Астана Халықаралық университеті
БӨЖ
Тексерген: Сагалиева Ж.К.
Орындаған: Қуанышбаев Б.І.
Нұр-Сұлтан. 2022 ж.
Педагогикалық технологияның ерекше белгілерін анықтап, педагогикалық технологияның әрбір қасиетіне сипаттама беру
1. Педагогикалық технологияның ерекше белгілерін зерделеу
2. Педагогикалық технологияның әрбір қасиетіне сипаттама беру
Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми–технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына “жаңа компьютерлік технологияларды” енгізумен бірге келген “технология” деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60 – шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім “шығуында” белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу прцесі деп атайды.
Педагогикалық іс – әрекет саласына “технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И. Пидкасистый және т.б.) қолдайды. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс – әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Педагогикалық технологиялардың белгілері:
Тұжырымдамалық
Жүйелілік және бірізді
Басқарушылық
Нәтижелік
Өндірушілік
Кері байланыста болуы
Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер). Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
Тұтынушының қолдану сапасында;
Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек.
Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
Ақпарат іздеу жүйесі;
Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
Педагогикалық технологияның негізгі белгілері:
педагогикалық идеяға бейімделуі
(құндылық-маңызды, жеке тұлғалық, технологиялық, жаңаша іс-әрекет жасау);
технологиялық әрекеттердің бірізді жүргізілуі (стандартталған, кезендік, деңгейлік, мемлекеттік талапқа сай);
оқу-тәрбие үрдісінің субъектілері өзара байланыс іс-әрекет жасауы (саралап-сараптап, жеке даралап қызмет жүргізуі);
авторлық стильдің болуы;
диагностикалық жүйеге сүйену, өлшемдерді пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |