«Ақырғы матч», «Беймаза бақыт», «Шам шаһарында», «Самардың сарша тамызы», «Дос құшағы» поэмалары, «Құрақ көрпе», «Хатшепсут», «Батыр туралы баллада», «Журналист» балладалары, балаларға арналған «Таба нан», «Жампоз», «Кәмпит туралы баллада», «Соқыр қыран» сияқты дастан, балладалары жарық көрген. Гомердің «Илиада» поэмасын, Еврипидтің «Медея», «Троя арулары», «Елена» трагедияларын, Әл-Мааридің, Ш.Руставелидің, Физулидің, Низамидің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің, Есениннің, Хикметтің, Блоктың, Тувимнің, Мұса Жәлелдің, Светловтың, Лукониннің, Ғафур Ғүламның, С.Наровчатовтың, Р.Рождественскийдің, Р.Казакованың шығармаларын ана тілімізге аударған. А.Дюманың «Граф Монте-Кристо» романын (Ә.Жүмабаевпен бірге), моңғол жазушысы Л.Тудэвтің «Тау тасқыны» романын, француз ақыны Беранженің шығармаларын, қырғыз эпосы «Манасты» қазақ тіліне тәржімалаған. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер бар. Балаларға арналған көптеген ән мәтіндерінің авторы. Мәскеуде «Степная дорога», «Целомудрие» («Советский писатель»), Алматыда«Раздолье», «Подарок малышам» атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. Шығармалары ТМД өздерінің тілдерінде, сондай-ақ ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тіздеріне аударылған. Тұңғыш. Өлеңдер. «Жазушы», 1964; - Тұңғыш. Өлеңдер. «Жазушы», 1964;
- Жанар. Өлеңдер. 1966;
- Перзент үні. Өлеңдер. «Жазушы», 1967;
- Жеңісбай. «Жазушы», 1968;
- Айнамкөз. Өлеңдер. «Жазушы», 1969;
- Сақара. Өлеңдер. «Жазушы», 1970;
- Шапағат. Өлеңдер. «Жазушы», 1974;
- Сәске. Таңдамалы. «Жазушы», 1986;
- Ататау. Өлеңдер. «Жалын», 1997;
- Парасат. Өлеңдер, поэмалар. «Жазушы», 1978;
- Қүбажон. Өлеңдер, поэмалар. «Жазушы», 1980;
- Ақмарал. Өлеңдер, балладалар. «Жалын»,' 1981;
- Кім көріпті мұндайды?! Өлеңдер. «Жалын», 1985;
- Құланиек. Өлеңдер, поэмалар. «Жазушы», 1989;
- Төлбасы. Өлеңдер. Поэмалар. «Жалын», 1992;
- Жүрегімнің бөлшегі... Балаларға арналған өлеңдер. Астана. 2004.
Достарыңызбен бөлісу: |