Тексерген: Парманбекова Меруерт



Дата24.11.2022
өлшемі4,46 Mb.
#52172
Байланысты:
сөж Физиология


ИММУНИТЕТ. ҚАННЫҢ ИММУНДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.
Сөж 1.
Тексерген: Парманбекова Меруерт
Орындаған: Тынышбай Арайлым
ИММУНИТЕТ (ЛАТ. ИММУНИТАС — БОСАТУ, БОС БОЛУ) АДАМНЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРҒА КАРСЫ ТҰРУ ҚАБІЛЕТІ. БУЛ - АДАМ ОРГАНИЗМІНІҢ ӨТЕ КҮРДЕЛІ, КӨПТЕГЕН МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫК КАСИЕТТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛПЫ.
ИММУНИТЕТ ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ БОЛЫП БӨЛІНЕДІ. ТАБИҒИ ИММУНИТЕТ АДАМ АУЫРҒАНДА ПАЙДА БОЛАДЫ ДА, СОЛ АУРУМЕН ЕКІНШІ РЕТ АУЫРМАЙДЫ. ТАБИҒИ ИММУНИТЕТТІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ ӘРТҮРЛІ. КЕЙ АУРУЛАРҒА (МЫСАЛЫ, ШЕШЕК) ИММУНИТЕТ ӨМІР БОЙЫ САҚТАЛАДЫ, АЛ КЕЙБІРЕУІНІҢ ИММУНИТЕТІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІК БОЛАДЫ (МЫСАЛЫ, ГРИПП). ЖАСАНДЫ ИММУНИТЕТ АУЫРҒАН АДАМНЫҢ НЕМЕСЕ ЖАНУАРДЫҢ ҚАНЫНАН АЛЫНҒАН ДАЙЫН АНТИДЕНЕЛЕРДІ НЕМЕСЕ ӘЛСІЗДЕНДІРІЛГЕН АНТИГЕНДЕРДІ ЕГУ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛЫНАДЫ. ОСЫЛАЙ КЕЙБІР АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ.
ИММУНИТЕТТІҢ ТУА ЖӘНЕ ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН ТҮРЛЕРІ ДЕ БАР. МЫСАЛЫ, КЕЙБІР ЖАНУАРЛАРДЫҢ АУРУЛАРЫ АДАМҒА ЖҰҚПАЙДЫ, СЕБЕБІ АДАМ ОРГАНИЗМІНДЕ ТҰҚЫМ ҚУАЛАҒАН СОЛ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ ТҰРУ ҚАБІЛЕТІ БОЛАДЫ. ИТТІҢ НЕМЕСЕ ШОШҚАНЫҢ ОБАСЫ АДАМҒА ЖҰҚПАЙДЫ. БҰЛ - ТУА БОЛАТЫН ИММУНИТЕТ. АЛ ЖҮРЕ БОЛАТЫН ИММУНИТЕТКЕ АДАМ АУЫРҒАННАН КЕЙІН НЕМЕСЕ ТҮРЛІ ЕКПЕДЕН КЕЙІН ПАЙДА БОЛҒАН ЖАСАНДЫ ҚАБІЛЕТ ЖАТАДЫ.
Иммунитетті жалпы және жергілікті депте бөледі. Бүкіл организмнің ауруға карсы тұру қабілеті жалпы иммунитетке, ал жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің қабілеті жергілікті иммунитетке жатады.
Иммунитет екі тетікке байланысты: денедегі кейбір клеткалардың фагоцитарлық қабілеті мен антиденелердің өндірілуі. Дегенмен, иммунитет өте күрделі, бүкіл организм жүйелері қатысатын және бір-бірімен байланысты болатын қабілет.
Қанның иммундық немесе қорғаныштық қасиеті оның қанды тромб түзу арқылы ұйыту(гемостаз) және сұйылту (фибринолиз) жатады.Бұл қасиеттер лейкоциттің түрлерінің қызметімен байланысты.
Фагоцитоз – бейарнамалы иммунитеттің бір түрі.
