Тексерген: Айтова Ж. Ж орындаған: Нұрбек Д. Н тобы



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі94,59 Kb.
#15541
  1   2   3   4
Байланысты:
Рим прозасы СӨЖ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ОҚУ КАФЕДРАСЫ


СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Рим прозасы
Тексерген: Айтова Ж.Ж

Орындаған: Нұрбек Д.Н

Тобы: КЯ-903С

Семей, 2020



Рим Прозасы

Жоспары:

  1. Рим әдебиеті

  2. Рим әдебиетінің даму кезеңдері

  3. Рим мифологиясы

  4. Рим прозасының өкілдері


Рим әдебиеті. Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі  – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды.

Римде құл иеленушілік қоғамның дамуы Грекия қоғамының дамуындай болды. Рулық құрылыстың күйреуі, құлиеленушіліктің өркендеуі, таптық қоғамның пайда болуы, құлдардың еңбегіне негізделген өндіріс, полистің (қала-мемлекет) дамуы мен күйзелісі  – осының бәрі Грекия мен Римге тән болған. Экономикалық және саяси дамудың ұқсастығы болғанымен, Рим тарихының көптеген ерекшелігі болды. Ол тарихи және географиялық жағдайларға байланысты болды. Рим құрып жатқан Грекияның орнына келді. Римде грек қоғамының өтіп кеткен өмірі қайталанады, бірақ ол күрделі және өзге түрде болады.

Рим әдебиеті өзінің сұрақтарына дайын жауаптарды грек әдебиетінен тауып тұрды. Грек тарихының әр кезеңдерінде пайда болған дүниетану мен идеология рим қоғамының дамуына пайдаға асты. Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты.

Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездерде грек драматургтары  Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған, ал еуропалық эпостан Гомердің поэмалары емес, Вергилийдің «Энеидасы» көбірек танылған. XVIII ғ. ғана грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал ХІХ  ғ. рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу әдебиеті деп қараған.

Екі әдебиеттің көп ұқсастығы болса да, жас рим әдебиеті ерте дамыған грек әдебиетінен тәуелді болса да, рим әдебиеті грек әдебиетінің жәй көшірмесі емес. Оның да көп өзгешелігі бар. Рим әдебиеті грек әдебиетінің жанрларын пайдаланып, оларды өзгертіп, жаңа түрде дамытты. Мысалы, грек трагедиясында хордың қатысуы міндетті болды, ал рим әдебиетінде оның қажеттілігі болған жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет