялық және
ультрамикроскопиялық цитология лық ерекшеліктерін білу. Нейроциттердің құрылысы
туралы мәліметтерді, олардың қызметтері белсенділігімен байланыстыру.
Бақылау сұрақтары
1.
Жүйке ұлпасының организмде кездесетін орны мен қызметі.
2.
Нейронның құрылысы, өсінділер санына және қызметіне байланысты жіктелуі.
3.
Дендрит және нейрит, олардың бір-бірінен айырмашылықтары.
4.
Нейроглия, оның құрылысы, қызметі, түрлері.
5.
Рефлекторлық доға, оның анықтамасы, ондағы нейрондардың түрлері мен қызметі.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 162-179 б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3. Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных». Словацкое
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962
Достарыңызбен бөлісу: |