Фагоцитоз барлық лейкоциттерге тән қасиет. Бірақ
олардың ішінде бір жұтқанда 30-40 денені бір жұтатын – микроциттер мен (нейтрофил) макроциттер - моноциттер және лимфоциттер бар.
Иммунды жүйе ағзаның ішкі орталығындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын және рециркуляция жолымен байланысатын арнайы лимфоидты мүшелер мен тіндердің өзара жиынтығы.
Иммунды жүйе - қозғалмалы және үздіксіз жаңғырып отыратын жүйе. Сонымен қатар, оның құрамының тұрақтылығы ағзаның жеке құрылымының сақталуына зор ықпал етеді.
Арнайы емес иммунитет қорғаныс үрдісінің алғашқы және соңғы кезеңіне қатысады. Жүре пайда болған иммунитет жүйесі аралық қызмет, яғни арнайы тану мен ауру тудыратын антигендерді есте сақтап, туа пайда болған иммунитеті үрдісінің соңғы сатысында іске қосылады. Туа пайда болған иммунитет жүйесі қабыну және фагоцитоз негізінде әсер етеді.
Арнайы емес иммунитет факторлары: лизоцим, пропедрин, интерферон, бактериолизин, фагацитоз- макрофагтар мен лейкоциттер бөгде заттарды қармап жұтуы және т.б. Бұл жүйе тек корпускулярлы агенттер жасушалар мен тіндерді бұзатын уытты заттарға жауап қайтарады.
Арнайы иммунитет (жүре пайда болған иммунитет)- лимфоциттердің арнайы қызметіне негізделген. Қанның бұл жасушалары бөгде малекулаларды танып, оларға тікелей немесе қозғыштық белокты молекулалар өндіріп жауап қайтарады.
project 02
Арнайы иммунитет– организмнің агрессиядан қорғанысының жетілген тетігі. Денедегі бөгде молекулаларды- антигендер деп атайды. Ол белоктар мен оның туындылары- гликопротеидтер, липопротеидтер, сонымен қатар көмірсулар мен липополисахаридтер болуы мүмкін.
Денеге түскен антигенге қарсы организмде лимфоциттер мен лимфа жасушалары антидене немесе иммуноглобулиндер (Ig) түзейді.
Нейтрофилдер организмді микробтар мен улы заттардың залалды әсерлерінен қорғайды. Оларды қоршап жұтады және ферменттер арқылы ыдыратып жояды.
Моноциттер денедегі өлі жасушаларды жұтып, жаңасына орын дайындайды. Сондықтан олар күзетші, тазартқыш, “сыпырғыш” деп те аталады. Олардың әрекеті әсіресе өте қышқылды қабыну нүктесінде де күшті болады. Моноциттің бетінде қармаушы дене, комплементтерге арналған қабылдағыштар бар.
Лимфоциттер арнамалы иммунитетті қалыптастырып, бүкіл денедегі иммунитет жайын қадағалайды. Олар залалды заттарды, жасушаларды жоятын арнайы жасушалар және плазмалық антиденелер бөліп шығарады.
Т- лимфоциттер сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі де тимус безінде одан әрі дамиды. Олар киллер, хелпер, супрессор деп аталатын үш түрлі тінге бөлінеді.
В- лимфоциттер жілік майында түзіліп, ішек пен бүйеннің лимфоидтық тіндерінде, бадамша бездерінде одан әрі дамиды. В- лимфоциттер мен Т- лимфоциттер өзара әрекеттескен соң иммунды глобулиндер шығарады (гуморалдық иммунитет).
О- жасуша Т немесе В маркері жоқ лимфоциттер басқа жасушаларды ерітіп ыдырататын ауытқыған жасуша.
project 02
Қорыты келгенде, лимфоциттер мен моноциттер организмнің арнамалы иммунитетін қалыптастыратын болса, лейкоциттердің бәрі де фагоцит ретінде бөгде заттарды жұтады, жояды, залалсыздандырады.
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет