34
а)
ауызша (вербальді) тіректер көмегімен (кілтті сөздер, жоспар, тезистер,
атаулар және т.б.);
б)
ақпарат көздеріне негізделген (сурет, кинофильм, телехабар және т.б.);
в)
зерттелінген тақырыпқа
сүйене отырып
.
Дайындалмаған сөздің даму кезеңдері:
а)
ақпарат көзіне сүйене отырып (кітап, мақала, сурет, көркемдік немесе
деректі фильм және т.б.);
б)
білім алушылардың өмірлік және сөйлеу тәжірибесіне сүйене отырып
(бір мезгілде оқыған немесе көрген, өзіндік пікірге, қиялға және т.б.);
в)
проблемалық жағдайға, соның ішінде рөлдік ойындардағы және
талқылаулардағы.
Дайындалған диалогтік сөзді оқыту үшін сөйлеу жаттығулары:
-
сұрақтарға жауаптар (қысқаша, толық, ашық);
-
мәтінге түйінді сұрақтар қою;
-
тыңдалған немесе оқылған монологтық мәтінді диалогтандыру;
-
зерттелуші тақырыпқа және берілген жағдайға байланысты диалог құру;
-
монологтық мәтінді драмаландыру;
-
диалогты толықтыру немесе түрлендіру; әңгіме мазмұны бойынша
(кино, диафильм және т.б.) бағытталушы (немесе тәуелсіз) диалог құрастыру;
-
еркін бірізділікпен берілген диалогтық бірліктерді, диалогқа
біріктіру;
-
сұраққа оң және теріс жауап және оны түсіндіру;
-
ой салуға бағдарлау арқылы (кім, кіммен сөйлесуде, қайда, қашан және
не туралы) және т.б. диалогты аяқтау.
Достарыңызбен бөлісу: