Тексерген: ахметжановна н. Б



Pdf көрінісі
Дата22.01.2023
өлшемі12,78 Mb.
#62313
Байланысты:
Osteologia презентация

62313

Остеология
ОРЫНДАҒАН: МУРАТБЕК АСЛАН
ТЕКСЕРГЕН:АХМЕТЖАНОВНА Н.Б


Skeleton
Қаңқа
Қаңқа деп механикалық маңызы бар, сүйек тінінен
жаралған, бір-бірімен белгілі заңдылықпен байланысқан
қатты мүшелер- сүйектер мен шеміршектерді айтады.
Сүйекті сыртынан тығыз дәнекер тінінен түзілген екі
қабатты сүйекқап қоршап жатады. Сыртқы қабаты сүйек
тінінің жасушалары – остеобласттарға бай келеді.
Остеобласттардың көбеюі нәтижесінде сүйек тіні
түзіледі, сүйекте жаңа қабаттар пайда болып, оның
көлденеңнен өсуін қамтамасыз етеді.


Қаңқа бөлімдері
Қаңқа бөлімдері
Жануарлар қаңқасы біліктік және шеткі
болып екі бөлімге бөлінеді. Біліктік қаңқа
бас сүйектерінің қаңқасы мен тұлғаның
бағыналы бөлімінен (омыртқалар,
қабырғалар, төс) тұрады. Шеткі қаңқа
алдыңғы және артқы аяқтардың
сүйектерінен тұрады және өз кезегінде
белдеу және еркін қозғалатын бөлімдерге
бөлінген


Vertebra
Омыртқа - үш бөлімнен;
омыртқа денесінен, омыртқа доғасынан
және омыртқа тесігінен тұрады.
Барлық омыртқалар бірігіп омыртқа бағанын
құрайды. Омыртқалардың ортасында жұлын
орналасатын омыртқа тесігі болады. Олар түрлеріне
сәйкес мойын, көкірек, бел, құйымшақ және құйрық
омыртқалары болып бөлінеді. Омыртқалар құрылыс
жағынан аралас сүйектер қатарына жатады.


Costa
Қабырғалар - көкірек көрегесі
бүйір
қабырғаларының қаңқасын
құрайды.
Олар екі бөлімнен; сүйек
қабырға
және қабырға шеміршегінен
түрады.


Thorax
Көкірек керегесінің қаңқасын - жоғары жағынан
көкірек омыртқалары, екі бүйірінен қабырғалар,
төменгі жағынан төссүйек құрайды. Көкірек
керегесінің пішіні екі жағынан кесілген конусқа
ұқсайды.


Көкірек керегесінің
ерекшеліктері
Жылқы Көкірек омыртқалары жоталық
өсінділерінің ұштары жуандау, ал каудальды
жиектері доғалдау болып келеді. Диафрагмалық
омыртқа - 15
Сиыр, қой, ешкі Жоталық өсінділері жалпақ,
олардың каудальды жиектері өткір қырлы болып
келеді. Диафрагмалық омыртқа - 13
Шошқа Көкірек омыртқалары денелерінде
вентральды қыр болмайды. Жоталық өсінділері
жалпақ. Диафрагмалық омыртқа - 11


Мойын, бел, құйымшақ және құйрық
омыртқаларының анатомиялық құрылысы
және ерекшеліктері
Бірінші мойын омыртқа (атлант) – ауыз омыртқа – сақина тәрізді
болып келген, дорсальді және вентральді төмпектері бар екі доғасы
болады. Денесі жетілмеген. Екінші мойын қаңқасының шүйде
сүйегімен жалғасатын буын шұңқыры болады. Көлденең –
қабырғалы өсіндісі жалпақ жіңішке болып келген. Оны атлант
қанаты деп атайды. Қанатында қанат тесігі бар. Жылқыда атлант
қанаты төмен қарай өскен , онда қосымша көлденең төмпешігі
жақсы дамыған


Axis
Екіншы мойын омыртқасы – білік(эпистрофей).
Оның денесі мен доғасы және кең омыртқа тесігі
болады. Басының орнында тіс тәрізді өсіндісі бар.
Оның екі жағында буын беткейі болады. Омыртқа
шұңқыры терең, жоталық өсіндісі тік бұрышты
болып келген


