Филология факультеті күндізгі оқу бөлімі КС-41 (5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын
мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша) педагогикалық іс-
тәжірибесінің қорытынды
Е С Е Б І
КС-41 тобының студенттері 21.01.2019 – 3.04.2018 ж. аралығында педагогикалық іс-
тәжірибеден өтті.
1. Қазақ тіл білімі және қазақ әдебиеті кафедраларының іс-тәжірибе барысында
жүргізген жұмыстары:
а) Педагогикалық іс-тәжірибе басталмас бұрын факультеттің практика жетекшісі доц.
С.А.Боранқұловтың және әдіскерлер А.Л.Қасымхан мен Д.А.Рахымбаевтардың
ұйымдастыруымен студенттерге бағдар беру конференциясы өткізіліп, іс-тәжірибені
ұйымдастыру, өткізу жоспары бекітіліп, жан-жақты түсіндірілді. Оған кафедраның
профессор-оқытушылар құрамы және педагог-психологтар қатысты.
ә) Іс-тәжірибе алдында іс-тәжірибе өткізілетін № 27 ЖББОМ байланыс орнатылып,
алдын ала екіжақты келісім жасалды. Топ студенті Сағатова Жанар отбасылық жағдайына
байланысты өз туған жеріне бөлінді. Сондай-ақ іс-тәжірибенің мақсат-міндеттері
белгіленіп, іс-тәжірибенің бағдарламасы бекітілді. Бағдарламалық, күнтізбелік кестесі
түзілді. Іс-тәжірибе алдында топ студенттердің тізімі, іс-тәжірибе өткізетін орны
көрсетілген және күнтізбелік жоспары тіркелген ұсыныс кафедра, деканат атынан
ұсынылып, ректордың бұйрығы негізінде студенттерге іс-тәжірибеге жолдамалар мен
күнделіктер берілді. Іс-тәжірибешілердің әрқайсысына жекелей және барлығына ортақ
тапсырмалар, нақты нұсқаулар таратылды. Құжаттарды қалай толтырып, қалай пайдалану
керектігі бағдар беру конференциясында толық түсіндірілді.
2. Студенттер педагогикалық іс-тәжірибенің жұмыс бағдарламасында көрсетілген
барлық бөлімдер бойынша тыңғылықты жұмыс істеді. Әрбір студент өзіне бекітіліп
берілген сыныптарға қазақ тілі мен әдебиетінен 36-40 сағат көлемінде сабақ жүргізді (13
апта), сонымен бірге тәрбие жұмыстарын да қатар алып жүрді. Инклюзивті білім беру
бағдарламасы бойынша оқитын оқушылармен жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Сол уақыт
аралығында болған мерекелік шараларға белсене атсалысты. Іс-тәжірибе кезінде өз
пәндері бойынша сабақтарын қызықты да, тартымды өткізе отырып, күнделікті
сабақтарына түрлі көрнекі құралдарды пайдалана білді. Сонымен қоса жаңа стратегияны
пайдалана отырып, оны оқушыларға таныстырып, сол бойынша жұмыс жасады.
Бұйрық бойынша Сағатова Жанар өз ауылына іс-тәжірибеден өтуге рұқсат алды.
КС-41 тобының студенттері Кенжехан Лаура, Жұмаділдина Гүлдана, Омар Гүлмира,
Серікбай Әсем Қарағанды қаласындағы № 34 ЖББОМ-ке бөлінді. Практиканың алғашқы
2 аптасында пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің сабақтарына қатысып, тәжірибе
алды. Практиканттар пән мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне бөлінді. Күнделікті
бөлінген сыныптарында уақытында барып, сабақтарына қатысып, одан кейін өздері
сабақтар өткізді. Әрқайсысы іс-тәжірибе барысында 35-40 аралығында сабақ өткізді.
Оның ішінде қазақ тілінен және қазақ әдебиетінен ашық сабақтар өткізді.
Жұмаділдина Гүлдана 6 «ә»-сынып жетекшісі болып бөлініп, сол сыныпта
«Қазақстан картасы бойынша саяхат», «Түркістан – тарихи қала» сабақтарын, «Қазақ
тілінің білгірі» сайысын ұйымдастырды. 4 «г»-сыныбында «Құстар» тақырыбында ашық
сабақ өткізді; Кенжехан Лаура 5 «б»-сыныбында қазақ тілінен «Аспан әлемін зерттеген
көшпенділер», «Компьютердің зияны мен пайдасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді,
«Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырды; Серікбай Әсем 3
«в»-сыныбында «Су- тіршілік көзі», «Қазақтың қаһарман ұлы» ашық сабақ өткізді; Омар
Гүлмира 10 «б»-сыныбында «Қандай мамандықтар сұраныста?», «Ғарышкерлер күні»
тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Студенттер сабақтарын жаңа технологияны пайдалана отырып, әртүрлі әдіс-
тәсілдерді қолдана отырып, іс-тәжірибе барысында жинақтаған әдістерін жүзеге асыра
отырып өткізді. Сондай-ақ студенттер түрлі тақырыптарда ашық тәрбие сағатын жүргізді.
Мәселен, «Шынықсаң, шымыр боларсың», «Тіл тұғыры», «Менің сүйікті кітабым»,
«Ғарыш әлемі» т.б. тақырыптарда тәрбие ағаттарын өткізді
Практиканттар мектептегі тазалық жұмыстарына, көгалдандыру жұмыстарына
көмектесті.
Сонымен бірге әрбір мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстары қатар жүргізілді, онда
университетіміздің тыныш-тіршілігі, бүгіні мен ертеңі, маман кадрларды даярлаудың жай-
күйі таныстырылды. 10-11-сынып оқушыларының білімін байқау мақсатында тест
негізінде бақылау алынды. Бітіруші түлектердің қандай ЖОО-на баратындығына
сауалнама жүргізілді.
3. Іс-тәжірибеге кафедра, деканат үзбей басшылық жасап, үнемі қадағалап отырды.
Студент-практиканттардың сабақтарына қатысып, олардың білім сапасы мен тәжірибелік
еп-дағдыларына назар аударылды. Сабақтың нәтижесін талқылап, жетістіктері мен
кемшіліктерін сөз етті. Алдағы уақытта қандай мәселелерге көңіл аудару керектігін айтты.
Байқағанымыз: студенттер алғашқы сабақ берген кездегіден әлдеқайда төселгендігі,
өздерін еркін ұстауы, білім-деңгейлерін жетілдіргені көрінеді.
4. Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінің негізгі кемшіліктері ретінде заман
талабына сай жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту, өздерін сенімді ұстау, орыс
сыныптарында сабақ жүргізуде тәжірибе жағы жетіспейтіндігін және жаңа буын
оқулықтарының аздығын айтуға болады. Психологиялық тұрғыдан көп дайындық қажет.
Жоғары сыныпта сабақ жүргізу барысында алғашқы кезде сенімсіздік болғанмен, аз
уақытта төселгендері байқалды.
5. Кафедра оқытушылары іс-тәжірибе кезінде біліктілігін арттыру мақсатында мектеп
ұжымымен тынбай байланыс жасап отырды. Мектеп басшылығымен, сынып
жетекшілерімен пікірлесіп отырды. Кітапханалармен тығыз байланыс орнатып,
студенттерге қажетті теориялық және іс-тәжірибелік білім көздерімен дер кезінде
таныстырды. Тәжірибелі мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысу арқылы білімдерінің
жан-жақты толығуына жағдай жасады.
6. Студенттер іс-тәжірибесінің тиімділігін арттыруға ықпал еткен жұмыс түрлері:
Әрбір сабақты толықтай жан-жақты талқылап, талдау, студенттің жетістігі мен кемшілігін
көрсету; теориялық дайындығының жоғарылығы; өзара сабаққа қатысу; тәжірибелі
мұғалімдердің сабақтарына жиі қатысып, өзара тәжірибе алмасу; жаңаша оқыту әдіс-
тәсілдерін жетік меңгеруі; интерактивті тақталармен тиімді жұмыс жүргізе алуы; өз
мамандығынан бөлек пән мұғалімдерінің озық тәжірибесімен танысу; нәтижелі өткен
әрбір іс-шарадан кейінгі мектеп әкімшілігі тарапынан айтылған жылы сөздер т.б.
7. Іс-тәжірибе қорытындысы іс-тәжірибенің соңғы аптасында мектеп ұжымы және пән
мұғалімдері, сынып жетекшілерінің қатысуымен талқыланып шығарылды. Бас қосуда
әрбір студенттің атқарған жұмыстары сараланып, қолына тиісті құжаттар тапсырылды.
Сондай-ақ іс-тәжірибе қорытындысы кафедра отырысында, факультетте өткізілген
қорытынды конференцияда жан-жақты талқыланды. Онда мектепте болған іс-тәжірибе
жетекшілерінің есебі тыңдалды, студенттердің пікірлері ортаға салынды. Осылардың
негізінде іс-тәжірибе қорытындысы шығарылды. Іс-тәжірибеден өткен студенттердің
ішінде Жұмаділ Ұлдана мектеп әкімшілігі және жаапты оқытушы тарапынан алғыспен
марапатталды. Практика барысында көптеген жаңа инновациялық технологияны
қолданып жұмыс істегені тапсырған құжаттарынан байқалды. Сондай-ақ қалған
студенттер де мектеп тарапынан іс-тәжірибе уақытында мектепішілік жұмыстарға
қатысқаны және жақсы тәжірибе көрсеткені үшін алғыс алды.
8. Педагогикалық іс-тәжірибеден өткен студенттердің қорытынды бағасы:
1. ------------ 3,67 (95)
2. ------------ 3,67 (93)
3. ------------- 3,67 (94)
4. -------------- 2,67 (75)
5. -------------- 3,67 (94)
9. Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуде кездескен негізгі
қиындықтар: мектепте оқытудың техникалық құралдары аздық етеді; оқытуда жаңа
технологияны пайдаланудағы аздаған қиындықтар т.б.
Ұсыныстар мен қорытындылар:
- мектеппен байланысты күшейту;
- кафедра оқытушылары оқушылардың ғылыми жоба жазуларына ғылыми-
әдістемелік көмек көрсетуді жандандыру;
- орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті әдістемесіне қатысты жаңаша амал-
тәсілдерді тереңдетіп оқыту;
- тәжірибе алмасу үшін мектеп мұғалімдерімен бірлескен семинарлар ұйымдастыру.
Қорытындылай келе, КС-41 тобы студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесі талапқа
сай өткізілді деп есептейміз.
Кафедра меңгерушісі
Іс-тәжірибе жетекшісі
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |