Тәжірибелік конференцияға материалдар = Материалы международной научно



Pdf көрінісі
Дата10.10.2024
өлшемі270,59 Kb.
#147542
Байланысты:
Беветхан Н



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары – 
17: «Қазіргі аграрлық ғылым: цифрлық трансформация» атты халықаралық ғылыми – 
тәжірибелік конференцияға материалдар = Материалы международной научно – 
теоретической конференции «Сейфуллинские чтения – 17: «Современная аграрная наука: 
цифровая трансформация», посвященной 30 – летию Независимости Республики 
Казахстан.- 2021.- Т.2, Ч.1 - С.297-299 
«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» - ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚҰЖАТЫ 
Беветхан Н.,
Айдарбекова Ж.Қ 
 
Заңдар – мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған 
нормативтік актілер кешені. Заң дегеніміз – сол мемлекеттегі саяси, 
әлеуметтік, экономикалық, рухани отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды 
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Заң мемлекеттік билікті жүзеге 
асыру әдістерінің негізгісі болып табылады [1, 165]. 
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның басты заңнамалық құжаты – Қазақстан 
Республикасының Конституциясы. Қазақ хандығының 17-18 ғасырларында 
халық ұшін басты «конституция» болған құжат - Тәуке ханның «Жеті 
жарғысы».
Тәуке ханның басшылығымен кемеңгер үш би – Төле, Қазбек, Әйтеке, 
қазақтың тұрмыс салтына сай келетін түсінікті «Жеті жарғыны» жазды. 
«Жеті жарғы» құқықтану заңдар жинағы ретінде бірнеше тарауға бөлінеді: 
әкімшілік, қылмыстық және азаматтық. «Жеті жарғының» мазмұндық 
тұрғыдан осылайша таралануы – бүгінгі барлық заңдардың құрылымына тән 
жіктелудің негізі.
Қазақтың әдет-ғұрып нормаларында «Жеті жарғыда» арнайы жазылған 
«қылмыс» деген сөз жоқ, бірақ оның орнына «жаман қылық», «жаман іс» 
деген сөздер қолданылған, яғни «жаман қылық» қылмыстың түсінігін берген. 
Бүгінде қолданылатын «қылмыс» термині адамның түсінігінде «үрей» 
туғызады. «Қылмыс» сөзі мен «жаман қылық, жаман іс» сөз тіркестерін қатар 
қойсақ, олар семантикалық тұрғыдан әртүрлі реңк береді. Менің айтпақ 
болғаным, ата-бабаларымыз үшін «жаман қылық» пен «жаман іс» бүгінгі 
«қылмыс» түсінігінен де терең ой берген. Оның астарында, дәстүрдің 
беріктігі, салттың маңыздылығы жатыр. Яғни, халықтың түсінігінде салт пен 
дәстүр сақталмаса, одан безер «жаман іс пен жаман қылық» болмаған. 
Әдет-ғұрып нормаларында қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне 
байланысты, қылмыстардың ішіндегі ауыр қылмыстар туралы арнайы 
анықтама жоқ. Ауыр қылмыстарды сол қылмыстарға арналған жазалардың 
ауырлығына байланысты айырып түсінуге болады. Мысалы, кісі өлтірген 
адамға өте үлкен құн төлеткен [2, 141]. 


Тәуке хан жинағында және басқа да кейінгі әдет-ғұрып заңдарында 
қылмыстық әрекеттер тізімі көрсетіліп, олар үшін белгілі жазалар 
белгіленген. Жәбірленушінің не оның туыстарының ықпалымен ғана 
қылмыстық істер қозғалған. Егер қылмыстық істер көшпенділер қоғамының 
мүддесіне қатысты болса, мал жайылатын жерді, қыстақты басып алса, көп 
мөлшерде малды ұрласа, әйелді ұрласа, не көбірек беделді адамдардың 
заттық мүдделеріне тиісті болса, сұлтандармен билердің, ақсақалдардың 
көзқарастарына қарай іс қозғалып сотқа берілген. Құлдардың қылмыстық іс 
қозғауға ешқандай құқығы болмаған. 
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды: 
1) Жер дауы заңы (земельный закон); 
2) Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон); 
3) Әскери заң (военый закон); 
4) Сот заңы (судебный закон); 
5) Қылмысты істер заңы (уголовный закон); 
6) Құн заңы (закон о Куне); 
7) Жесір дауы заңы (закон о вдовах) 
«Жеті жарғының» жеті заң мен жеті жарлықтан тұрған. Жеті жарғысына 
тоқталсақ: 
Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі әзіреті қастан өлтірілсе, 
олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». 
Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, 
олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны 
төленуі тиіс». 
Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын 
босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына 
байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп 
өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады». 
Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол 
жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз 
болады». 
Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп 
сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, 
мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек». 
Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жекеннен соң – ақ баталы 
жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, 
оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін». 
Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – 
атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді» 
[3, 234]. 
Адам өміріне қарсы қылмыстық әрекеттердің айырмашылығына байланысты 
төмендегідей қылмыс түрлеріне бөлінген: а) кісі өлтіру; б) ұрып-соғу және 
денеге жарақат салу; в) қорлау. 
Қазақтың әдет-ғұрып нормаларында адам өлтіргені үшін жазаланатын және 
жазалауға жатпайтын түрлері болған. Оларға мынадай қылмыстық әрекеттер 


жатқызылған: иесінің өз құлын өлтіруі, ұрыны қылмыс үстінде өлтіру. 
Сонымен қатар әдет-ғұрып заңдары қасақана және абайсызда кісі өлтіруді 
айырып көрсеткен. Яғни қорғалатын объектінің сипатына байланысты әдет-
ғұрып 
нормаларында 
кісі 
өлтірудегі 
қылмыстық 
әрекеттердің 
айырмашылығына көңіл аударылып кінәні ауырлататын және кінәні 
жеңілдететін нормалар белгіленген. 
Қазақ жерінде отбасы қасиетті болып саналған. Отбасы – әр адамның өз 
ошағы, жұбайы, балалары, ата-анасы және жақын туыстары. Қазақтың әдет-
ғұрып нормаларының қылмыстық құқығында отбасына қарсы мынадай 
қылмыстар белгіленген: а) әйел адамды ұрлау, зорлау; ә) зинақорлық; б) ата-
анаға қарсы қылмыс. 
Мүліктік қатынастарға қарсы қылмыстық әрекеттерді екі топқа бөліп 
талдауға болады: а) ұрлық және тонау; б) біреудің мүлкін жою немесе зиян 
келтіру. 
Қоғамға және басқару тәртібіне қарсы қылмыстар бойынша, әдет-ғұрып 
нормаларында билеу тәртібіне қарсы қылмыстардың түсінігі, басқа 
категориядағы қылмыстардың түсінігінен бөлініп көрсетілмеген. Мысалы, 
билік өкілдерінің қызметін, еңбегін бағалау, тіл тигізу, қорлау, қазақтың-ру 
зиялыларының ар-ұятына қарсы қылмыстың түсінігімен бірдей қаралады. 
Өтірік ант беру және өтірік куә болу, мемлекеттік билік органдарының 
қызметін бұзғандық қана емес, дінге қарсылық білдіру болып есептелген. 
«Мемлекеттік қылмыс» деген ұғым әдет-ғұрып нормаларында арнайы 
көрсетілмеген. Бірақ «мемлекеттік қылмысқа» жататын қылмыстық 
әрекеттер болған, олар: Отанды сатқандар, әскерден қашқандар [4, 12]. 
«Жеті жарғының» мазмұнында дінге, шариғатқа қарсы қылмыстардың (ауыр, 
жеңіл, орташа) түрлері көрсетілген. 
Қорыта айтқанда, «Жеті жарғы» - тәуелсіз Қазақстан Конституциясының 
тамыры, түп негізі. Халықтың салты мен дәстүрін берік ұстаудың 
заңнамалық реттеуші құжаты, қайнар бастау мен негізі

Әдебиеттер тізімі 
1. 
Қазақстан «Ұлттық энциклопедия». 4 том. – А., 2002. – 316 б. 
2. 
Артықбаев Ж.О. Жеті Жарғы. - Алматы, Заң әдебиеті, 2004. – 150 б. 
3. 
Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы, 1994. – 274 б. 
4. 
Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер 10 томдық 
Тасмағамбетов И.Н., Тажин М.М., Жанаханова Қ. – Астана, 2007. – 4 том, 
189 б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет