Тексерген: Саримбаева Б. Б



Дата14.10.2023
өлшемі347,75 Kb.
#114944
түріБағдарламасы
Байланысты:
БАҒАЛАУ СРСП1


Қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік университеті
СРСП
Тақырып:білім жетістіктерін халықаралық бағалау
Орындаған:Құралбайқызы А.
Тексерген:Саримбаева Б.Б.
ЖОСПАР:
  • Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы ағылшынша PISA
  • Қойылатын және көзделетін талаптар
  • Анықталатын деңгейлер
  • Маңызы

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2000 жылдардан бері үш жылда бір ұйымдастыратын әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалаудың халықаралық бағдарламасы.PISA бағдарламасының мақсаты білім берудің әдіснамасы мен нәтижесіне пайдалы әсер ету болатын. Аталған бағдарлама қазіргі әлемде оқушылар қабілетін тексеру мен бағалаудың ең ықпалды жобасы болып отыр.
PISA-2012 "Математика" нәтижесі бойынша жер шары картасы.
PISA жобасының оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау басыңқылығы үш бағыт бойынша жүреді. Олар оқу біліктілігі, математика және жаратылыстану ғылымдарындағы біліктілік.PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселе қоя білу және шеше білу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін пайдалану секілді қабілеттер бағаланады. Осылайша, халықаралық емтиханға қатысушылардың оқу біліктілігі әрекеттің үш оқу-танымдық түрі бойынша анықталады. Олар жаңарту, қолдану және пайдалану.
Зерттеудің үш бағыты бойынша оқушылар сауаттылығын бағалау технологиясы - PISA жобасы қатысушылардың алған білімін қаншалықты экстраполяция жасап, оларды мектептен тыс қолдана алатынын, мәселелер туралы дербес ой жүгіртіп, өзіндің таңдау жасай алуын анықтауға мүмкіндік туғызады. Осы тұрғы заманауи экономикалық тұрмыста академиялық білімді жоғары кәсіби деңгейде қолданатын қоғамды қолдайтыны туралы айғақты көрсетеді.
Функционалды сауаттылықты бағалау технологиясы әлемдегі 60-тан астам елдің 15 жастағы оқушыларын алты деңгейде анықтайды. Ең жоғарғы көрсеткіш 5- және 6- деңгей. Ол бойынша оқушы өз бетінше ойлау, талдау және өз болжамын ұсыну қабілеті. Сосын, 4- және 3- деңгей: жаңа ақпарат алу үшін бар білімі мен қабілетін қолдану мүмкіндігі. Сосын, 2- деңгей: қарапайым оқудан тыс жағдайда бар білімі мен дағдыларын қолдану мүмкіндігі. Сосын 1- деңгей: таяз білімнің төмендігі деңгейі мен тапсырмаларды табысты орындаудың аздығы.
Зерттеудің барлық үш бағыты бойынша қабілеттілік жиынтығы мен білімді қолдану мүмкіндігіне қойылатын нақты талаптар анықталған. Демек, PISA жобасы оқушыны сыни бағалау мен сындарлы ойлау моделіне жетелейді.
Анықталатын деңгейлер
PISA-2012 халықаралық зерттеуінің мәліметтері 15 жастағы қатысушының функционалдық дайындық деңгейін салыстыруға мүмкіндік беріп қоймай, нақты факторлардың оқыту тиімділігіне тигізетін әсерін анықтауға да мүмкіндік береді. Зерттеу тест тапсырмаларын орындау табыстылығы қосымша фондық ақпаратпен бірге жүреді. Тек оқушыларға ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымының әкімшілігіне де сауалнама жүргізу PISA жобасына қатысушылардың жетістіктеріндегі өзгешелікті түсіндіруге мүмкіндік береді.
МАҢЫЗЫ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет