Тексерген: Жумагулова А. М



Дата08.10.2024
өлшемі6,36 Mb.
#147189
Байланысты:
Әбеуова Т.Р


Орындаған:Әбеуова Т.Р
Тексерген:Жумагулова А.М
Абайтану ғылымының алғашқы ізашарлары
1)Абайтану туралы түсінік
2)Абайтанушы ғалымдар
3)Алаш зиялылары
4)Абайтанушы ғалымдар мен олардың еңбектері
5)Қорытынды
Жоспар:
Абайтанушы деген кімдер?
Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымыныңсаласы.
Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды.
Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев (1868, Семей облысы, Абай ауданы – 1915, сонда) – Абаймұрасын тұңғыш бастырушы, Абайдың інісі Ысқақтың баласы. 8 жасынан бастап ауыл молдасынан 4 жылдай оқып, түрікше, арабша хат таныған.
Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев
Еңбектері
Мүрсейіт Бікеұлына ақы беріп, бұрыннан жинап жүрген Абай шығармаларын көшіртіп жазғызады. Абайдың баласы Тұрағұлмен бірге ақын мұрасын жинастырып, баспаға әзірлейді.
1905 жылы Әлиханның кеңесімен Абай шығармаларын баспаға әзірлеуге кіріскен Кәкітай сол жылы жазда Семейге, одан Омбыға барып бастыра алмаған соң, кейін Қазан қ-на келеді. Осы қалада Санкт-Петербург баспаханасының өкілімен келісімшарт жасасып, болашақ кітаптың корректорлығын өз мойнына алып, ақысын алдын-ала төлейді
Әлихан Бөкейхановпен Абайдың тұңғыш өмірбаянын жазып, онда ақын өміріне қатысты барлық деректерді К. бергенін атап өткен
1909 жылы Абайдың тұңғыш жинағы – “Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбайұғылының өлеңі” (бастырған: Кәкітай, Турағұл Құнанбайұғыландары”) деген тақырыппен Санкт-Петербургте жарық көріп, барлық данасы Семейге Кәкітай атына жіберіледі де, сол жерден бүкіл қазақ даласына тарайды.
Мұхамедғарып Тәңірбергенұлы Әріп (1856, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік темір жол бекеті, Жыланды мекені — 21.6.1924, сонда) — ақын. Абайдыңталантты шәкірттерінің бірі.
11-12 жасында ауыл медресесінде, бастауыш орыс мектебінде оқыған. 1877 жылы Семейдегі уездік училищеге оқуға түсіп, оны 1881 жылы үздік бітірген. Семейде оқыған кезінде Абаймен танысып, оны өзіне ұстаз тұтқан. 1882 — 84 жылдары Сергиополь уезінде тілмаш болып істеді. 1884 — 87 жылдары Шәуешек қаласында Ресейдің Қытайдағы елшілігінде тілмаш болып қызмет атқарды, одан кейін Қапалда, Бішкек және Алматы қалаларында почта саласында істеп, 1890 ж. өзі туып өскен Қандығатай, Еңірекей болыстарында тілмаш болды. Әріп татар, орыс тілдерін жетік білумен бірге араб, парсы, түрік, қытай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс және орыс классикалық әдебиетін оқып, нәр алған.
Әріп Тәңірбергенұлы
Алаш зиялылары
Ахмет Байтұрсынов
Ақын өлеңдерімен ол ең алғаш 1903 жылы танысқан. Сондағы
әсері: «оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес, олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың.Сөзі аз, мағынасы көп, керең».
Әлихан Бөкейханов
Семейде шығатын «Семипалатинский листок» газетінде жарияланған азанама. 1907 жылы мақала Орыс Географиялық қоғамының жазбаларында қайта жарық көреді.
Ілияс Жансүгіров
I. Жансүгіров 1923 жылы «Тілші» газетінде Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде «Абай кітабы» атты мақала жазып,бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек
екендігін көрсетті.
Міржақып Дулатов
Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына байланысты «Абай» мақаласын жазған.М.Дулатов мақаласын «Бүгін атақты қазақ ақыны марқұм Абай Құнанбаевтың апатына 10 жыл толды» деп, жазылу себебін айта отырып бастайды. Мақала ерекше тебреніс, зор шабытпен жазылған.
Абайұлы Тұрағұл 1875 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, қоғам кайраткері, Абайдың кіші баласы. Жас кезінде мұсылманша, орысша сауат ашқан. Әкесі мен ағалары Оспан, Әбдірахман, Мағауия қайтыс болғаннан кейін Құнанбай әулетінің басты адамы ретінде жергілікті билікке араласқан. Ол Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов сынды Алаш қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынаста болған. 1909 жылы немере ағасы Кәкітаймен бірге Петербургте алғаш рет әкесі Абайдың шығармалар жинағын кітап етіп шығарды. 1922 жылдан шығармашылық жолға бет бұрған Тұрағұлдың әдеби мұраларының ішіндегі ең кұнды еңбегі – «Әкем Абай туралы» деп аталатын естелігі. Қазақ әдебиетіндегі естелік жанрының бастауында тұрған бұл еңбегін ол М.Әуезовтің өтініші бойынша жазған. Абайдың мінез-құлық ерекшеліктерін, өлең жазардағы көңіл-күйін қызықты суреттеген Тұрағұл ұлы ақын шығармаларына талдау жасайды, оның шығармаларының негізін көркем аудармалар құрайды.
ТҰРАҒҰЛ АБАЙҰЛЫ
Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов Семей облысы, қазіргі Абай ауданында дүниеге келген. Әрхамның әкесі Кәкітай (шын аты Ғабдұлхәкім), Абайдың туған інісі, Ысқақтың баласы. Кәкітайдың бәйбішесі Салихадан туған тұңғышы Әрхам қазақ салты бойынша атасы Ысқақтың бауырында өсіп тәрбиеленген.
Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов
(1885-1962)
ЕҢБЕКТЕРІ
Абайдың өлең-сөздерін әкесімен бірге жинасып, Кәкітай 1907 жылы Абай шығармаларын Семейге бастыруға барғанда, қасына ерді. Семейден баспахана таба алмаған әкесін Омбыға параходқа мінгізіп еліне қайтады.
1915 жылы әкесі қайтыс болғанда Әрхам 30 жаста болған. Атасы Абайдың өнеге сөздерін, бастан кешкен оқиғаларын, баспа көрмеген кейбір өлеңдерін, жеке бұйым-заттарын жинауға кіріседі.
1920 жылдан 1923 жылға дейін ол азық-түлік комитетінде, 1923 жылдан 1930 жылдарға дейін су шаруашылығы бірлестігінің төрағасы болып, онан соң совхозда участок бастығы болып жұмыс істейді.
1924 жылы М.Әуезов пен інісі Даниялдың көмегімен Шыңғыс тауының күнбатыс жағасындағы құйқалы қоныс – Бақанас, Байқошқар, Қазбала, Жаныбек деп аталатын арналы өзендердің түйіскен жері – Аралтоғайдан 60 үйлі кедейдің басын қосып, артель құрған. Бақанас басынан қала үлгісімен үй, аурухана, монша, су диірмені, май заводын салдырады. 60 үй жатақтың балалары үшін мектеп салдырып, қаладан оқытушы мұғалімдер алғызып, Абай елінде тұңғыш мектеп ашты. Өзі де қоныстандыру жұмысымен қатар, бала оқытты.
Қорытынды
Қорыта келе Абайды осылайша толық танып білдік пе?- деген сұрақ туындайды. Ғалымның ешуақытта хаты өлмейді. Абайды өткен және осы заманғы ұрпақ осылайша ғылым төріне шығарып, өз ойларымен бөліссе, келесі ұрпақ оданда биік ғылым шыңына шығатын болады. Абайдың әр сөзі мен өлеңін алып саралайтын болсақ, әр қайсысы ұзын хикаяға толы
Досжан Д. Абайдың рухы. (Ғұмырнамалық ой толғау). – Астана: Фолиант, 2008. – 432 б.
Құнанбаев Т. Әкем Абай туралы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 56 б.
Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері: Бірінші кітап. – Алматы: Дәуір, 1993. – 224 б.
Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. – Алматы: Атамұра, 1995. – 208 б.
Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы Т. 3. – Алматы: Алаш, 2005. – 328 б.
Алдажаров Н. Әйгерім балалары // Абай. – 2016. – №2. – Б. 43-48
Әс-сем. Тұрағұл Абайұлын айыптау құжаттары // Абай. – 2007. – №1. – Б. 86-87
Пайдаланылған әдебиеттер
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет