Қорытынды. Жалпы CoDeSys бағдарламасы контроллерлерді бағдарламалаудың заманауи құралы. Дискретті сигнал мен аналогты сигналдың айырмашылығын қарастырдық. Аналогтық-шамасы белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз сақталатын, генераторлық процестерге ұқсас сигналдар. Дискретті-шамасы белгілі бір уақыт нүктелерінде мәндер түрінде сақталатын және деңгейдің тұрақты мәндерін қабылдайтын сигналдар. Осы арқылы бағдарламаның құрылымын зерттеу барасында кіріс пен шығыстың атқаратын рөлін анықтадық. Логикалық операторлармен таныстық. Оның ішінде and, or, not, xor операторларымен жұмыс жасалды. Визуализация арқылы біз жобаның графикалық көрінісін жасай алдық. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде графикалық элементтердің пішіні мен түсі айнымалылардың мәндеріне байланысты өзгереді.