Бел омыртқалары ерекшеліктері
Жылқы-Омыртқалары қысқа қомақты, ені мен
ұзындығы шамамен бірдей, омыртқа денесінің
пішіні цилиндр тәрізді
Ірі қара мал-Омыртқа денелері айтарлықтай
созылып келген, тек краниальды буын өсінділері
сақталған, көлденең қабырғалық өсінділерінің
пішіні жалпақ табақшаға ұқсас
Шошқа-Алғашқы бес-алты омыртқалардың
денелері қысыңқы дорсо-вентральды бағытта,
қалған омыртқалардың денесінің пішіні цилиндр
тәрізді


Pars Sacralis
Оның пішіні үшбұрышты болып келеді. Құйымшақ
бөлігінің ерекшелігі – барлық құйымшақ омыртқалары
бірігіп, бір құйымшақ сүйегін – os sacrum – құрайды.
Сегізкөз сүйегі(құйымшақ) ірі қарада бірігіп кеткен 5
омыртқадан тұрады. Олар бірігіп құйымшақсүйегін
құрайды. Оның денесі құйрыққа қарай жіңішкере түседі.
Омыртқа аралық тесіктері бірігіп, құйымшақ өзегін түзеді.
Краниальді және каудальді омыртқа ойысының орнында
дорсальді және вентральді құйымшақ тесіктері түзілген.
Доғалары мен жоталық өсінділері бірігіп, құйымшақ
қырын қалыптастырған. Алдыңғы екі құйымшақ
омыртқалары құйымшақтың қанат сүйегін түзеді.
Олардың алдыңғы беткейі бұдырлы құлақ тәрізді болып
келіп жамбас сүйегімен жалғасады.
Шошқада құйымшақ бірігіп өскен төрт омыртқадан
тұрады. Жоталық өсінділері жетілмеген, қанаттары
сагитальді бағытта бағытталған.



Құйымшақ бөлігінің ерекшеліктері
Жылқы-Құйымшақ омыртқаларының жоталық
өсінділері бір-бірінен ажырап тұрады да, олардың
аралықтарында өсінділераралық кеңістіктер қалады.
Құйымшақ сүйегі денесінің вентральды беті тегіс келеді.
Сиыр,қой,eшкі-Құйымшақ сүйегінің денесі вентральды
жағына қарай иіліп тұрады, оның вентральды тесіктері
кендеу келеді. Жоталық өсінділері бірігіп, дорсальды
құйымшақ қырын түзеді.
Шошқа-Құйымшақ сүйегінің доғааралық кеңістіктері
кеңдеу келеді, жоталық өсінділері болмайды, құйымшақ
қанаты каудовентральды бағытта иіліп тұрады.
Ит-Құйымшақ сүйегінің жоталық өсінділері бірбірінен
алшақтау орналасады. Краниальды буын өсінділерінің
орнында буын ойыстары болады.


Бассүйек


Cranium
Бассүйек - бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ
сүйектерден құралған қаңқаның ең күрделі бөлігі.
Бассүйек жануарлар организмі бас аумағында
тіршілікке тым қажет және азық қорыту, тыныс
алу жүйелерінің бас аумағындағы мүшелерді
сыртынан қаптап, қорғаныс қызметін атқаратын
ми қорабы мен ауыз және мұрын қуыстарының
сүйектік негізін құрайды. Бассүйек екі бөлімнен:
ми сауыты және бет бөлімінен тұрады



Os occipitale
Ірі қара малдарда қабыршағы онша биік болмағанымен
жалпақ болып келеді, желке қыры жоқ. Мойындырық
өсіндісі қысқа және медиальды жаққа иілген.
Айдаршықтарында айдаршық өзектері көрінеді.
Шошқаларда қабыршағы жоғарыдан төменге созылған,
мойындырық өсінділері тік және ұзын, төменге
бағытталған. Иттерде мойындырық өсінділері тік және
қысқа, қабыршағы жақсы дамыған, бастың төбесіне
дейін жетеді және сыртқы сагиттальды қыр құрайды.


Оs zygomaticum
Бет сүйек — бет бөлімнің бүйір қабырғасын құрауға қатысады.
Бет сүйектің латеральды беті және көздік болады. Жылқыда
жақсы жетілген бет сүйектің сыртқы бетіндегі бет қыры
жоғарғы жақ сүйектің бет қырына жалғасып кетеді. Үлкен
шайнау бұлшық еті бекитін сүйек беті жалпақ. Сиыр мен ұсақ
малдардың бет сүйегінің артқы жағындағы өсіндісі екі
айырылып тұрады. Олардың жоғарғысы мандай өсіндісі,
маңдай сүйектің бет өсіндісімен жалғасып, көз
шарасыншектейді. Бет қыры жақсы жетілген. Шошқада бет
сүйектің сыртқы беті сойдақ тістік шұңкырды жасауға
қатысады. Маңдай өсіндісі нашар жетілген, ал самай өсіндісі,
керісінше, кұппі жетіліп, самай сүйектің бет өсіндісімен
қосылып кетеді. Итте бет сүйегі сырткд қарай майысып
шығып тұрады. Мандай өсіндісі нашар, самай өсіндісі жақсы
жетілген
.


