М.В.Кларин, Г.М.Құсайынов, В.П.Беспалько, Ж.Қараев еңбектеріне сүйенсек педагогикалық технология дегеніміз - өнер, шеберлік, білік, білімді меңгерудің жаңа жолы (оқытуды ұйымдастырудың жаңаша формалары, әдіс-тәсілдері), оқыту процесін ұйымдастырудың, өткізудің жан-жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі; оқытуда мақсатты нәтижеге жетудің кепілдік беретін жазбаша үлгі-жоспары, оқыту процесінде адамның іс-әрекетімен техниканың мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану т.б.

Қорытынды пікірлер
Қорытынды пікірлер
Педагогикалық технологиялар адамдық технологиялар ретінде қарастырылады және психодиагностика, әлеуметтік педагогика, кибернетика, басқару және менеджмент теорияларына негізделеді.
Ал, біздің пікірімізше педагогикалық технология дегеніміз – белгілі бір тәрбиелеу немесе оқыту мақсатында тиімді нәтиже алу үшін ұсынылатын технологияның бір түрі.
Ақпараттық технология:
Ақпараттық технология:
1) объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс;
2) ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиынтығы.