Жас кезеңдеріне бөлу ерекшеліктері
Дайындағандар:Әсетқызы София
Тексерген:Куребаева Г.А
Жас ерекшіліктеріне байланысты кезеңге бөлу
адамның жасына сәйкес даму заңдылықтарына байланысты өмірін кезеңдерге бөлу.Адамның жас кезеңдерінің мазмұны белгілі физикалық, психофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік өлшемдермен белгіленеді.
-
Бұлар арнайы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Мәселен, жас мөлшерінің деңгейі, басында әрекет, ойын, оқу, еңбек т.б. түріне байланысты келесі теориялар бар.Олар атақты психолог, профессор атанған ғалымдар Д.Б.Эльконин;Л.С.Выготский;Э.Эриксон;Б.Г.Ананьев зерттеп, бөлгені бойынша қалыптасқан.
1)Б.Г.Ананьев жас кезеңдерін жалпылама алған.Мысалы ғалым 35-60 жас аралығын кемелденудің екінші этапында ғана кіріктірген.
2)Э.Эриксон тұлғаның даму сатыларын мейлінше көп және нақты жасаған.
3)Л.С.Выготский жас кезеңдерін бөлуде дағдарыс,өзгеріс психологиясын көп ескере отырған.
4)Д.Б. Эльконин кезеңдерге тән жетістігі мен жетекші әрекетін ескере отырып,сипаттаған.
1)Жас кезеңіне тән нақты белгілері сипатталған.
2)Адам психологиясының дағдарысы мен өзгерістері ескеріліп,жазылған.
Даниил Борисович Эльконин адам өмірін
мынадай кезеңдерге бөлінеді:
Балалық шақ 0-18 жас аралығы.
нәрестелік немесе бал бөбектік жас – 1 жасқа дейін;
бөбектік жас - 1 жастан 3 жасқа дейін;
мектеп жасына дейінгі кезең - 3 жастан 6 (7) жасқа дейін;
төменгі сынып жасындағы балалар – 7 жастан 10-11 жас аралығы;
жасөспірім – 12-15 жас;
балаң жас 17-18 жасқа дейін.
Жастық кезең - 18-23 жас арасы. Оның өзі беске бөлінеді:
алғашқы жастық (18-20);
ортаңғы жастық(20-23);
Кемелдену жасы(25-60);
Егде жас(60-70);
Қарттық, кәрілік жас (70-тен әрмен қарай).
Психикалық даму процесіне әсер ететін факторларды анықтау
Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды.
Адам психикасының дамуының негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теория тұрғысынан алғанда қате болып табылады.
Физиологиялық, қарапайым, тұқым қуалай берілетін функциялар психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайы есептеледі.
THANK YOU