Оs palatinum
Тандай сүйек — сынаша сүйек пен жоғарғы жақ сүйек
аралығында орналасады. Тандай сүйектің жоғарғы жиегі
көзжасы және маңдай сүйектерімен шектеседі.
Жылқыда жақсы жетілген вертикальды тақташада
таңдай қойнауы болады. Ол сынаша сүйек қойнауымен
бірігіп, сынашатаңдай қойнауын құрайды. Сиырда және
ұсақ малдарда таңдай сүйек жақсы жетілген. Сиырдың
горизонтальды тақташасындағы таңдай қойнауы
жоғарғы жақ сүйегі таңдай өсіндісі қойнауымен
қосылып, таңдай-жақ қойнауын түзеді. Сына-таңдай
шұңқырындағы сынатаңдай тесігі тандай және торлы
сүйектердің арасында орналасады. Шошқада
горизонтальды тақташа күштірек жетілген, бірақ,
вертикальды тақташада тандай қойнауы болады. Итте
горизонтальды тақташа жалпақ болып келеді.


Оs hyoideum
Тіласты сүйек — самай сүйегі дабылдық
бөлігі бізше өсіндісімен байланысып,
жақаралық кеңістікте орналасқан тақ сүйек.
Ол тілдің қаңқасын құрайды. Тіласты сүйек
тіласты сүйек денесінен, үлкен
мүйіздіктерден және кіші мүйіздіктерден,
бунақтардан құралған бұтақтардан тұрады.
Тақ сүйек денесінен алдыңғы бағытта тіл
өсіндісі шығады. Бұл өсінді шошқа мен итте
болмайды.


Os scapula
Жауырын - пішіні үшбұрышты жалпақ келген сүйек. Жылқы мен
шошқада акромион өсіндісі болмайды, бірақ жауырын қыры төмпегі
болады. Күйісті жануарларда акромион болады.


Os coxae
Жамбас - тұтаса байланысқан мықын, шат және
шонданай сүйектерінен құралған. Аталған үш сүйектің
түйіскен жерінде ұршық шұңқыры болады.


Алдыңғы және артқы еркін
қозғалатын аяқтардың
стилоподийін құрайтын сүйектердің
анатомиялық құрылысы


Os femoris
Ортан жілік - еркін қозғалатын бөлімнің проксимальды бөлігі
стилоподийдің қаңқасы. Жылқыда ортан жілік басында шұңқыр
болады. Сиырда айдаршықүсті бұдыр болады. Шошқада ортан жілік
диафизінің дистальды бөлігі төртқырлы. Итте ортан жілік жіңішке


Os humeri
Тоқпан жілік - іші қуыс ұзын жілік. Жылқыда латеральды
және медиальды төмпешіктер арасында аралық
төмпешік болады. Сиырда латеральды төмпешік сәл
биіктеу болып келеді. Итте тоқпан жілік жіңішке жіне сәл
иіліп тұрады
.


Ossa antebrachii
Білек сүйектерін әртүрлі деңгейде дамыған кәрі
жілік пен шынтақ сүйектері құрайды. Жылқыда
шынтақ сүйек денесінің проксимальды және
дистальды эпифизі жетілмеген. Сиыр мен
шошқада шынтақ сүйек толық жетілген. Итте
шынтақ сүйек тым жақсы жетілген.


Skeleton cruris
Сирақ сүйек - асықты жілік пен шыбық сүйектен тұрады. Сиырда
шыбық сүйек болмайды. Итте асықты жіліктің пішіні имектеу келеді.
Жылқыда шыбық сүйектің проксимальды бөлігі жалпақ және
бұдырлы. Шошқада шыбық сүйек жақсы жетілген


Алдыңғы және артқы еркін
қозғалатын аяқтардың
автоподиін құрайтын
сүйектердің анатомиялық
құрылысы


Skeleton manus
Алдыңғы аяқ басының қаңқасы - тізе, алдыңғы жіліншік
және бақай сүйектерінен құралған. Жылқыда жіліншік
сүйектер үш жіліншік сүйектен тұрады. Сиырда 2 мен 3
жіліншік сүйектер тұтаса байланысып кеткен. Шошқа?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет