1- Сурет. Жалпы компьютерлік жүйе құрамы мен құрылымы
Компьютерлік жүйенің төменгі жағында үш деңгейлі аппараттық қамтама орналасады. Оның ең төменгі деңгейін физикалық құрылғыларқұрайды. Олардың жобалануы, жасалуы, орналасуы мен жұмыс жасайтындығы электроника саласындағы инженерлік мамандарға қатысты болады. Ортаңғы деңгейде микросұлбалар орналасқан, онда физикалық құрылғылар функционалдық бірлік ретінде қарастырылады. Онда бас процессордың, оперативті жадтың, регистірлердің жұмысын жүзеге асыратын микросұлбалар орналасқан.
Ортаңғы деңгейінде бас процессордың, оперативті жадтың, регистірлердің жұмысын жүзеге асыратын микросұлбалар орналасқан. Олардың жұмыс істеу тапсырмалары белгілі командалар (бұйрықтар, нұсқаулар) тізбегінен құрылған бағдарламалар түрінде беріледі. Командалардың жиыны машиналық тілді құрайды.
Олардың жұмысын бақылау тікелей аппараттық жабдықтармен немесе бағдарламалық қосымшалармен орындалады. Бағдарламалық қосымшалардың жұмыс істеу тапсырмалары белгілі командалар (бұйрықтар, нұсқаулар) тізбегінен құрылған бағдарламалар түрінде беріледі. Командалардың жиыны машиналық тілді құрайды. Ол төменгі жақтың жоғарғы деңгейінде болады. Командаларға ақпаратты оперативті жадқа жазу, оқу, ауыстыру, өшіру сияқты амалдар мен қатар арифметикалық ( қосу, алу, көбейту, бөлу және т.б.) және әртүрлі логикалық (шамаларды салыстыру және т.б.) амалдар жатады. Машиналық тілде бағдарлама жазу өте мұқияттылықты және көп уақытты талап ететін қиын жұмыс, себебі бағдарламада командалар саны мыңдаған болады. Компьютерлердің бірінші буынында осы сияқты жұмыстардың бәрін пайдаланушы өзі жасаған. Кейінгі буындарда пайдаланушыны осы қиындықтардан құтқару үшін арнаулы жасалынған жүйелік бағдарламаны амалдық жүйе деп атады.
Компьютерлік жүйенің бағдарламалық қамтамасы.
Бағдарламалық қамтаманың төменгі деңгейінде жүйелік бағдарламалар жатады. Жүйелік бағдарламалардың ішіндегі ең маңыздысы және ең күрделісі амалдық жүйе болады.
Амалдық жүйе компьютерге қосылған барлық құрылғылардың жұмысын жүргізу, басқару, бақылау және тоқтатуды дұрыс қамтамасыз етеді және тікелей аппараттық байланыстың қажет еместерін біртіндеп жояды. Мысалы, диск тіркегішіне дискідегі орнын, негізгі жадтағы адресін, оқылуы керек байт саны мен әрекет (оқу немесе жазу) бағытын жазып, оқуға немесе жазуға команда беруге болады. Іс жүзінде параметрдің көп санын беру керек, ал диск қайтаратын амал статусы айтарлықтай күрделі. Сонымен бірге енгізу-шығару құрылғыларының көбін бағдарламалау кезінде уақыттық ара қатынастары өте маңызды. Амалдық жүйе пайдаланушыға файлдарды қарауға, оқуға және жазуға қарапайым және ыңғайлы мүмкіншілік береді. Ол пайдаланушының бағдарламаласына қажетті барлық деректерді уақытысында беруге және ресурстарды тиімді пайдалануға немесе оларды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Амалдық жүйе құрамына компьютермен бірге келген командаларды түрлендіргіш, жүйедегі
терезелер, түзеткіштер және т.б. бағдарламалар кіреді. Амалдық жүйе ядросы немесе супервизор деп аталатын режимде іске қосылатын бағдарламалар бар. Олар пайдаланушының аппарат құралдар көмегімен араласуынан қорғалған. Ал түрлендіргіштер мен түзеткіштер пайдалану режимінде іске қосылады. Көптеген жүйелерде пайдалану режимінде жұмыс істегенмен амалдық жүйелерге көмектесетін немесе арнайы міндеттер орындайтын бағдарламалар бар. Мысалы, пайдаланушыға өз рөлін ауыстыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиі кездеседі. Кейбір жүйелерде, әдетте амалдық жүйелердің негізгі бөлігі (мысалы, файлдық жүйе) деп саналатынның өзі пайдаланушының кеңістігінде жұмыс істейді. Мұндай жүйелерде нақты шекараны анықтау қиын.
Жүйелік бағдарламаларға пайдаланушы бағдарламалау үшін берілетін ассемблер, транслятор, редактор, жүктегіш (загрузчик), түзегіш (отладчик) және т.б. төменгі деңгейдегі бағдарламалық камтамалар жатады. Мұндағы ассемблер машиналық тілге бірге-бір болып сәйкес келетін төменгі деңгейдегі символдық тілден, транслятор жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілінен машиналық тілге автоматты аударатын және пайдаланушының алғашқы кодтағы прграммалырының синтаксистік қателерін ұстап түзетуге мүмкіндік береді. Редактор машиналық тілге аударылған бағдарламаларды, олардың функцияларын жоғалтпай, бөлшектеуге немесе біріктруге мүмкіндік береді. Жүктегіш бөлінген немесе біріктірілген машиналық тілдегі бағдарламаларды оперативті жадтың әртүрлі немесе бір бөлігіне жүктейді. Түзегіш машина тіліндегі (объекті кодтағы) бағдарламаны жұмыс істетіп, олардың семантикалық қателерін тауып түзетуге мүмкіндік береді. Бұлардың барлығы жасаушысынан өте біліктілікті талап ететін арнаулы бағдарламалар.
Жүйелік бағдарламалардан жоғары қосымша (қолданбалы) бағдарламалар орналасқан. Көбіне олар сатылып алынады немесе пайдаланушы өзінің жекелеген мәселелерін (мәтінді өндеу, электронды кестелер, техникалық есептеулер немесе мәліметтер базасында ақпараттарды сақтау және т.б.) шешу үшін жазады. Белгілі деңгейде амалдық жүйе екі негізгі, бірақ өзара байланыссыз міндеттерді (машина мүмкіндігін кеңейтуді және орындауды; оның ресурстарын басқаруды) жүзеге асырады.
Негізі түсінік бойынша нақты компьютерлік жүйенің құрылымен білмейінше, онымен жұмыс істеу мүмкін емес және қазіргі дербес компьютердің кез келген қолданушысында ертеме, кешпе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз.
Дәрiске әдiстемелiк нұсқау
Дәрiсте берiлген материалды игеру үшiн компьютерлік жүйеге берiлген
анықтамаға көңiл бөлу керек. Негiзгi ұғымдарға анықтама берiп, оларды ажырата бiлу керек. Дәрiсте берiлген негiзгi мәселелер мен сұрақтарға мән берiңiз. Берiлген терминдерге анықтама берiңiз. Компьютерлік жүйенің құрылымына талдау жасаңыз.
1.2 Амалдық жүйенің мүмкіндіктері
Достарыңызбен бөлісу: |