Тәжірибеліқ жұмыс №4
1. Дәрістің мазмұнын талдаңыз және «арнайы білім беру қажеттіліктері» ұғымының жеке анықтамасын тұжырымдаңыз (дәптерге жазу);
2. «Инклюзивті мектеп моделі» жобасын дайындау. Түсіндірме жазбада (өзектілігін, мақсатын, міндеттерін, күтілетін нәтижелерін) және жобаны іске асыру механихмдерін ашып көрсету
3. Инклюзивтік білімге қарым-қатынасын анықтау мақсатында оқушылар мен мұғалімдер үшін сауалнама дайындау (әр санат үшін кемінде 5 сұрақ)
1. Арнайы білім беру қажеттіліктері - даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемаларына, орталық факторларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар);
Арнайы білім беру қажеттіліктері - оқу-дамыту барысындағы сапалы білімалуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік;
2. Инклюзивтілік – қоғамның хал-ахуалы, шешімді қабылдау кезінде топтардың (соның ішінде әлсіз топтар) барлығының мүдделері есепке алынған кезде ғана жақсара түседі.
Инклюзивті білім – олардың физикалық, психикалық, зияткерлік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың жалпы білім беру жүйесіне тартылуын көздейтін оқыту мен тәрбиелеу үдерісі.
Инклюзивті білімнің 8 қағидаты:
1. Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес;
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
3. Әрбір адам сөйлесуге және естілуге хақылы;
4. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж;
5. Нағыз білім тек шынайы өзара қарым-қатынас жағдайында жүзеге асады;
6. Барлық адамдар құрдастарының қолдауына және достығына мұқтаж;
7. Барлық білім алушылар үшін ілгерілеуге қол жеткізу олардың нені істей алмайтыны емес, не істей алатынында болуы керек;
8. Әралуандылық адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді.
Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты:
● Қоғамның көз –қарасын өзгерту
● Жолдастарымен тіл табыса білуге үйрету
● Толық білім алуды ұйымдастыру
● Қоршаған ортаға бейімдеу
● Дені сау балалармен тең ұстау
● Өз-өзіне сенімін арттыру
Жүзеге асу жолдары:
● Коррекционды сыныптар
● Техникалық құралдар мен жабдықтар
● Педагогикалық- психологиялық консилиум
● Дефектолог жұмысы
● Логопед жұмысы
● Педагогикалық-психологиялық коррекциалық кабинет
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері . Инклюзивті білім беру - жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен бірге оқыту
Инклюзивтік білім беру негізінде – барлық адамдарға тең қарым-қатынас
Балалар арасында дискриминацияны болдырмау,
Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |