«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына шолу жасау және таныстыру. Цифрландырудың ғаламдық трендтері және халықаралық тәжірибе. Бағдарламаны жүзеге асырудың мақсаттары, міндеттері, мақсаттық индикаторлары және көрсеткіштері
Мақсаты: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен таныстыру. Цифрландырудың ғаламдық трендтері және халықаралық тәжірибелерге шолу жасау. Бағдарламаны жүзеге асырудың мақсаттары, міндеттері, мақсаттық индикаторлары және көрсеткіштерімен таныстыру.
1. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.
2. Цифрландырудың ғаламдық трендтері және халықаралық тәжірибелер
3. Бағдарламаны жүзеге асырудың мақсаттары, міндеттері, мақсаттық индикаторлары және көрсеткіштері.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу дамудың екі бағыты бойынша жүруді білдіреді:
"Қазіргі экономиканы цифрландыру" - нақты сектордағы нақты жобалардан тұратын прагматикалық бастауды қамтамасыз ету, экономиканың қазіргі салаларын, мемлекеттік құрылымдарды цифрландыру және оларды технологиялық қайта жабдықтау жобаларын іске қосу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту.
"Болашақтың цифрлық индустриясын құру" - адами капиталды дамыту деңгейін көтеру, инновациялық даму институттарын құру және жалпы алғанда, цифрлық экожүйені қарқынды дамыту есебінен ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету, елдің цифрлық трансформациялауды іске қосу.
2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылатын Бағдарлама еліміздің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін беруді қамтамасыз етеді және еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.
Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты:
1. "Экономика салаларын цифрландыру" - еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.
2. "Цифрлық мемлекетке көшу" - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты.
3. "Цифрлық Жібек жолын іске асыру" - ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.
4. "Адами капиталды дамыту" - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.
5. "Инновациялық экожүйені құру" - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.
Қазақстан экономикасын цифрландырудың қазіргі орташа деңгейі бүгінгі күні кедергі болмайды, бірақ дамуға сапалы серпіліс жасау мүмкіндік, бұл елімізді әлемдік аренада бірінші орынға шығаруға мүмкіндік береді. Ол үшін осы Бағдарламада сипатталған бес бағыт бойынша және оған қосымшада аталған іс-шаралар шеңберінде шаралар кешенін және жүйелі жұмыстар қабылдау болжанады. Іс-шаралар тізбесі жаңартылып отырады.
Бүгінгі күні Интернет экономикасы дамушы елдерде жылына 25%-ға дейінгі қарқынмен өсіп келеді, бұл ретте экономиканың бірде бір саласы мұндай қарқынға тіпті жақындай да алмайды. Барлық жаһандық деректердің 90%-ы бар-жоғы соңғы екі жылдың ішінде жасалды. Қазірдің өзінде интернетке 35 миллиард құрылғы қосылған және деректермен алмасуды жүзеге асырады, бұл цифр әлемдегі тұрғындардың жалпы санынан бес есе артық. Бірақ, сонымен бірге Үкімет пен корпорация жыл сайын кең таралған жаңа құбылыс - кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл жасауға жарты триллионға жуық АҚШ долларын жұмсайды.
Цифрландыруға күш салу адами капитал белсенді түрде дамитын - болашақтың білімі мен дағдылары ерте жастан бастап тәрбиеленетін, автоматтандыру және басқа да жаңа технологиялар есебінен бизнес жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артатын, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғамды құруға әкеледі. Цифрлық рефолюция біздің көз алдымызда өтуде.
Бұл өзгерістер соңғы жылдары түрлі салаларда қолданылатын көптеген технологиялық инновациялардың енгізілуімен туындады. Өндіріс және қосымша құнды алу тәсілдері түбегейлі өзгеруде, адамдардың білімі мен еңбек дағдыларына жаңа талаптар пайда болуда. Өнеркәсіптік заттар интернеті икемді және ақылды өндірістің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өндірістік салалардың болашағын қалыптастырады, өнімділіктің революциялық өсуін қамтамасыз етеді. Жасанды интеллект қаржы қызметтері мен медицина сияқты консервативтік салаларда да енгізілуде. 3D басып шығару технологиясы бүгінгі күннің өзінде авиация, логистика, биомедицина және автомобиль өнеркәсібі секілді салалардың трансформациялануына ықпал етеді. Блокчейннің жаһандық ақша жүйесін трансформациялауға барлық алғышарттары бар. Үлкен деректер және байланыстың жаппай қолжетімділігі жаһандық ауқымда қарқынды түрде таратылатын факторлардың бірі болып табылады, олардың негізінде "бірлесіп тұтыну экономикасы" құрылады. "Физикалық активтер болмаған жағдайда бірлесіп тұтыну" сегментінің көшбасшылары капиталдандыру мөлшері бойынша теңгерімінде көптеген миллиард физикалық активтері бар дәстүрлі компаниялардың құнынан асып түседі.
Бүгінде цифрландыру процесі әлемдегі барлық елдерге әсер етеді. Сонымен қатар әрбір ел цифрлық дамудың басымдықтарын өзі айқындайды. Әлемдегі 15-тен астам мемлекет қазіргі уақытта ұлттық цифрландыру бағдарламаларын іске асыруда. Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және Дания ұлттық экономикаларды цифрландыру бойынша алдыңғы қатардағы елдер болып табылады. Қытай өзінің "интернет плюс" бағдарламасында цифрлық индустрияны дәстүрлімен біріктіреді, Канада Торонтода АКТ-хабын жасады, Сингапур драйвері АКТ болып табылатын "ақылды экономиканы" қалыптастырады, Оңтүстік Корея "Креативті экономика" бағдарламасында адами капиталды, кәсіпкерлікті дамытуға және АКТ саласындағы жетістіктерді таратуға бағдарланады, ал Дания мемлекеттік секторды цифрландыруға баса назар аударуда.
Осы елдерде мемлекет бағдарламаны іске қосу мен іске асыруда маңызды рөл атқарады, бұл ретте табысқа жету "цифрлық жекешелендіру" деп аталатын жеке ойыншылардың қатысуына байланысты. Бүгінде біз мемлекеттің экономикалық жүйенің қатысушыларын цифрлық болашаққа саналы түрде итермелеуі сияқты көптеген мысалдарды байқаймыз. Мемлекет басымдықтар ретінде анықталған "тиімсіздіктерді" жабу үшін өзінің "тендерін" жариялайды. Ойыншылар өздерінің "бидтерін", жобаларды ықтимал іске асыруға пилоттық тұжырымдамаларын және тәсілдерді ұсынады. Мемлекет ұсыныстарды бағалап, пилоттық жобалар конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпазды таңдайды. Жеңімпаз, әдетте, тікелей мемлекеттік субсидияларды алмайды, бірақ өз жобасын "толық негізде" іске асыру құқығын алады (осы немесе басқа бағытта, сол немесе басқа салада, сол немесе басқа өңірде). Мемлекет нормативтік база саласында негізгі стейкхолдерлермен (өңірлік билік және т.б.) синхрондауды және кооперациялауды қолдау көрсетуді, сондай-ақ "цифрландырылатын" салаларға ынталандыру жасауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жеңімпаздардың консорциумын таңдауы мүмкін, бұл оны іске асыру кезінде тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді, сонымен бірге 2-3 ойыншы арасындағы бәсекелестікті қолдайды.