Технологиясы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі290,2 Kb.
#5521

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН – ӨЗІ БАҒАЛАУЫНЫҢТИІМДІ 



ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

 

Князова Ақмарал Қамбарбекқызы 

№53 мектеп-лицейі , Химия және биология пәндерінің мұғалімі 

knyazova1986@mail.ru. 



 

Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті 

мәселелердің  бірі.  Көптеген  жылдар  бойы  оқушы  жетістігі  басқа  оқушы 

жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға 

деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты 

критерийлері,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  кері  байланыс  болмады. 

Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі 

жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 

(«жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, 

тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Осыған 

орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс 

жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да 

таза  нормативтік  бағалау  құралы  сияқты  дәлдігі  жетіспейтін  құрал  ретінде 

ұсынылатындығы 

күмән 

туғызбайды. 



Халықаралық 

бакалавриат 

мектептеріндегі  бағалаудың  басты  функциясы  білім  алу  ағымының 

ерекшеліктерін айқындауға және сәйкес келетін түзетулер енгізуге мүмкіндік 

беретін талдау үрдісі болып табылады.  

Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың 

нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін 

қолданылатын  термин.  «Бағалау»  термині  «жақын  отыру»  латын  тіліндегі 

мағынада-бағалаудың  негізгі  сипаты  бір  адам  басқа  адамның  не  айтып,не 

істегенін  немесе  өзін-өзі  бақылау  жағдайында  өзінің  дербес  ойлауын, 

түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.  

Жалпы бағалау екіге бөлінеді: 

Оқыту үшін бағалау (формативтік)-ОүБ бұл білім алушылар өздерінің 

оқудың  қандай  сатысында  тұрғанын  қандай  даму  керек    және  қажетті 

деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың 

мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі  



Оқуды  бағалау

 

(суммативті)  -тікелей  келешек  оқытуға  үлес  қосуға 

бағытталмаған,бірақ  маңызды  мәні  бар  тестілеу  оқыту  үдерісіне  кері  әсерін 

тигізуі  мүмкін.  Оқуды  бағалау  кезінде  бір  оқушының  жетістіктерінің 

белгіленген  нормаларымен  немесе  бірдей  жастағы  оқушылар  тобының  қол 

жеткізген  деңгейімен  арақатынасы  салыстырылған  соң  қорытынды 

жасалады. 



Формативтік  (қалыптастырушы)  және  жиынтық  (суммативті)  мақсат 

арасындағы 

айырмашылық 

1960 


ж 

жылдардан 

бастап 

белгіленген,бірақ,берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған.Іс жүзінде 



бұдан  анығырақ  айырмашылық  жіктеу  және  есеп  беру  үшін  өткіізілетін 

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

оқуды  бағалау  және  нақты  мақсаты  оқушылардың  оқуына  ықпал  етуге 



арналған  оқытудың  бөлігі  ретінде  бағалауды  қолдану  болып  табылатын 

оқыту  үшін  бағалау  арасында  жүргізіледі.  Оқытуды,  әдістерді  және  осы 

мүмкіндіктерді  іске  асыру  түрлерін  жақсарту  мүмкіндіктерін  анықтауға 

бағытталған  бағалау  фомативті  немесе  оқыту  үшін  бағалау  (ОүО)  болып 

табылады. 

«Оқыту  үшін  бағалау»  дербес  тұжырымда  ретінде  1999  жылғы  зерттеу 

нәтижелері 

туралы 

мұғалімдерді 



және 

әдістеме 

жасаушыларды 

ақпараттандыру  мақсатымен  1989  жылдан  бастап  жұмыс  жүргізген 

Ұлыбритания академиктерінен құрылған Бағалау Реформасының Тобы автор 

болған  осы  аттас  (ОүО)  кітапша  жарияланғаннан  кейін  белгілі  болды.Егер 

бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың  алға жылжуын 

тіркеу  үшін  оқыту  қорытындысын  шығару  болса,онда  өзінің  функциясы 

бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау 

деп  атайды.  Жиынтық  бағалау  оқушының  мұғалімнің  немесе  мектептің 

мәртебесіне болашағына ықпал етуі, мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін 

қолданылған  жағдайда  өлшемдердің  сенімділігін  қамтамасыз  ету  керек,  бұл 

ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін 

арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады.  



Оқыту  үшін  үшін  бағалаудың  маңыздылығы-бағалау  оқыту  мен 

оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір 

өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып 

табылады. 



Жиынтық  (жиынтықтайтын  бағалау)-оқушылардың  білім  берудегі 

белгілі бір кезеңде (оқу бірлігінің,жартыжылдықтың және жылдың соңында) 

алған  жетістіктерін  бағалау.  Жиынтық  бағалау-мазмұн  стандарттарын 

меңгеру көрсеткіші, оның үш түрі болады: ауызша таныстырылым, тест және 

жетістіктерін көрсету 

Формативтік  (қалыптастырушы)  бағалау-оқу  үдерісіне  өзгеріс  енгізу 

мақсатында  оқушылардың  алға  ілгерілеуін  бағалау.  Формативтік  бағалау 

оқушыларға 

өздерінің 

прогрестерін 

ұғынуға 

және 


бақылап 

отыруға,мұғалімнің  көмегімен  алдағы  қадамдарын  жоспарлауға  мүмкіндік 

береді. Формативтік бағалау белгілі бір сызбалар бойынша жүргізіледі және 

оқу үдерісінің тиімділігі мен дұрыс бағытын қамтамасыз етіп, оқушылардың 

оқудағы  мұқтаждықтарын  білуге  мүмкіндік  тудырады.  Формативтік 

бағалаудың мынадай тәсілдері бар: 

-бақылау; 

-оқушылардың ауызша жауаптары; 

-оқушылардың жазбаша жұмыстыры; 

-тестілік тапсырмалар. 

Формативтік  бағалау  екі  жолмен  жүзеге  асырылады:  холистік  бағалау 

сызбасы-оқу  үдерісінің  мақсаттары  бойынша  анықталған  қабілеттерді  жеке 

жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқы мерзімде және жалпы 

түрде  бағалау.  Аналитикалық  бағалау-оқушылар  үшін  көзделген  нақты 



«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

қабілеттерді  белгілі  бір  ұзақ  мерзім  ішінде  біртіндеп  бақылап  отыру  және 



бағалау.  

Міне осындай кемшіліктерді жою үшін критерий арқылы бағалауды жөн 

көрдім.  

 

Сабақтың 



тақырыбы:Химиялық 

формула 

бойынша 

заттың 

салыстырмалы молекулалық массасын есептеулер 

Сыныбы_______________________________________________ 

Оқушының аты –жөні____________________________________ 

Бағалау 

критерийлері 

Орындалатын 

деңгейлер 

Балл 

 

Ұпайлар 

Өзінің 

балы 


Мұғалімнің 

балы 

Элементтердің 

салыстырмалы 

молекулалық 

массасын білу 

жартылай 



толықтай 

Химиялық 



формуланы 

пайдаланып,пропо

рциямен 

түрлендіріп 

есептерді 

шығара білу 

формуланы, 

реакцияны біле тұра, 

теңестіре 

және шығара алмауы 





Рекцияны теңестіріп, 

формуланы пайдаланып 

реакцияны теңестіріп 

жүйелі түрде шығару 

Берілген уақытты 



пайдалану 

жартылай 





толық тиімді 

Өзінің ойын еркін 



жеткізіп есептерді 

дәлелдей алуы 

Жартылай 



толығымен 

Шығармашылық 



ізденісте болуы 

Оқулықпен шектелуі 





Қосымша 

тапсырманың орындалуы 

 

 9-10 балл – «5»6-8  балл – «4»4-5 балл – «3»0-3  балл – «2» 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.



 

Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 

арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші 

(негізгі) деңгей. 

2.

 

Дарынды оқушы сайты. «Дарынды оқушылардың қабілетін дамыту» 



баяндамасы. Т.Жароков атындағы орта мектептің мұғалімі Шүкіров С.С. 

3.

 



Алтын-Урпак-3 

сайты. 


«Дарынды 

балалар-ұлт 

болашағы» 

баяндамасы. Бастауыш сынып мұғалімі Жапенова Манат. 



«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет