Тексерген: оқытушы Гусманова С. Б



бет2/2
Дата05.03.2023
өлшемі50,79 Kb.
#71733
1   2
Байланысты:
С Жания 2зж ОИТ

Жұмыстың мақсаты: Электрлік кедергіні өлшеудің көпірлік әдісін оқу және өлшеу қателігін бағалау. Сандық аспаптардың көмегімен қатынастық емес әдіспен бағалау.
Жұмысты орындау реті

Көпірлік әдіспен өлшеу (Р3009 көпірі)


Өлшеу сұлбасы стендте көрсетілген. Көпір «220 желі» тумблерін қоректендіру көзіне қосқан кезде жұмыс істейді. Оқытушының берген мәндері бойынша дара көпір (МО-2) режімінде кедергіні өлшейміз.
2.1 суретінде тұрақты токты көпірлердің сұлбалары көрсетілген.

Өлшеу көпірлерінің сұлбалары


Rx қосқаннан кейін көпірдің параметрлерін өлшеу шамасына сәйкес келтіру қажет. Ол үшін стендте көрсетілген кесте бойынша М1 және М2 аралығының иығындағы кедергіні салыстыру иығындағы кедергіге келтіру R қажет. Көпірді ретке келтіру БТА кнопкасымен (олар гальванометрмен және көпірмен жалғанған) орындалады. Декадалық кедергіні R реттеу арқылы гальванометрдің нолдік көрсеткішін нақты қалыптастыруға болады. «Дәлдік» және «Ауытқу» кнопкалары гальванометрдің сезгіштігін білдіреді, «Тыныштандыру» кнопкасы сұлбаны ажырату кезінде гальванометрдің тілін тез тоқтату үшін қолданылады. Алдымен үлкен блоктан шығару кезінде «Ауытқу» кнопкасын қолдану қажет. Көпірді ретке келтіру (балансировка) жоғарғы екілік декададан бастап кедергіні R жайлап реттеу арқылы жүзеге асыру қажет. Гальванометрдің көрсеткіші нолді көрсеткеннен кейін, БТА-ның «Дәлдік» кнопкасын басып тұрып көпірді дәлдеп теңестіруге көшу қажет.

Теңестіру нәтижесі (өлшеу нәтижесі) кедергінің R келтірілген декадасының көрсеткіші бойынша анықталады. Онда іздеп отырған кедергіміз мына формула бойынша анықталады:


мұндағы R – кедергінің декадтық магазині.


Кедергінің алдын-ала мәнін енгізу үшін М1, М2 және R мәндерінен тұратын кесте қолданылады. Бұл кесте өлшенетін кедергіні алдын-ала құруға көмектеседі.


Өлшеу нәтижесін 2.1 кестесіне енгіземіз.


∆Rx қателігі номиналды мәннен ауытқуы бойынша анықталады және оның мәні бойынша берілген нүктеде кедергі магазинінің дәлдік класына сәйкестілігіне қорытынды жасау қажет.


Қос көпір сұлбасы бойынша магазин кедергісімен Р33 алынған төменгі кедергі Rx = 5…10 Ом өлшенеді.


Жұмыстың қайта қосуын МД-2 жағдайына қойып, сұлбаны жинаймыз. Үлгілі кедергі R0 төртқысқышты сұлба бойынша орындалған. Rx және R0 қосатын өткізгіштік өлшеу қателігін азайту үшін үлкен қимадан тұру қажет. Сұлбаны қоректендіру +5В клемм арқылы орындалады.


Өлшеу нәтижесін мына формуламен табамыз:


мұндағы R0 – үлгілі кедергі;


R – декадтық кедергі магазині.
Өлшеу нәтижесі 2.1 кестеге енгізіледі.

Жүйе мәндері:











































































Қорытынды
№2 зертханалық жұмыста біз электрлік кедергіні өлшеудің көпірлік әдісін пайдаланып және өлшеу қателігін бағаладық. Пайдаланған формулалар арқылы аспаптардың көрсеткіштері және берілген есептеулерін кестеге толтыра отырып,. есептеуді талдағанда қолданылған өлшеу әдістерінің нақтылығына және өлшенген кедергінің шамасына байланысты берілген әдісті қолдануың тиімділігіне мәлімдеме жасадық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет